Тест тапсырмалары
1. ҚР халқына онкологиялық көмек көрсету қай бұйрық бойынша іске асырылады?
А) 2011жылғы 12 тамыз №540
бұйрық
Б) ҚР ДСМ 10 тамыз 2019 жылғы № 169 бұйрық
В) ҚР ДСМ 9 шілде 2021 жылғы №362 бұйрық
Г) ҚР ДСМ 15 маусым 2015 жылғы № 104 бұйрық
2. Эксперименттік, клиникалық және статистикалық зерттеулер, сәулелі диагностика, терапия қай мекемеде жүргізіледі?
А)
онкологиялық диспансер
Б) ҚазОРҒИ
В) көп салалы емхана
Г) сәулелі терапия бөлімшесі
3. Қай бөлімшенің қызметкерлері иондаушы сәулелеудің техногендік көздерімен жұмыс істейтін тұлға ретінде «А» санатына жатқызылады?
А)
ядролы медицина бөлімшесі
Б) ҚазОРҒИ
В) көп салалы емхана
Г) сәулелі терапия бөлімшесі
4. Үйдегі стационарда көшпелі бригада құру қай бөлімшеде жүзеге асырылады?
А)
паллиативті көмек бөлімшесі
Б) ядролы медицина бөлімшесі
В) ҚазОРҒИ
Г) көп салалы емхана
5. Эзофаго, гастро, дуодено, ректо, колоноскопия қай бөлімшеде жүргізіледі?
А) паллиативті көмек бөлімшесі
Б) ядролы медицина бөлімшесі
В)
эндоскопиялық бөлімше
Г) көп салалы емхана
6. Күн сайын онкологиялық ем алған науқастарды есепке алу журналы
А) №35/е
Б) №185/е
В) № 101/е
Г) № 030-6/е
7. Онкологиялық науқастарды бақылау картасы
А) №35/е
Б) №185/е
В) № 101/е
Г) № 030-6/е
8. Ректосигмоскопия және тоқ ішекті саусақпен тексеру қай кабинетте жүргізіледі?
А)
проктологиялық кабинет
Б) маммологиялық кабинет
В) цитологиялық кабинет
Г) паллиативті көмек бөлімшесі
9. “Pallium” деген сөз не мағына береді?
А)көз бояушылық
Б) бетперде
В) көрпе
Г)
қорғансыз
10. Биопсия дегеніміз не?
А) эндоскопиялық зерттеу әдісі
Б) компьютерлік томография
В) тінді гистологиялық зерттеуге алу
Г) магнитті
резонансты томография