Терминалдық жағдайлар



бет1/3
Дата21.02.2024
өлшемі2.1 Mb.
#492748
түріБағдарламасы
  1   2   3
5лекция


Терминалдық жағдайлар
Сұрақтары:
1. Терминалдық жағдайлар, сатылары. Өлім түрлері.
2. Жүрек тоқтауының түрлері мен нұсқалары.
3. САВ тірілту бағдарламасы.
4. Тірілту шараларының тиімділігі көрсеткіштері.
1.Терминалды жағдайлар деп маңызды органдардың- жүрек, тыныс, алу органдары және т.б. орган жұмысының бұзылуын атайды. Бұл өмір мен өлім арасындағы аралық жағдай.
Өлімнің мынадай түрлері бар:

  • аяқ астынан болған өлім (внезапная смерть)- мысалы,миокард инфрактісінен өлу;

  • жедел өлім- ауру басталғаннан 2-3 тәулік бойы ауырып өлу.

  • созылмалы өлу процесі- мысалы, онкологиялық ауруларда кездеседі.

Өлімнің жіктелуі:

  • зорлықпен өлу;

  • зорлықсыз, яғни өз өлімімен өлу.

  • физиологиялық өлім- кеміс туған балалардың немесе өте кәрі адамдарың өлуі;

  • мезгілінен бұрын өлу- адамның ауруға байланысты өлуі.

Терминалдық жағдайға өлудің барлық сатыларын жатқызады. Бұлар:


1-саты -преагония- бұл сатыда ми гипоксиясы басталады, мидың электрлік активтілігі тежеледі. Санасы кіресілі-шығасылы, әуелі тахикардия, кейіннен брадикардия байқалады. А/Қ-50- 60 мм с.б.б. жақын. Пульсі ұйқы артериясында азар білінеді, шеткі артерияда білінбейді. Тынысы жиі, ырғақсыз.
2-саты - терминалдық пауза- тынысы мен жүрек соғысы бірнеше секундқа тоқтайды.
3-саты- агония-өмірінің соңғы минуты. Ми қабықшасы тежелген, ми қабықшасы органдардың функциясын бақылай алмайды. Санасы жойылған, А/Қ, пульсі білінбейді, көз рефлекстері жоғалған, тынысы үстірт, ырғақсыз, жүрек соғысы өте әлсіз.
4-саты - клиникалық өлім- өмір мен өмірдің арасындағы өтпелі кезең. Ұзақтығы ми қабықшасының гипоксия жағдайында, яғни, оттегісіз жағдайда өмір сүру уақытына тең. Гипоксия жағдайында ми қабықшасы 5-6 минут қана өмір сүре алады.
Егер науқастың А/Қ60мм.с.б.б.төмен болса, ми өле бастайды. Егер науқастың температурасы жоғары болса, клиникалық өлім ұзақтығы қысқарады, егер Т төмен болса -ұзарады. Егер седативті препарат, наркотикалық заттар қабылдаса, клиникалық өлімнің ұзақтығы ұзарады. Клиникалық өлімнің уақыты өтпей тұрып науқасты тірілтіп алуға болады. Егер 5-6 минут уақыт өтіп кетсе, мида қайтпайтын өзгерістер басталып, ми қабықшасы өледі, бұл биологиялық өлім басталғанын көрсетеді. Одан науқасты тірілтіп алуға болмайды.
2. Сонымен клиникалық өлім жүрегі тоқтауына және тынысы тоқтауына байланысты болады. Жүрек тоқтауының мынадай түрлері бар:

  • бірінші реттік жүрек тоқтауы- жүрек миокардының жиырылу қабілеті нашарлағанда мысалы, интоксикация кезінде, коронарлық тамыр тромбозы, спазмы, гиповолемия, жүрек тампонадасы себебінен болады.

  • Екінші реттік жүрек тоқтауы- тынысы тоқтауынан болады (экстракардиалдық себеп).

Жүрек тоқтауының нұсқалары :

      1. асистолия- жүректің толық тоқтауы- ЭКГ-да түзу сызық пайда болады.



      1. қарыншалар фибрилляциясы- қарыншаның әр бұлшық еті әр жаққа қарай жиырылады, нәтижесінде жүректің қанды айдайтын функциясы іске аспайды, қан айналмайды. ЭКГ-да түсініксіз иректер пайда болады.



      1. Пульссіз пароксизмалды қарынша тахикардиясы- ЭКГ-да

бірдей амлитудалы бірдей жиіліктегі кең тістер пайда болады.



Ол пульсті болуы мүмкін (ұйқы артериясында 140-150 пульс), қарыншалар жиірек жиырылған сайын, аортаға айдалатын қан аздау бола береді. Жүрек минутына 170-180 рет соқса, бұл жүрек тоқтауының бір нұсқасы болғаны, бұл «пульссіз» қарынша тахикардиясы деп аталады. «Пульсі бар» қарынша тахикардиясын медикаменттермен емдейді. «Пульссіз» қарынша тахикардиясын дефибрилляциямен емдейді.





      1. Электромеханикалық диссоциация- жүректің электрлік активтілігі сақталған, бірақ жүрек жиырылмайды «Пульссіз электр активтілігі»- ЭКГ-де нормаға жақын тістер бар, біраұ пульсі жоқ.


3.САВ тірілту бағдарламасы.
Клиникалық өлімнің белгілері.Санасы жоқ. 103 нөмірімен жедел жәдем шақыру. Тынысы жоқ-апноэ. Ұйқы артериясында пульс жоқ. Көз қарашықтары кеңейген. Тері жамылғысы бозарған немесе цианоз. Жарадан қан кетпейді (егер жарақаты бар науқас болса). Науқасқа клиникалық өлім диагнозы қойылған соң, реанимация шараларына,яғни жүрек-өкпе реанимациясына кірісеміз. Әуелі науқастың айналасында құтқарушы үшін қауіп бар-жоғын анықтап аламыз. Оны тегіс қатты жерге шалқасынан жатқызамыз, аяқтарын сәл жоғары көтеру үшін астына жұмыр зат қоямыз. Тірілту шарасын САВ бағдарламасы бойынша жүзеге асырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет