Тест спецификациясы
1. Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын Дүние жүзі тарихы пәні бойынша мемлекеттік аттестациялауға арналған тест.
2.Мақсаты: жалпы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациядан өткізуге әзірленген тест.
3. Міндеттері: жалпы білім беретін орта мектептердің 9-сынып оқушыларының Дүние жүзі тарихынан білім деңгейлерін анықтау.
4.Тест мазмұны:
Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде – 10, екінші деңгейде –6, үшінші деңгейде – 4 тапсырма.
Тест мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалған орта мектеп бағдарламасына сай мына бағыттағы тапсырмалардан тұрады:
№
|
Тақырып
|
№
|
Тақырыпша
|
01
|
ХVІІ-ХVIII ғғ. Еуропа және Америка елдері
|
01
|
XVII-XVIII ғғ. Англия
|
02
|
ХVІІ-ХVIII ғғ. Франция
|
03
|
ХVІІ-ХVIII ғғ. Германия, Италия, Австрия.
|
04
|
XVIII ғ. Солтүстік Америка
|
05
|
XVIII ғ. Ресей
|
02
|
XVII-XVIII ғғ. Азия мен Африка елдері
|
01
|
Қытай. Жапония
|
02
|
Үндістан. Иран. Осман империясы
|
03
|
Азии және Африка елдері ХVІІ-ХVIII ғғ.
|
04
|
XVII-XVIII ғғ. мәдениет пен ғылымның дамуы
|
03
|
XIX ғ. –XX ғ. басындағы Еуропа және Америка елдері
|
01
|
XIX ғ – XX ғ басындағы Ұлыбритания
|
02
|
XIX ғ – XX ғ басындағы Франция
|
03
|
Германия және Италияның бірігуі
|
04
|
Австро-Венгрия
|
05
|
XIX ғ – XX ғ басындағы Ресей
|
06
|
АҚШ
|
04
|
XIX ғ. –XX ғ. басындағы Азия және Африка
|
01
|
Қытай және Жапония
|
02
|
Үндістан
|
03
|
Осман империясы. Иран және Араб елдері
|
04
|
Мәдениет пен ғлымның дамуы
|
05
|
Халықаралық қатынастар
|
05
|
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әлем
|
01
|
Бірінші дүниежүзілік соғыс
|
02
|
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Батыс Еуропа елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы
|
03
|
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы АҚШ- тың әлеуметтік-экономикалық дамуы
|
04
|
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы
|
06
|
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Азия және Африка елдері
|
01
|
Шығыс Азия елдерінің экономикалық және саяси дамуы (Жапония, Қытай және Монғолия)
|
02
|
Үндістан, Иран, Ауғанстан және Түркия
|
03
|
Азия, Африкадағы араб елдері
|
07
|
Екінші дүниежүзілік соғыс
|
01
|
Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы. КСРО-дағы Ұлы Отан соғысы. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы
|
5. Тест жоспары
1- ші жартыжылдық:
|
ХVІІ-ХVIII ғғ. Еуропа және Америка елдері
|
- 5 тапсырма
|
XVII-XVIII ғғ. Азия мен Африка елдері
|
- 5 тапсырма
|
XIX ғ. –XX ғ. басындағы Еуропа және Америка елдері
|
- 5 тапсырма
|
XIX ғ. –XX ғ. басындағы Азия және Африка
|
- 5 тапсырма
|
1- ші жартыжылдық:
|
ХVІІ-ХVIII ғғ. Еуропа және Америка елдері
|
- 3 тапсырма
|
XVII-XVIII ғғ. Азия мен Африка елдері
|
- 3 тапсырма
|
XIX ғ. –XX ғ. басындағы Еуропа және Америка елдері
|
- 3 тапсырма
|
XIX ғ. –XX ғ. басындағы Азия және Африка
|
- 3 тапсырма
|
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әлем.
|
- 3 тапсырма
|
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Азия және Африка елдері.
|
- 3 тапсырма
|
Екінші дүниежүзілік соғыс.
|
- 2 тапсырма
|
6. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Оқу бағдарламасы бойынша оқушылар Қазақстан тарихы курсынан меңгеруі тиіс:
Кезеңнің хронологиялық шеңбері мен негізгі сипаттамасы; ХVIII-ХІХғғ әлеуметтік күрестің түрлері; түрлі елдер мен аймақтардағы буржуазиялық революцияның ерекшелігі мен нәтижесі; ХVIII-ХІХ ғғ Еуропа елдеріндегі капиталистік қатынастардың нығаюы, отарлау жүйесінің қалыптасуы; өнеркәсіп төңкерісінің себептері; капиталистік қатынастардың орнығуы; буржуазиялық елдерде биліктің түрлері; отарлау саясаттың қалыптасуы; отаршылдыққа қарсы күрестің себептері мен түрлері; кезеңнің негізгі деректері мен оқиғалары; атақты тарихи тұлғалар, мәдени ескерткіштер мен оқиғалар. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы хронологиялық шеңбері мен негізгі сипаты; капиталистік қатынастардың дамуының ерекшеліктері; ХХ ғасырдағы буржуазиялық революциялар; ХХ ғасырдағы партиялар мен қоғамдық қозғалыстар; Екінші дүниежүзілік соғыс пен Ұлы Отан соғысының оқиғалары.
7.Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Тесттің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт – 1,5 минут. Тесттің толық орындалу уақыты – 30 минут.
8. Нұсқалар мен тапсырмалар саны:
Нұсқалардың санын Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі анықтайды. Тест нұсқаларының баламалылығы:
- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;
- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен;
- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады. Бір нұсқада 20 тест тапсырмасы беріледі.
9. Тапсырмалар формасы:
Берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.
Нұсқау: «Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
10. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін оқушыға 1 балл беріледі. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмалары толығымен дұрыс орындалған жағдайда 20 балл алады.
Достарыңызбен бөлісу: |