«Термодинамика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет1/2
Дата25.12.2022
өлшемі49.87 Kb.
#467873
  1   2
БЖБ Термодинамика 8 кл


«Термодинамика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Оқу мақсаттары

8.3.2.17 – термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру, сапалық және сандық есептер шығару.


8.3.2.18 – термодинамиканың екінші заңының мағынасын түсіндіру
8.3.2.22 – жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау, ішкі энергияның механикалық энергияға айналуын зерттеу
8.3.2.19 – жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициентін анықтау;



Бағалау критерийлері


Білім алушы

  • Термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсінеді.

  • Термодинамиканың бірінші заңын есеп шығарғанда қолданады

  • Термодинамиканың екінші заңының мағынасын түсінеді

  • Жылу қозғалтқыштарының түрлерін ажыратады және жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттайды

  • Жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициентін анықтайды.




Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану




Орындау уақыты

20 минут




Тапсырма

1. a)Термодинамиканың І заңының тұжырымдамасын табыңыз.



  1. Жүйеге берілген жылу жүйенің ішкі энергиясын молайтуға және сыртқы күштерге қарсы жұмыс істеуге шығындалады

  2. Жүйеге берілген жылу жүйенің ішкі энергиясын молайтуға шығындалады

  3. Жүйеге берілген жылу жүйенің сыртқы күштерге қарсы жұмыс істеуге шығындалады

[1]
b)Термодинамиканың І заңының формуласын табыңыз

  1. Q=ΔU+A

  2. A=ΔU+Q

  3. ΔU=Q+A

[1]
2. Термодинамиканың екінші заңына негізделген ұғымдарды жауаптарымен сәйкестендіріңіз

Термодинамиканың екінші заңы




Энергия жылу алмасу жолымен ыстық денеден салқын денеге қарай өз бетімен өтеді.

Термодинамиканың екінші заңының қысқаша тұжырымдамасы

Қайтымсыздық процестеріне негізделген табиғат заңдары

Жылу алмасу процесінің қайтымсыздығы

Екінші текті "мәңгі" қозғалтқыш жасау мүмкін емес

[3]

3. Газға 800 Дж жылу мөлшері берілгенде, ол 200 Дж жұмыс атқарды. Газдың ішкі энергиясы қалай өзгереді?


а) Есептің берілгенін жазыңыз


[1]
b) Ішкі энергияны анықтайтын формуланы табыңыз.

[1]
с) Ішкі энергияны өзгерісін есептеңіз.


[1]
d) Ішкі энергиянының өзгеруін жазыңыз (артады немесе кемиді)

[1]
4. a).Жылу қозғалтқыштарының қызметі қандай?





  1. Отынның ішкі энергиясын механикалық энергияға айналдырып, сол арқылы жұмыс жасайды

  2. Механикалық энергия қозғалтқыштың ішінде отын энергиясына айналады.

[1]
b) Жылу қозғалтқыштарына қандай қондырғылар жатады?

  1. Іштен жану қозғалтқышы

  2. Бу турбинасы

  3. Ядролық үдеткіш

[2]
5. Қыздырғыштың температурасы 500 К, суытқыштың температурасы 27 C болатын жылу қозғалтқышының ПӘК-і табыңыздар.


1) Есептің берілгенін жазыңыз


[1]
2) Суытқыш температурасын Кельвин шкаласына айналдырыңыз.
[1]

3) Жылу қозғалтқышының ПӘК-ін табу формуласын жазыңыз


[1]

4) Жылу қозғалтқышының ПӘК-ін есептеңіз


[1]



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет