Тері ішіне инъекция мақсаты, техникасы
Тері ішілік инъекция
Бұл ең «беткей» инъекция, ине аздаған тереңдікке кіргізіледі. Мысалы: Манту реакциясы, жергілікті ауырсыздандыру, аллергиялық сынақтар. Иненің ұзындығы 15 мм, кесілген жері - 0,4 мм. Инъекция жасайтын жер білектің алдыңғы жағы.
1) Инъекция жасайтын жерді спиртпен өндеңіз, бір- бағытта жағу керек;
2) Инъекция жасайтын жерді тартыңыз;
3) Тері кепкен кезде оған иненің кесілген жерін жоғары қаратып теріге параллельді дерлік ұстаған бетте ұшын 0,5 см тереңдікке кіргізіңіз;
4) Сол қолынызды поршеньге ауыстырып, поршеньге басыңқыраңыз да 1-2 тамшы енгзіңіз, сонда теріде лимон қабығы сияқты ақшыл дөңбешік пайда болады, біртіндеп инені жылжытып отырып, ерітіндіні бірнеше тамшыдан басып, тері астына барлық қажетті мөлшерді енгізеді;
5) Спиртке матырылған залалсызданған мақтамен инъекцияның орнын басып, инені шығарыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |