ТЕСТ ПРОБНЫЙ 2024
Созылмалы ауруларға тән жеке бір адамның ауру белгілерін, емін, физикалық және психологиялық салдары және өмір салтын өзгерту мүмкіндігі – бұл:
А. Өзін- өзі басқару++
Б. Диспансеризация
В. Санаторлы ем
Г. Стационарлы ем
Е. Жұмыс уақытын басқару
2. Науқас 72 жаста, мейірбикелік тексеру кезінде аяқтарында аяқ басы балтырындағы тығыз ісінуге шағымданады, кешкілік күшей түседі, асцит, тахикардия, көрнекті жалпы әлсіздік, тыныштық кезінде болмашы ентікпесі бар. Объективті: жалпы жағдайы орташа- ауыр. Тыныс жиілігі минутына- 22, ЖЖЖ- 98 соғу/мин., АҚ- 160/90 мм сынап бағаны. Науқас әзер сөйлеседі, алайда мейірбикемен қысқа уақыттық сөйлесу кезінде ауруына байланысты өзінің болашағына үрейлене және қауіппен қарайтынын байқатқан. Мейірбикенің іс- шараның қазіргі мәселесіне өте төмен дәрежеде жататын мәселені таңдаңыз:
А. Сұйықтықтың бөгелуі(ісіну, асцит)
Б. Көрнекті жалпы әлсіздік
В. Тыныштықтағы ентікпе
Г. Ауруының соңы туралы мазасыздық++
Е. Науқастың орташа- ауыр жалпы жағдайы
3. Көктамыр ішілік инъекция жасау алдында байлам салу дұрыстығының белгілері:
А. Байламнан төмен тері жабындысының бозаруы
Б. Байламнан төмен тері гиперемиясы
В. Білек артериясында пульстың болуы++
Г. Байламнан төмен тері көгеру
Е. Байламнан төмен тері сарғаюы
4. Науқас «Көптеген миелома» диагнозымен онкогематология бөлімшесінде ауруханалық емделуде, Велкейд (бортезомиб) химиопрепаратын енгізу негізінде кенеттен тынысының қиындауы пайда болған, ерні мен ұрт аймағы ісінген, іші ауырсынған және жүрегі айныған. Нәтижесінде дәрілік препаратты әрі қарай енгізу тоқтатылды. Көктамырдан инені алмастан, инъекция орнынан жоғары жгут салынады, инъекция орны мұзы бар қапшықпен жабылды және адреналин енгізілді. Оттегімен ингаляция жасалды және шұғыл түрде дәрігерді шақырды. Инъекциядан кейінгі қандай асқыну туралы айтылуда:
А. Септикалық шок
Б. Анафилактикалық шок++
В. Кардиогенді шок
Г. Медикаментозды эмболия
Е. Жарақаттық шок
5. Әйел адам, 38 жаста. Анамнезінен: 5-6 сағат ішінде жағдайы нашарлаған, таяу күндері қонақта көкөніс және етті өнімдері бар салаттарды пайдалануымен байланыстырады. Жіті энтеральді улану кезінде асқазанды зондпен мөлшерден тыс таза сумен шаю, қандай жағдайға алып келеді?
А. Асқазанның тым қатты кеңейіп, жарылуына++
Б. Гипергидратацияға, араластыру коагулопатиясына
В. Гипергидратацияға, жүрек жеткіліксіздігі
Г. Гипергидратацияға, бас мидың ісінуіне
Е. Гипергидратацияға, бронхылардың ісінуіне және обструкциясына
6. Дәрілік заттарды энтеральды енгізу жолдарына жатады:
А. Ауыз арқылы, тіл астына, трансбуккальды, ректальды++
Б. Тері астына, бұлшық етке, көк тамырға
В. Ауыз арқылы, тері астына, трансбуккальды, тіл астына
Г. Бұлшық етке, ректальды, тері астына
Е. Бұлшық етке, көк тамырға, тіл астына, ауыз арқылы
7. Науқас 41 жаста, нефрология бөлімшесіне дене температурасының максимальды 37,8С- ге дейін жоғарылауына, жалпы әлсіздікке, тәбетінің болмауына, бел аймағының тартып ауырсынуына, жиі және ауру сезімімен кіші дәретке баруға шағымданып түсті. Тексерген кезде жалпы жағдайы интоксикациялық, аурулық және дизуриялық синдромдар есебінен орташа ауырлықты дәрежеде; тері жабындары таза, бет аймағы гиперемиялық, теріасты- май шелмайы әлсіз дамыған. Тыныс жиілігі минутына 18, ЖЖЖ- 98 соғу/мин., пульс кернеулі, АҚ- 155/95мм сынап бағаны. Тілі құрғақ, ақ жабынмен қапталған. Пальпация кезінде іші жұмсақ, ауырмайды. Пастернацкий симптомы екі жақтан да оң. Мейірбикелік іс- шараның ұзақ мерзімдік мақсатын таңдаңыз:
А. Аптаның соңында интоксикациялық, аурулық және дизуриялық синдромдарды бәсеңдету
Б. Науқастың ауруханадан шығуына дейін интоксикациялық, аурулық және дизуриялық синдромдарды толығымен тоқтату++
В. Науқастың сыртқы түрі мен жалпы жағдайын қадағалау
Г. Науқастың жеке гигиенасын қамтамасыз ету
Е. Қатаң төсектік тәртіпті қамтамасыз ету
8. 1:5000 қатынасының пайыздық концентрациясы:
А. 0,005
Б. 0,05
В. 0,02++
Г. 0,25
Е. 0,0002
9. Науқас 35 жаста, эндокринология бөлімшесіне болжамды Қантты диабет I типті диагнозымен түсті. Аузының қорғауына, шөлдеуге, терінің қышынуына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Тексеру кезінде жалпы жағдайы орташа ауырлықты дәрежеде, тері жабындары құрғақ, қасу іздері бар, теріасты- майлы шелмайы әлсіз дамыған. Тілі құрғақ, ақшыл жабынмен қапталған. Тыныс жиілігі минутына ---соғу/мин., АҚ-140/95мм сынап бағаны. Мейірбикелік іс-шараның қысқа мерзімдік мақсатын таңдаңыз:
А. Инсулин енгізуден кейін шөлдеудің азаюы
Б. Гипо- немесе гипергликемиялық команың даму қатерін анықтау
В. Диабеттік аяқ басының даму қатерін анықтау
Г. Инсулин мөлшерін түзету есебінен шөлдеуді, полиурияны, терінің қышынуын тоқтату++
Е. Науқаспен оның ауруы туралы әңгімелесу
10. Әйел адам, 58 жаста, 1 сағат ішінде жағдайы нашарлаған, сол жақ аяқ- қолдарында әлсіздікті сезінген, сөйлеуі нашарлаған. Анамнезінде: ЖИА, АГ. Объективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. АҚ- 160/100 мм с.б. Неврологиялық статус: Сол жақтық гемипарез, қолда басымырақ. Моторлы афазия. Болжамды диагноз қойылды: ЖМҚБ. Ишемиялық инсульт. Стационарға транспортировка қандай қалыпта жүргізіледі?
А. Аяғын 30 градусқа көтеріп арқада жатқан күйде
Б. Аяғын 50 градусқа көтеріп, арқада жатқан күйде
В. Басын 90 градусқа көтеріп, арқада жатқан күйде
Г. Басын 30 градусқа көтеріп, арқада жатқан күйде
Е. Басын 50 градусқа көтеріп, бүйірімен жатқан күйде++
11. Науқас 29 жаста, гемотология бөлімшесіне “Теміртапшылықты анемия, ауыр ауырлықты дәреже” диагнозымен түсті. Мейірбикелік тексеру кезінде көрнекті жалпы әлсіздікке, жылдам шаршағыштыққа, құлағындағы шуға, көз алдының жарқырауына, болмашы физикалық күш түскенде болатын ентікпеге, тахикардияға, тәбеттің болмауына және бор, әк жегісі келетін дәмінің өзгеруіне шағымданады. Мейірбикемен сөйлесу кезінде науқас ашуланшақ, енжар, ауық- ауық не сөйлеп жатқанын ұмытып қалады. Өмір анамнезі мәліметтері бойынша анықталды: менархе 12 жаста, етеккірі жүйелі, көп келеді, ұзақтығы 7-10 күн, етеккір циклі 28 күн. Мейірбикелік іс- шараның қысқамерзімдік мақсатын таңдаңыз:
А. Ауруханадан шығатын күнге дейін тәбетін қалыпқа келтіру
Б. 1 апта бойына тәбетін күшейту++
В. Жүрек- тамыр қызметінің бұзылыстарын анықтау және қатерлерін қалыпқа келтіру
Г. Ауыр жұмысқа жарамсыздық пен мүгедектіктің даму қатерін анықтау
Е. Тұрақты түрде жартылай төсектік тәртіпті қамтамасыз ету
12. Науқас 45 жаста, бір күн бұрын “Асқазанның ойық жара ауруы, өршуі” диагнозымен терапия бөлімшесіне жатқызылған. Бүгін диетаны ұстамаудың салдарынан психикалық- эмоциялық күйзеліс негізінде күрт әлсіздік, жүрегі айну және “кофе қоюы” түріндегі құсу пайда болды. Объективті тексеруде жалпы жағдайы орташа ауырлықты дәрежеде. Тері жабындары бозарған, таза, ылғалды. Тынысы везикулалық, сырылдар жоқ, тыныс жиілігі- 18/мин. Жүрек тондары анық, ырғақты, пульс 100 соғу/мин, толымы аз және кернеулі, АҚ 100/60 мм сынап бағаны. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауырсынады. Мейірбикелік іс- шараның қазіргі мәселесіне өте төмен дәрежеде жататын мәселені таңдаңыз:
А. “Кофе қоюы” түріндегі құсу++
Б. Күрт әлсіздік
В. Тері жабындары бозарған, ылғалды
Г. АҚ төмендеген, тахикардия
Е. Анамнезінде асқазанның ойық жарасының қайталануы
13. Науқас 52 жаста, онкологиялық бөлімшеде “Асқазанның қатерлі ісігі” диагнозымен ауруханалық емделуде. Мейіргерлік тексеру кезінде жалпы әдсіздікке, тәбетінің болмауына, ет тағамдарынан жиренуге, ауық- ауық құсуға, эпигастрий аймағында тамақ ішуден кейін күшейе түсетін айқын ауырсынуға, сасыған иісті кекіруге, ішінің қампаюына, дене салмағының азаюына шағымданады. Сөйлесу кезінде науқас адинамиялық, айналасындағылармен әзер тілдеседі, тұйық және жабырқаңқы, себебі өлімнен қорқу сезімін сезінеді. Төменде берілгендердің қайсысы мейірбикелік іс- шараның басым мәселесіне жатады.
А. Метеоризм
Б. Тәбетінің болмауы
В. Дене салмағының азаюы
Г. Эпигастрий аймағындағы күшті ауырсыну++
Е. Кекіру
14. АИТВ жұқтырған әйелді босандыру кезінде ұрық қапшығын жарды, нәтижесінде ұрық маңы суы жан- жаққа шашырады, оның тамшылары балалар мейірбикесінің беті мен көзіне де түсті, мейірбикенің үстінде медициналық халаты, қалпағы, алжапқышы бар, бетінде- бетперде, қолында- қолғап. Осы жағдайда қандай бұзушылықты байқадыңыз?
А. Хирургиялық костюмнің болмауы
Б. Ем- шараны орындау алгоритмінің бұзылуы
В. Мейірбикенің немқұрайлы қатынасы
Г. Көзілдірік немесе қорғау экранының болмауы++
Е. Лауазымдық міндеттің бұзылуы
15. Науқас 48 жаста, терапия бөлімшесіне буын синдромына шағымданып түсті. Тексерген кезде жалпы жағдайы орташа ауырлықты дәрежеде; тері жабындары таза, ылғалды; тізе, шынтақ және білезік буындары ісінген, ауырсынады, ұстағанда ыстық, терісі гиперемиялық, буындардағы қозғалысы шектелген. Тыныс жиілігі минутына 16 рет, ЖЖЖ- 94 соғу/мин., АҚ- 115/75 мм сынап бағаны. Пальпацияда іші жұмсақ, ауырмайды; бауыры қабырға доғасынан шықпаған. Мейірбикелік іс- шараның қысқамерзімдік мақсатын таңдаңыз:
А. Буындық синдромды ауруханалық емдеудің 7- ші күні бәсеңдету++
Б. Буындық синдромды тоқтату және шығарар кезде буындар қызметін толығымен қалпына келтіру
В. Аурудың этиологиялық факторларын анықтау
Г. Науқастарды көп және дәруменденген сұйықтықпен қамтамасыз ету
Е. Гемодинамиканы бақылауды қамтамасыз ету
16. 32 жастағы ер адам тұншығу ұстамасына, қиын шығарылатын қақырықты жөтелге шағымданады. Ауырғанына 2 күн болған, суықтанумен байланыстырады, анамнезінде ӨСОА (ХОБЛ). Объективті: есі анық, ортопноэ қалпында. Аускультативті өкпеде қатты тыныс, өкпенің барлық бөлімдерінде ысқырықты, құрғақ сырылдар естіледі. ТАЖ- 31/мин, ЖСЖ- 120/мин, раО2- 80 мм с.б., раСО2- 45 мм с.б. Ауруханаға науқасты қандай қалыпта жеткізу қажет?
А. Отырған++
Б. Жаяу
В. Бүйірімен жатқызып
Г. Басы көтеріңкі қалыпта, жатқызып
Е. Шалқасынан жатқызып
17. Ауруханаішілік инфекциялардың жасанды жұғу жолын көрсетіңіз:
А. Ауа- тамшы арқылы
Б. Қарым- қатынас арқылы
В. Артифициалды++
Г. Ауа- шаң арқылы
Е. Фекальді- оральді
18. Иығындағы іріңді флегмонасын ашу кезінде, хирургқа ассистент болған медбикенің терісіне науқастың жарасынан ірің және қан түсті. Медбикенің келесі тактикасын анықтаңыз:
А. Теріні ағынды сумен жуып, антисептикпен өңдеу++
Б. Теріні ағынды сумен жуу
В. Теріні антисептиктің ерітіндісімен өңдеу
Г. Теріні дезинфекциялық ерітіндімен өңдеу
Е. Сумен жуып таңғыш салу
19. Жұқпалы ауруларды зерттеу үшін қандай құжат қолданылады?
А. Статистикалық карта
Б. Ауру тарихы
В. Дәрігер қабылдауына талон
Г. Жедел хабарлау++
Е. Баланың даму тарихы
20. Қабылдау бөліміне асқазаннан қан кетуге күмәнді пациент түсті. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Пациентті тасымалдау түрін атаңыз?
А. Мейіргермен бірге жаяу жүру
Б. Өздігінен лифтімен
В. Өздігімен жаяу жүру
Г. Кресло- каталкамен
Е. Каталкамен тасымалдау++
21. Геморрагиялық инсульті бар науқасты тасымалдау кезінде қажет?
А. Басын төмен түсіру
Б. Аяқтарын көтеру
В. Бас қалпын жиі өзгерту
Г. Денесінің қалпын жиі өзгерту
Е. Басының қалпын өзгертуді болдырмау++
22. Камералық дезинфекцияның ең жұмсақ әдісімен булы формалиндік әдісі болып есептеледі. Осы әдістің жетіспеушілігі дезинфекция сеансынан кейін жағымсыз иістің болуы. Булы формалиндік камерада формалин иісін бейтараптандыру үшін қандай затты пайдаланады?
А. Этил спирті
Б. Нашатыр спирті
В. Сірке су
Г. Метил спирті++
Е. Эфир
23. Магний сульфатын гипотензивті әсер көрсету мақсатында енгізу қажет?
А. Ішке
Б. Дуоденальды
В. Сублингвальды
Г. Суббукальды
Е. Көк тамырға++
24. Препаратты анықтаңыз: миотропты спазмолитикалық әсері бар, бронхиальды демікпе ұстамасын басу және алдын алу үшін қолданылып, ішке және парентеральды енгізіледі, қан тамырларды кеңейтіп, артериялық қан қысымын төмендетеді, тахикардия тудырып, диурезді күшейтеді:
А. Атропин
Б. Эфедрин
В. Адреналин
Г. Эуфиллин++
Е. Тровентол
25. К. Есімді науқас, 55 жаста, дәрігерге қимыл- тірегі әлсірегенге, қолы дірілдейтініне, жүріп- тұруы қиындағанына шағымданып дәрігерге қаралды. Объективтік тексеруде: қалыпты жағдайда қолдың треморы “тиын санау” типті, аяқтарының тонусы сәл күшейген “тісшелі дөнгелек” типті, денесін сәл алдыға жіберіп, жәй жәй жүреді. Терең рефлекстер өзгермеген, патологиялық рефлекстері жоқ. Осындай жағдай қандай ауруға тән?
А. Паркинсон ауруы++
Б. Альцгеймер ауруы
В. Бас маңдайы бөлігінің қатерлі ісігі
Г. Жайылмалы склероз
Е. Менингококктық менингит
26. 23 жастағы әйел адам бронх демікпесі диагнозымен стационарлық ем алуда. Түскендегі шағымдары: тұншығу, жөтел, ысқырықты тыныс... Анамнезінен: ұстама дәлізде мысықты ұстағаннан кейін пайда болған. Осы аурудың қақырық анализіне тән:
А. Туберкулез микобактериясы
Б. Пневмококтар
В. Хламидиялар
Г. Стафилококтар
Е. Шарко- Лейден кристалдары, Куршман спиралы++
27. Әйел адам, 50 жаста, 2 сағат бойы тұншығу ұстамасына шағымданды. Анамнезінде: көп жылдар бойы бронх демікпесімен ауырады. Жағдайы орташа дәрежеде. Мәжбүрлі қалпы- ортопноэ. Өкпесінде қатқыл тыныс, өкпенің барлық бөлімдерінде құрғақ, ысқырықты сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақ дұрыс. Пульс минутына 105 соққы. АҚ 120/80 мм с.б. Тыныс шығару шыңының жылдамдығы (ТШШЖ) анықтау үшін қандай зерттеу тағайындау қажет:
А. Пикфлоуметрия++
Б. Бронхоскопия
В. Томография легких
Г. Ангиопульмонография
Е. Өкпенің рентгенографиясы
28. Науқас Г., 53 жаста, аппендоэктомиядан кейін 5-ші тәулікте отадан кейінгі жара аймағында тартушы ауырсыну сезімдері пайда болды, температурасы 38,7С дейін көтерілді. Қарау барысында жара шеттері ісінген, пальпацияда ауырсынады. Іші кеппеген, перистальтика естіледі. Науқаста қандай асқыну дамыды?
А. Тігістердің ажырауы
Б. Ішкі қан кету
В. Перитонит
Г. Пилефлебит
Е. Отадан кейінгі жараның іріңдеуі++
29. Ер адам 56 жаста, 3 сағаттан жоғары төс артының күйдіріп ауырсынуына, ауа жеткіліксіздігіне шағымданды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, қашықтықтан қырылдаған сырылдар естіледі. Тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Өкпесінің төменгі бөлімдерінде әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. ТАЖ- 28 минутына. Жүрек тондары тұйық, ритмі дұрыс. АҚ- 100/70 мм с.б., ЖСЖ- 100 минутына. Науқаста миокард инфарктісінің қандай асқынуы дамыған?
А. Өкпенің ісінуі++
Б. Тромбоэмболия
В. Миокардтың жыртылуы
Г. Жедел аневризма
Е. Кардиогенді шок
30. Науқаста айқын атаксия, бұлшықет әлсіздігі, үзілмелі сөйлеу, тремор байқалады. Сіздің болжамды диагнозыңыз?
А. Миастения
Б. Рейно ауруы
В. Мишық ісігі++
Г. Маңдай бөлігінің ісігі
Е. Самай бөлігінің ісігі
31. Науқас Н., 66 жаста, анамнезінде аяқтың терең венасының тромбофлебиті, кенеттен ентікпе дамыды, қан аралас жөтел, жүректің қатты соғысы, анық әлсіздік пайда болды. Бұл белгілердің дамуының себебі болып табылады:
А. Спонтанды пневмоторакс
Б. Бронх демікпесі ұстамасы
В. Тыныс жолдарындағы бөгде зат
Г. Өкпе артериясындағы ауа эмболиясы
Е. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы++
32. Созылмалы панкреатитте орынбасушы терапиядағы дәрілерге барлығы жатады мынадан басқа:
А. Мезим форте
Б. Креон
В. Пепсин++
Г. Фестал
Е. Панзинорм
33. Бүкіл денеге таралған жайылмалы ісіну қалай аталады?
А. Анасарка++
Б. Асцит
В. Гидроперикард
Г. Гидроторакс
Е. Пневмоторакс
34. Өт ұстамасында ауырсыну синдромы ненің бұзылысынан дамиды?
А. Өт ағуының++
Б. Панкреатикалық сөл ағысының
В. Бірыңғай салалы бұлшықеттер тонусының төмендеуі
Г. Қан құрамындағы холестерин мөлшерінің жоғарлауы
Е. Асқазан сөлі секрециясының жоғарлауы
35. 68 жастағы ер адам қан аралас құсуға шағымданды. Қарау кезінде тері жабындылары сарғыш, кіндік маңында веналар кеңейген, пальпация кезінде бауыр тығыз, ауырсынады. Науқас шұғыл түрде стационардың қабылдау бөліміне жеткізілді, онда оған БЛЕКМОР ЗОНДЫ енгізілді. Жүргізілген процедурадан дәрігер нені күтеді:
А. Жалпы жағдайының жақсаруын
Б. Гемодинамиканың қалпына келуін
В. Қан кетуді уақытша тоқтатуын
Г. Болуы мүмкін асқынудың алдын алу
Е. Қанкетуді толық тоқтату++
36. Мейірбике таңу жүргізу үшін стерильді үстелді дайындауы қажет. Қолын залалсыздандырудың қандай деңгейін орындауы қажет:
А. Гигиеналық
Б. Әлеуметтік
В. Қолды өңдеу қажет емес
Г. Хирургиялық ++
Е. Спиртті салфеткамен сүрту
37. Егер ем – шара жүргізу кезінде науқас жүрек айнуын, бас ауруын, бас айналуды сезінсе, мейіргер қандай әрекеттерді жасауы керек:
А. Дәрігерді шақыру
Б. Ем- шараны тоқтату++
В. Аппараттың жүктемесін азайту
Г. Науқасты тыныштандырып, процедураны жалғастырыңыз
Е. Науқасты жатқызып және терезені ашады
38. Іріңді жарақатқа дренажды қандай мақсатпен енгізеді?
А. Жылдамдатылған эпителизация
Б. Бөлініс ағысын қамтамасыз ету
В. Қан кетуді тоқтату
Г. Тампонаданы жүргізу
Е. Ісіну мен экссудацияны азайту
39. Инсульттің жедел кезеңінде мейіргер науқастың санасын, жағдайын, қан қысымын, жүрек соғу жиілігін, тыныс алуын қандай жиілікте тез бақылайды?
А. Күн сайын
Б. Тәулігіне 1 рет
В. Әр 8 сағат сайын
Г. Әр 5 сағат сайын
Е. Әр 2 сағат сайын++
40. 6 жастағы ұл бала, анасының айтуы бойынша: 7 сағат бұрын ауырып қалған, температурасы 38,9С дейін жоғарылаған, бірнеше мәрте құсу, қатты бас ауруы. Қарау кезінде: жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Бала әлсіз. Тері жабындылары бозарған, аяқтары мен жамбас аймақтарында дене беткейіне шығып тұратын, геморрагиялық бөртпе анықталған, кей жерлерде бірігіп кеткен. Желке бұлшық еттерінің регидтілігі анықталады. Қай ауру жөнінде ойлауға болады?
А. Қызылша (корь)
Б. Желшешек
В. Дерматит
Г. Менингит ++
Е. Миозит
41. Инсульт алған науқас үйде туыстарының бақылауында, үйге барған кезде мейіргер ойылудың алғашқы белгілерінің пайда болғанын анықтады. Науқас өзін жақсы сезінеді. Мейіргер асқынулардың алдын алу үшін қандай нұсқаулар береді:
А. Пациенттің позициясын әр 4 сағат сайын өзгертіңіз
Б. Пациенттің позициясын әр 5 сағат сайын өзгертіңіз
В. Пациенттің позициясын әр 7 сағат сайын өзгертіңіз
Г. Пациенттің позициясын әр 2 сағат сайын өзгертіңіз++
Е. Пациенттің позициясын әр 8 сағат сайын өзгертіңіз
42. Ұл бала, 3 жаста. Анасының сөздерінен: тәулік ішінде жағдайы нашарлаған, дене қызуы күрт 39,0С дейін жоғралаған, бас ауруы, бөртпе, қышу, мазасыздыққа шағымданады. Объективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Дене терісі, бастың шашты бөлімдерінде ішінде түссіз, мөлдірсұйықтығы бар көпіршіктер анықталған, диаметрі 1 см дейін, кейбіреулерінде кепкен қабыршақ бар. ТАЖ- минутына 34 рет. Өкпеде: везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Сіздің болжамыңыз:
А. Қызамық
Б. Скарлатина
В. Полиомиелит
Г. Желшешек ++
Е. Вирусты паротит
43. Ер адам, 23 жаста жарты сағат бұрын оң аяқтың табан- сирақ буынын сыртқа қарай қайырып алғанын анықтады. Объективті: айқын ісіну, буынының ауырсынуы, вальгустық деформация. Табан- сирақ буынының қатты ауырсынуының салдарынан қозғалысы мүмкін емес. Ауруханаға дейінгі кезеңде науқасқа көмек жүргізу тактикасы?
А. Иммобилизация, тыныс алу аналептиктерін енгізу
Б. Ауырсынуды басу, АҚК (ОЦК) толықтыру, транспортировка
В. Ауырсынуды басу, иммобилизация, транспортировка++
Г. Репозиция, иммобилизация, транспортировка
Е. Седация, ауырсынуды басу, транспортировка
44. Сегізкөз аймағында науқаста жара пайда болды, ылғалдану байқалады. Тексеру кезінде терінің, тері астындағы майдың тұтастығы бұзылады және бұлшықет қабаты көрінеді. Жұмсақ тіндердің зақымдану түрін анықтаңыз:
А. Терінің баздануы (опрелости)
Б. 3- ші дәрежелі ойылу++
В. Дерматит
Г. 1- ші дәрежелі ойылу
Е. Мацерация
45. Науқас ұзақ уақыт төсекте болуға мәжбүр. Аяқ тамырларындағы қан ағымын басына қарай қамтамасыз ету және тромбоэмболияның алдын алу үшін төсектегі қандай қалып ұсынылады?
А. Симс
Б. Жоғарғы Фаулер
В. Төменгі Фаулер
Г. Тренделенбург ++
Е. Ортопноэ
46. Екі күндік нәресте. Анасының шағымы жоқ. Анамнезінде: мерзімі жетілген 1- ші жүктілік, Апгар шкаласы бойынша 8-10 балл. Бала ана сүтімен қоректендіріледі. Нәрестенің физикалық дамуын бағалау үшін жүргізіледі?
А. Антропометрия жүргізу++
Б. Термометрия жүргізу
В. Глюкозометрия жүргізу
Г. РН- метрия жүргізу
Е. Тонометрия жүргізу
47. Балалардың бас айналымының өлшемі қай жасқа дейін өлшенеді?
А. 1 жас++
Б. 2 жас
В. 3 жас
Г. 4 жас
Е. 5 жас
48. Ұл бала 2 айлық. Екінші жүктіліктен мерзімінде туылған. Ана сүтін емеді. Тексеру кезінде учаскелік дәрігер- педиатр мынадай қорытындыға келді: сәбидің жүйке- психикалық дамуы өз жасына сәйкес келеді. Осы сәбидің жүйке психикалық дамуын төменде берілген көрсеткіштердің қайсысы сипаттайды?
А. Басын ұстауға тырысады, уілдейді
Б. Бүйірге аунайды, уілдейді
В. Басын ұстай алмайды, уілдемейді
Г. Басын нық ұстайды, күледі++
Е. Басын ұстай алады, ойыншықтарды ұстайды
49. Леопольд әдісінің 3- ші тәсілінің мақсаты:
А. Ұрықтың майда бөліктерін анықтау
Б. Ұрық позициясын анықтау
В. Кіші жамбасқа қараған ірі бөлігін анықтау++
Г. Жатыр түбінде орналасқан бала бөлігін анықтау
Е. Ұрық арқасын анықтау
50. Бұрын босанған 30 жастағы жүкті әйел мерзімінде босанды, салмағы 3500,0 гр. қыз бала, тұншығусыз дүниеге келді. Босанудың 3- ші кезеңін өткізу мақсатындағы сіздің жасайтын әрекетіңіз?
А. Гипотониялық қан кетудің алдын алу үшін 1,0 мл метилэргометрин венаішілік енгізу
Б. Бала жолдасының ажырау және бөліну белгілерін күту
В. Босанудың 3- ші кезеңін белсенді өткізу үшін бұлшық етке 10 МЕ окситоцин енгізу++
Г. Жатыр қуысын қолмен тексеру
Е. Жатырдың бимануальды компрессиясы
51. Науқасты оң жақ үлкен жыныс еріннің аймағындағы ауырсыну мазалайды. Жыныс ерні ісінген, күрт ауырсынады, оның үстіндегі терісі қызарып, тығыздану білінеді. Сіздің диагнозыңыз:
А. Жедел вульвит
Б. Бартолин безінің кистасы
В. Жедел лимфоаденит
Г. Бартолин безінің абсцесі++
Е. Қысылған шап жарығы
52. Жатыр мойнын айнамен қарау жүктіліктің қай мерзімінде жүргізіледі?
А. Жүктіліктің әр аптасында
Б. Алғаш келгенде, 30,38 аптада++
В. 20 аптаға дейін 2 рет
Г. Әр қабылдауға келген сайын
Е. Жүктіліктің 30 аптасында
53. Аталғандардың қайсысы шұғыл контрацепция әдісіне жатады?
А. Антеовин
Б. Триквилар
В. Депо- провер
Г. Постинор++
Е. Марвелон
54. Науқас 60 жаста, кардиологиялық бөлімшеге жүректің созылмалы жеткіліксіздігімен асқынған ЖИА жөнімен ауруханаға емделуге жатты. Аяқтарының ісінуіне, ішінің айтарлықтай үлкейгеніне, жүрек қағуына, әлсіздікке, тыныштық кезде болатын аздаған ентікпеге шағымданады. Ентікпесі көлденең жатқанда күшейе түседі, соның себебінен нашар ұйықтайды. Осы мәселе кезінде қандай біріншілікті іс- шара мейірбикенің қарау жоспарына кіреді?
А. Науқастың отбасына кеңес беру
Б. Реанимациялық іс- шара өткізу
В. Асқынулардың алдын- алуды қамтамасыз ету
Г. Науқасқа ыңғайлы отыру қалпын жасау++
Е. Науқастың денсаулығын нығайту
55. Мамандандырылған паллиативті көмек қызметіне жатады:
А. Қарттар үйі
Б. Арнайы әлеуметтік қызмет мекемелері
В. Стационарлы хоспистер++
Г. Жалпы бейіндегі аурухана бөлімі
Е. Мейіргерлік күтімнің аудандық / жергілікті бөлімшелік қызметі
56. Егде адамдарға ұсынылатын физикалық жүктемені атаңыз:
А. Жүгіру
Б. Жаттығу құрылғысында айналысу
В. Таңертеңгілік жаттығу++
Г. Ауырлық көтеру
Е. Фитнес- бағдарлама
57. Науқас 60 жаста, кардиологиялық бөлімшеге жүректің созылмалы жеткіліксіздігімен асқынған ЖИА түсті. Аяқтарының ісінуіне, ішінің айтарлықтай үлкейгеніне, жүрек қағуына, әлсіздікке, тыныштық кезде болатын аздаған ентікпеге шағымданады. Төсектегі қалпы мәжбүрлі- ортопноэ. Тері жабындары көкшілденген. Аяқ басы мен балтыры ісінген, АҚ 140/ 90 мм сынап бағаны, ішінің көлемі үлкейген. Төменде берілген ем- шаралардың қайсысын науқасқа үйрету қажет?
А. Дене температурасын өлшеу ережесімен
Б. Жеке гигиена ережесімен
В. Ісінуді анықтау ережесімен
Г. Су балансын анықтау ережесімен++
Е. Пульсті анықтау ережесімен
58. Паллиативтік науқастарға күтімнің негізгі мақсаты болып табылады?
А. Науқас үшін максималды ыңғайлы жағдай жасау++
Б. Науқас қойған барлық шарттарды максималды орындау
В. Науқастың туыстары үшін максимальді ыңғайлы жағдай жасау
Г. Осы нозологияға талап етілетін емдеудің барлық формаларын максималды ұсыну
Е. Науқас талап еткен барлық фармакологиялық заттарды максималды жеткізу
59. Стероидты емес қабынуға қарсы дәрі- дәрмектер қолданғанда паллиативті науқастарда болатын ең ықтимал жанама әсерлер?
А. Циклооксигеназдың белсендірілуі
Б. Простагландиндер синтезінің күшеюі
В. Тромбоциттер агрегациясын ынталандыру
Г. Асқазан сөлінің түзілуін жоғарылату
Е. Эпителиалды пролиферацияның төмендеуі, асқорыту жолының шырышты қабатының зақымдалуы++
60. Паллиативті көмек командасының негізгі құрамы:
А. Дәрігер, медбике, психолог, волонтер (ерікті), онколог, фармацевт
Б. Дәрігер, әлеуметтік қызметкер, дін қызметкері, кардиолог
В. Дәрігер, медбике, фармацевт, онколог, дін қызметкері, волонтер (ерікті)
Г. Дәрігер, әлеуметтік қызметкер, дін қызметкері, онколог, волонтер (ерікті)
Е. Дәрігер, медбике, әлеуметтік қызметкер, психолог, дін қызметкері, волонтер (ерікті)++
61. ЖМЖ бригадасы 2- айлық нәрестені инфекциялық стационардың қабылдау бөліміне талмадан кейін тынысы тоқталатын, қатты ұстама тәрізді жөтелмен түскен. Анамнезден: ауру бір апта шамасында мұрынның бітелуі, дене температурасы 37,8С дейін жоғарлауымен басталып, кейіннен ұстама тәрізді қатты жөтел қосылған. Көкжөтелдің спазматикалық кезеңіндегі ұстама тәрізді жөтелді азайту үшін қандай препаратты тағайындау қажет:
А. Димедрол
Б. Диазепам++
В. Фурадонин
Г. Магний сульфаты
Е. Кальций глюконаты
62. Тұрғындардың келесі типі прогрессивті тип деп аталады:
А. 0-14 жас аралығындағы балалар саны 50 жастан асқандар санынан басым болса++
Б. 0-8 жас аралығындағы балалар саны жасөспірімдер санынан басым
В. 50 жастан асқандар саны балалар санынан басым болса
Г. Балалар саны мен 50 жастан асқандар саны тең
Е. ҚР тұрғындарының саны басқа елдер тұрғындарының санынан басым
63. Науқас 24 жаста, мейіргер, ерітіндімен қатынастан кейін пайда болған қышитын бөртпелерге шағымымен келді. Бұл препаратпен қатынасты тоқтатқаннан кейін бөртпе және қышу жойылды. Қайталанған қатынаста таралған гиперемия және ісіну, папуловезикулалы элементтер пайда болды. Болжамды диагноз қойыңыз:
А. Шынайы экзема
Б. Микробты экзема
В. Аллергиялық дерматит++
Г. Фотодерматоз
Е. Дәрілік токсидермия
64. 58 жастағы науқас. Шағымдар: саусақтардың ауыруы мен ұтқырлықты шектеуі. Ауру анамнезі: 6 жыл бойы ауырады, ревматологтың “Д” есебінде тұр. Рентгенограмма қорытындысы: 3 дәрежелі саусақтардың остеоартрит. Объективті: аралық буындар сәл ісінген, деформацияланған. Дәрігер физиотерапияны тағайындайды. Медбике электр жылытқыштағы парафинді қанша градусқа дейін қыздырады?
А. 160-180 С дейін
Б. 20-25 С дейін
В. 65-100 С дейін++
Г. 130-160 С дейін
Е. 180-200 С дейін
65. Науқаста операция кезінде сигма тәрізді ішектің ісігі анықталды және колостома салынды. Операциядан кейінгі 2-ші күні таңғыш ішек құрамымен сулана бастады. Науқастың көңіл күйі жоқ, жабырқаңқы, оны туысқандарының оған деген қатынасы мазалайды. Ол өзін уайымдап жүрген қызының отбасына салмақ салатындай сезінеді. Бәрінен бұрын оны ішектің жыланкөздің (свищ) болуы алаңдатады. Науқас жыланкөз аймағындағы теріні өзінің күте алатынына шек келтіреді. Науқас шығарылатын сәтке дейін қандай іс- шара анағұрлым тиімді болар еді?
А. Науқасқа және оның қызына теріні күтуді және нәжіс қабылдағышты қолдануды үйрету++
Б. Науқаспен тамақтану тәртібін сақтау туралы әңгімелесу
В. Науқасқа психологиялық қолдау көрсету
Г. Дұрыс тамақтану туралы әңгімелесу
Е. Науқасты арнайы әдебиеттермен қамтамасыз ету
66. DOTS- стратегиясы бойынша өкпе туберкулезінің негізгі диагностика әдісі:
А. Қақырықтың бактериоскопиясы++
Б. Бронхоскопия
В. Өкпе рентгенотомографиясы
Г. Өкпенің компьютерлік томографиясы
Е. Иммунологиялық зерттеу
67. Ұл бала, 6 жаста жаяу жүріп өтетін жерде автокөлікпен қағылды. Шат және оң жақ шат аймағында ауырсынуға шағымданады. Объективті: сүйектерін қысқанда ауырсынады, екі жақтан да “жабысқан табан” симптомы оң. Науқасты стационарға қандай диагнозбен жеткізеді?
А. Іш бұлшық еттерінің созылуы
Б. Оң санның сынуы
В. Іш қабырғасының соғылуы
Г. Іштің тұйық травмасы
Е. Жамбас сүйектерінің сынуы++
68. Менингит диагностикасындағы маңызды:
А. Қызудың жоғарылауымен жүретін аурудың жіті бастамасы
Б. Менингеальді синдроммен жүретін аурудың жіті бастамасы
В. Жұлын сұйықтығын зерттеу++
Г. Қанның биохимиялық анализі
Е. Инфекциялық анамнез
69. Халыққа ауруханалық медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым:
А. Фельдшерлік- акушерлік пункт
Б. Қалалық көпбейінді аурухана++
В. Диагностикалық медициналық орталық
Г. Медициналық санитарлық бөлімнің денсаулық сақтау пункті
Е. Амбулатория
70. Теміртапшылықты анемия емінде қолданылады:
А. Фолий қышқылы
Б. Темір препараттары++
В. Цианокобаламин
Г. Аскорбин қышқылы
Е. Күміс препараттары
71. 16 жастағы қыз бала тұншығу ұстамасына, дем шығарудың қиындауына, құрғақ жөтелге шағымданады. Анамнезінен: ерте балалық шақтан бастап цитрустық тағамдарға аллергиясы бар. Объективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Тері жабындылары бозғылт. Пульс- 90 соққы/ мин, АҚ- 120/80 мм с.б. ТАЖ- минутына 22. Өкпеде ұзартылған дем шығару кезінде қатқыл тыныс, көп мөлшерде диффузды құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Сіздің болжамыңыз:
А. Ангионевратикалық ісіну
Б. Обструктивті бронхит
В. Бронх демікпесі++
Г. Пневмония
Е. Поллиноз
72. Психиатриялық клиникаға 25 жастағы әйел босанудан 1 аптадан кейін түсті. Бала дені сау болып туылып, босану асқынусыз өткен. Әйел қозулы айқайлайды, киімдерін шешіп жүгіруге тырысады. Іштей баланың жылаған дауысын есітеді. Сұраққа жауап бермейді, ұзақ уақыт бір нүктеге қарап отырады. Болжамды диагноз:
А. Шизофрения
Б. Депрессия
В. Босанудан кейінгі психоз++
Г. Неврастения
Е. Деменция
73. 12 жасар балада үй жағдайында консервіленген тағамды қабылдағаннан кейін тамақты жұту кезінде шашалу, көзіне заттардың қос көрінуі (диплопия), жиі сұйық нәжіс, бұлшық ет әлсіздігі байқалды. Қандай ауру дамыды:
А. Тағамдық токсикоинфекция
Б. Ботулизм++
В. Анафилактикалық шоктың абдоминальді формасы
Г. Гийен- Барре синдромы
Е. Сальмонеллез
74. Шұғыл маниакальді ұстаманы тию және аффективті ұстаманың алдын алуда қолданылады:
А. Ноотроптар
Б. Нормотимиктер
В. Нейролептиктер++
Г. Транквилизаторлар
Е. Седативті препараттар
75. Жабысқақ күйлер неврозында кездеседі:
А. Галлюцинациялар
Б. Гиперестезия
В. Обсессия++
Г. Сандырақ идеялар
Е. Құрыспа
76. 43 жастағы ер адамда себепсіз түсіріңкі көңіл- күй, жабырқаулы қабылдайды. Моторикасы тежелген, ойлау қабілеті баяуланған, өзін- өзі кемсіту идеясы және суицидтік ойларды айтады. Бет әлпеті терең қайғыны және уайымды бейнелейді. Синдромды атаңыз:
А. Катоникалық
Б. Депрессивті++
В. Апато- абулиялық
Г. Астениялық
Е. Маниакальды
77. Ер адам, 25 жаста. Шақырту себебі: “улану”. Шағымдары: самай бөлімінің солқылдап ауырсынуы, бас айналуы, құлақтағы шуыл, құрғақ жөтел, ентікпе, жүрек айну, құсу. Анамнезінен: пеші бар жер үйде тұрады. Жағдайының нашарлағанын ұйқыдан тұрған кезде байқаған. Объективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Сана сезімі шатасқан, ұйқышылдық. Тері жабындылары мен көзге көрінетін шырышты қабаттары гиперемияланған. Қол саусақтарының треморы байқалады. ТАЖ- 28 минутына. Өкпенің аускультациясы кезінде тынысы беткейлік, сырылдар жоқ. Жүрек тондары айқын, ырғақты. ЖСЖ- 98 минутына. АҚ-100/70 мм с.б. Ауруханаға дейінгі кезеңде қолданылатын антидот:
А. Ацизол
Б. Унитиол
В. Бемегрид
Г. 100% оттегі++
Е. Гипербариялық оксигенация
78. Далалық госпитальде ұзақ жаншылу синдромы бар зардап шегушіге көктамыр ішіне цефтриаксон енгізу кезінде кенеттен әлсіздік, бас айналу, тұншығу, тері жабындарының қышынуы және гиперемиясы туындады. АҚ- 60/40 мм с.б. Науқаста қандай шұғыл жағдай пайда болды?
А. Кардиогенді шок
Б. Жарақаттық шок
В. Геморрагиялық шок
Г. Анафилактикалық шок++
Е. Инфекциялық- токсикалық шок
79. Куәгерлердің айтуы бойынша науқас электр сымының жанында табылған. Қарау кезінде: тыныс алмайды, ұйқы артериясында пульсі жоқ, “мысық көзі симптомы”, аяқ- қолдары бұлшық еттерінің қатуы анықталды. Бірінші кезекте қандай реанимациялық шаралар жасау қажет?
А. Жүректің тікелей емес массажы
Б. Прекардиальді соққы
В. ӨЖЖ
Г. Дефибрилляция
Е. Бұл жағдайда реанимациялық шаралар жүргізілмейді++
80. 33 жастағы науқас Б. Оң жақ көзде пленка түрінде ісіктің пайда болуына, көру өткірлігінің төмендеуіне, жиі қызаруына, бөгде дененің сезіміне шағымданады. Офтальмолог науқасты қарап тексеруден кейін птеригиумның үшінші сатысы диагнозын қойды. Аурудың осы сатысында қандай асқынуды болжауға болады:
А. Глаукоманың жедел ұстамасы
Б. Онкологиялық ауру++
В. Орбита флегмонасы
Г. Теріскен
Е. Аллергиялық конъюктивит
81. Науқас 50 жаста, эндокринология бөлімшесінде "Қантты диабет II типі, инсулинге тәуелді" диагнозымен ауруханалық емделуде жатыр. Мейірбикелік тексеру кезінде аузының құрғауына, шөлдеуге, тері жабындарының қышынуына, кіші дәретке ауырмай жиі баруға, орташа жалпы әлсіздікке шағымданады. Ақыл-есі анық, науқастың қалпы белсенді, өзін қоршаған кеңістікті дұрыс бағдарлай алады. Мейірбикемен сөйлесу кезінде жақсы қатынаста, шаршау мен нашар ұйқыға шағымданады. Әңгімелесу кезінде науқас тарапынан емнен тиімділік болуына сенімсіздік пен өзінің болашағына қауіппен қарау түріндегі үрейлі жағдай байқалады. Мейірбикелік іс-шараның ұзақ мерзімдік мақсатын таңдаңыз:
А. Инсулин енгізуден кейін шөлдеудің азаюы
Б. Гипо- немесе гипергликемиялық команың даму қатерін анықтау
В. Диабеттік аяқ басының даму қатерін анықтау++
Г. Инсулин мөлшерін түзету есебінен шөлдеуді, полиурияны, терінің қышынуын тоқтату
Е. Науқаспен оның ауруы туралы әңгімелесу
82. Науқас Б. 48 жаста, гастроэнтерологиялық бөлімшеде "Асқазанның ойық-жарасы, өршу фазасы " диагнозымен ауруханалық емделуде.Эпигастральді аймақтағы күшті ауырсынуға шағымданады, тамақтан соң 30-60 минуттан кейін пайда болады, ауамен кекіреді, кейде тамақпен, іші қатқан, іші қампайған, "кофе қоюы" түсінде бір рет құсу болған. Науқасты қандай тексеруге дайындау қажет?
А. Нәжісте жасырын қанның болуына талдау жасауға++
Б. Нәжістен хеликобактерді табуға
В. Нәжістен көмірсуларды талдауға
Г. Нәжістен құрттар жұмыртқасын табуға
Е. Нәжістен лямблияның болуын табуға
83. Науқас А. Бірнеше апта бұрын гастростома қойылған және үйіне шығарылуға дайындауда.Науқас өзін жақсы сезінеді, алайда жақын арада өзі болатын үй жағдайына алаңдау сезімін өткіруде. Ол өзінің жаңа жағдайына медицина қызметкерлерінсіз жылдам үйренісуіне сенімді емес.Мейірбике не істеуі керек?
А. Туысқандарына үй жағдайында гастростомамен жұмыс істеу ережелерін үйрету++
Б. Науқасты арнайы әдебиеттермен қамтамасыз ету
В. Аурудың алдын алу мен оның асқынулары бойынша әңгімелесу
Г. Сауықтыру жөнімен отбасы мүшелеріне кеңес беру
Е. Науқасты қолдау
84. Зимницкий бойынша зәр жинау 77 жастағы Н. есімді амбулаторлык наукас үшін күрделі тапсырма. Егде жас пен атеросклероздың болуы салдарынан науқас мейірбике айтқан барлық тағайындауларды есте сақтай алмайды жане орындай алмайды. Функционалды сынаманы өткізу үшін зәр жинауды бақылауды қызына тапсырды, алдын ала қызына сынаманың бәрін үйретті. Теменде берілгендердің қайсысы Зимницкий бойынша зәр жинау ережесіне жатады?
А. Қуықты босату уақыты 9:00, 12:00, 15:00, 18:00, 21:00, 24:00, 03:00, 06:00++
Б. Қуықты босату уақыты 9:00-9:00(24 часа)
В. Қуықты босату уақыты 9:00
Г. Қуықты босату уақыты 06:00
Е. Қуықты босату уақыты 9:00, 15:00, 21:00, 03:00
85. Лаңкестік әрекет нәтижесіндегі жарылыс кезінде ер адамның сыртқы киімі тұтанды, бетін, денесін күйік шалды, есі тежелген, пульс жиілеген. АҚ 70/40 мм с.б. Берілген жағдайдың ЕҢ ықтимал себебін анықтаңыз:
А. Коллапс
Б. Естен тану
В. Беттің күйігі
Г. Гипертониялық криз
Е. Күйіктік шок++
86. Химиялық зерттеу жүргізіп жатқан кезде, мұғалім қауіпсіздік техникасын бұзған. Соның салдарынан көздің шырышты қабатына бром тиген. Шұғыл көмекті көрсетіңіз:
А. Бірден асептикалық таңба салу
Б. Сумен жақсылап шаю және ауырсынуды басу++
В. Тетрациклин жақпа майын қою
Г. Көзді жұмып, оған мұз қою
Е. Альбуцид тамызу
87. 20 жастағы науқаста мұрын жарақатынан кейін мұрнынан қан кетті. Сіздің әрекетіңіз:
А. Науқасты отырғызу, басын алдыға және төмен еңкейту, кеңсірігіне салқын қою және мұрын саңылауларына 3% сутегі асқын тотығына малынған тампон қою++
Б. Науқасты отырғызу, басын шалқайту, кеңсірігіне салқын қою және мұрын саңылауларына 3% сутегі асқын тотығына малынған тампон қою
В. Науқасты отырғызу, басын төменге және алдыға еңкейту, кеңсірігіне салқын қою және мұрнына новокаин ерітіндісіне малынған тампон қою
Г. Науқасты отырғызу, басын шалқайту және мұрын саңылауларына 3% сутегі асқын тотығына малынған тампон қою
Е. Науқасты отырғызу, басын төмен және алдыға шалқайту, кеңсірігіне салқын қою
88. Ер адам, 18 жаста. Шағымдары: мұрыннан су ағу, мұрынның бітелуі және түшкіру. Бұл шағымдар былтыр мамыр-маусым айларында мазалағаны анықталды және анамнезінде ерте балалық шақта тағамдық аллергия - тауық ақуызына бөртпе болғаны анықталды. Жағдайы қанағаттанарлық, температура - 36,2С. Тері және шырышты қабаттары әдеттегі түсті және ылғалды, бөртпе жоқ. Аңқасы таза. Сіздің болжамыңыз:
А. Аллергиялық альвеолит
Б. Аллергиялық ринит
В. Катаральная ангина
Г. Локализоланған есек жем
Е. Жоғары жақ синуситі
89.Тригеминальды невралгиясы бар 24 жастағы ер адамға физиотерапия тағайындалды.Медбике жаққышпен бетінің оң жартысына балқытылған парафиннің жұқа қабатын жағып жіберді.Қатайғаннан кейін бірнеше қабатты жағып,пластикалық орамамен жабыңыз.Бұл процедура үшін парафиннің тиімді температурасы қандай?
А.100C
Б.50C++
В.120C
Г.360C
Е.180C
90. 40 жастағы науқас пародонтиттің ауыр түрімен физиотерапиялық процедуралардан өтіп жүр.Физиотерапиялық процедураның қай түрі тағайындалды?
А.Импульсті гидромассаж++
Б.Суық гидротерапия
В.Ыстық гидротерапия
Г.Индифферентті гидротерапия
Е.Контрасты гидротерапия
100. 35 жастағы әйелге балшықпен емдеу тағайындалады.Балшвқ тұщы суда өсімдіктер мен жануарларды макро және микробиологиялық өңдеу кезінде ыдырағаннан кейін пайда болатын органикалық заттарға(10%- дан астам) бай.Емдік балшықтың қандай түрлері тиімді.
А.Шымтезек топырағы
Б.Сапропель++
В.Радон
Г.Сульфид
Е.Маржан
Достарыңызбен бөлісу: |