Тәрбиенің әдістері дегеніміз



бет1/3
Дата11.11.2022
өлшемі21.38 Kb.
#464570
түріСабақ
  1   2   3
тәрбие әдістері


ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаңы табатын өнер», -деген екен. Сол себепті ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп, сабақты құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен, әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз шәкірттерін тұлға ретінде тану керек.
Тәрбиенің әдістері дегеніміз (грекше – methodos - жол) – тәрбиенің мақсатына жету жолдары, тәсілдері, құралдары және амалдары болып табылады.Тәрбие әдістері арқылы тәрбие үрдісінің әрбір элементінің шешілуге тиісті педагогикалық мәселелері жан-жақты қарастырыла отырып, оны шешудің тиімді әдіс-тәсілдері таңдап алынады. Тәрбие әдіс-тәсілдерін терең және шебер меңгерген, тәрбие теориясы мен педагогикалық үлгілі іс-тәжірибелерді ұтымды ұштастыра алатын, оқушының әлеуметтік-психологиялық ахуалынан толық мәліметі бар педагог қана тәрбие мұратына жете алады [4].
Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:
- Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.
- Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.
- Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер.
- Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.
Тәрбие әдістемесі- тәлім ғылымының саласы, тәрбие әдістері туралы білім. Егер әңгіме оқушылар тәрбиесінің барлық бағыттарына тән оқытудың жалпы әдістері туралы болады немесе әңгіме тек белгілі бір бағытта тәрбиелеу үшін қолданылатын әдістер туралы болса жеке болады.
Тәрбие әдісі - қоғамдык тәжірибе ретінде тәрбие мазмұнын беру, меңгеру және пайдалануды іс жүзінде қамтамасыз ететін тәлімгер мен оқушы әрекеттері, тәрбие әдісінің белгілері:
1) тәлімгер мен оқушының өзара байланыстылығы;
2) меңгерілетін тәжірибе мазмұнының жылдам, өнімді әрі үнемді игеру үшін өзгертілуі;
3) тәлімгер мен оқушылардың дамуын реттей отырып ынталандыруға бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет