Өндірістік санитарияның маңызы мен міндеттері
1.1. Гигиена, физиология және еңбек психологиясының негіздері.
Гигиеналық еңбектер- бұл гигиеналық тазалық білімі, жұмыс процессі кезінде жұмысшылардың ағзасына тиер қауіпті және зиянды факторлардың әсері. Қауіпті өндірістік фактор- бұл техникалық қауіпсіздік ережесін сақтамай қауіпті затты қолдану кезінде жұмысшының жарақаттануы. Зиянды өндірістік фактор дегеніміз жұмыс процесі кезінде жұмысшының зиянды заттан алған әсерін айтамыз.
Қауіпті және зиянды өндірістік фактор төртке бөлінеді : физиологиялық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялық.
Физиологиялық кауіпті және зиянды фактордың әсері машина,механизм,жылжымалы құрама, қозғалмайтын элементтер мен құрылымдар, ауа райының жоғарлауы мен төмендеуінен т.б вибрация мен жарық сәулелердің адам ағзасына тигізер әсері.
Химиялық- бұл химиялық заттарды қолдану кезінде адам ағзасына ол заттың тигізер әсері. Химиялық заттар- жалпы токсикалық, аллергенді және концрогенді болып бөлінеді.олар ағзаға тікелей тыныс алу жолдары арқылы өтіп ішкі ағзаларын улайды, сыртқы терісіне қызыл бүртік алергия шығады және түрлі жаралар пайда болады.
Биологиялық – бұл екіге бөлінеді микроорганизмді және макроорганизмді. Микроорг-м- қарапайым бактерия, вирус, грибок) болса, ал макроорг-де- қарапайым өсімдіктермен жануарлардын келетін қауіптілік.
Психофизиологиялық- адам ағзасына түсетін нервті-психологиялық ауыртпашылықтар мен физикалық күштердің әсері. Психикалық-физиологиялық қауіпті және зиянды өн- дірістік факторлар. Оған жататындар: жүйкеге шамадан тыс күш түсіретін, ойлау мүшелерін зорықтыратын факторлар мен еңбектің бірқалыптылығы, қызбалық, еңбекшінің тез әсерле- нушілік қасиеті.
Осы аталған қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен еңбекші жарақат алуы немесе кәсіби науқасқа шал- дығуы мүмкін. Оған қоса ол мекемеге көптеген материалдық шығын келтіреді. Мысалы, осы себептерден, тек қана ауыл шаруашылығында жыл сайын 3,5 млн жұмыс күні жоғалады және емдеу парағына сәйкес 400 мың теңге қаржы төленеді. Оған қоса әр адамның емханада жатып емделуіне күніне 126- 128 теңге жұмсалса, жарақаттанған адамды емдеуге одан да көп қаржы шығындалады.
Демек, еңбек қорғауға, яғни қауіпсіздік техникасы мен өн- дірістік тазалықты сақтауға жүмсалатын шығын өзін-өзі ақтай алады. Сондықтан да біздің елімізде жыл сайын бұл мақсатта миллиондаған теңге қаржы жұмсалады. Тек қана оны тиімді етіп, жарақаттану мен науқасқа шалдығу көбірек кездесетін ауыр жұмыстарда пайдаланған жөн. Сондай-ақ, зиянды және қауіпті факторларды болдырмаудың шараларын алдын ала қа- растырып отыру қажет. Ол үшін сол факторлардың болу себеп- терін жүйелі түрде талдап, қорытып отыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |