Иммунитет.Қанның иммундық қасиеті



бет1/4
Дата28.10.2022
өлшемі18.86 Kb.
#463542
  1   2   3   4
Молдақұл С физиология


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Аралық бақылау
Тақырып: “Иммунитет.Қанның иммундық қасиеті”
Орындаған:Молдақұл Сымбат 201топ
Қабылдаған:Наурызбаева Жадыра

Жоспары:

Қанның иммундық қасиеттері.Иммунитеттің анықтамасы


Иммунитеттің түрлері: клеткалық және гуморалдық
Фагоцитоз: механизмі және кезеңдері
Цитоксикалық эффекттің механизмі

Организмнің арнамалы емес қорғаныштық факторлары 



Имунитет 


Иммунитет дегеніміз — ағзаның антигендік қасиеті бар бөгде заттарды қабылдамауы, әртүрлі инфекциялық ауру қоздыратын бактериялар мен вирустарға, антигендік қасиеті бар бөгде заттардың әсерлерінің ықпалына ағзаның қарсы тұруы.Иммундық жүйенің ерекше қызметі — ағзадағы зиянды микробтар мен вирустарды алдымен оқшаулап, содан кейін жояды. Өкінішке орай, үнемі ағзаға осындай заттар түсе берсе, күресе–күресе иммундық жүйе әлсірейді.
Иммунитет тапшылығы ең алдымен тыныс алу мүшелерінің тұмау тәріздес ауруларымен, терінің микробтық, саңырауқұлақтық, вирустық аурулармен жиі ауыру, дер кезінде жазылмау, асқынулар кезінде байқалады.Ал балалар ересектерге қарағанда жиірек ауырады, оның себебі иммундық жүйе толық қалыптасып үлгермегендіктен.
Иммундық жүйе қалыпты жұмыс істеу үшін дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттер-ден аулақ болу керек. Айта кететін маңызды жағдай дұрыс тамақтануға қатысты. Ол дегеніміз тек қана дер кезінде тамақтанып тұру емес, сол тағамның құнарлылығы. Тағамдардың құнарлылығы табиғи түрлерінде ғана толықтау болады. Малдың сүті мен еті, соның ішінде шұбат, қымыз, айран, балықта, жемістер мен көкөністерде нәруыздар мен дәрумендердің және минералды заттардың қажетті көлемі бар. Осындай тағамдарды араластырып қолдану пайдалы. Ал үнемі біркелкі тамақтану кейбір дәрумендер мен минералды заттар жетіспеушілігіне байланысты, иммундық жүйе жұмысының тапшылығына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар дене шынықтыру, жұмыс пен демалыс ретін сақтау өте маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет