396
қаржы-несие терминдерінің қазақша-орысша сөздіктері жа-
рық көрмекші. Сондай-ақ бизнес терминдері бойынша Ма-
рат Қаймолдин деген менің бір ізденушім шұғылданып жүр.
– Жалпы, экономика тілін қалыптастырғанда біз орыс
тілін басымдық беруге тиіспіз бе?
– Жоғарыда атап өткеніміздей, қаржы-несие ұғымдары
ТМД елдерінің тілдеріне ағылшын тілінен тікелей аударыл-
ды, болмаса сол күйінде өзгертпей алынды.
Сондықтан да
қазақша қаржы тілін қалыптастыру барысындағы ғылыми
жəне практикалық ізденістерде түпнұсқа ретінде орыс-
ша аударма емес, ағылшын тіліндегі
негізгі ұғым алынуға
тиіс. Өйткені, ағылшын тілі – қазіргі заманғы ғылым-білім,
техника тілі. Бүгінгі ағылшын тілінде қай ұғым болмасын
оңайлатылып қолданылады. Мəселен,
«nonbank» дегенді
алайық. Орыс тілінде «небанковские финансовые учрежде-
ния» делінсе, қазақшаға «банктік емес қаржы мекемелері»
болып аударылып жүр. Шұбалаңқы екені рас. Бірақ, біздің
елімізде орыс тілі ресми тіл болып,
экономика осы тілде
сөйлегендіктен орысша-қазақша, қазақша-орысша сөздіктер
жасау əлі де күн тəртібінен түспесе керек.
Енді «ликвидность» (
«liquiditi») – «өтімділік» деген
ұғымды алайық. Өтімділік-қаржы агрегатының бір сипат-
тан басқа бір сипатқа ауысуын білдіретін термин болып
қалыптасып келеді. Мұның ағылшынша алғашқы мағынасы
«жою»
дегенді білдіргенімен, кейіннен пайда болған мəні
қазақша ұғымға жуықтайды.
Жалпы, тілші жəне экономист қауымды ойлантып жүр-
ген, көп қолданылатын терминнің бірі – «кредит». Алғаш
жарық көрген еңбектерде ол «несие» деп алынды. Кейіннен
көптеген мамандар «кредит» күйінде қалдыру керек деп
ұйғарды. Тілші ғалымдардың біразы осы пікірге ден
қоятындай. Дегенмен, бұл терминнің туыстас тілдердегі қол-
данылып жүрген баламаларын қарап өткен де жөн сияқты.