Тәуеліздік - тұғырым
Балғын ақындар айтысы
Мақсаты: Айтыс өнері арқылы оқушыларды суырып салмалылыққа баулу, домбыра әуеніне дауыс үндестігін келтіріп музыка білімін арттыру. Дамытушылығы: Егемендіктің қадірін түсінуге, тарих шежіресін білуге, салт-дәстүрді силауға баулу.
Көрнекілігі: Жартылай ағаш үйдің керегесі тұрғызылып, үй жыйһаздары, қазақтың ұлттық аспабы домбыра ілінеді.
Сахна шымылдығы айтыстың әуенімен ашылады.
Сахнада ,,Домбыра дастан,, ансамблінің ,,Той бастар,, күйі ойналады.
Барысы
Жүргізуші:
Армысыздар, қадірменді халайық! Бүгінгі кеш, өзге кештерден өзгеше , өйткені қазақ – сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де кемеңгерлігі мен көсемдігін , сөзге сыйғызған.
Бітпес даудың, бәтуасыз шудың кесімі де,шешімі де сөз болған. Сондықтан да сөзден өткен күш, сөзден өткен құдрет жоқ. Даралық сөз суырып салма ақындықпен туыстас. Бүгін сіздерге бала ақындардың айтысын ұсынғалы тұрмыз. Айтыскер оқушыларымызды шақырмас бұрын айтысқа аз-кем тоқтала кетейін.
Айтыс- бұл ұлттық өнер. Айтыс халық өнерін бейнелейтін өркем әдебиет саласының бірі. Онда халықтың қуанышы да ,қайғысы да, мәдени дәрежесі де адамдардың қарым- қатынасы да суреттеледі. Айтысқа суырып салма, сөзге шешен, қиыннан қиыстырар, білімді, бір сөзбен айтқанда сегіз қырлы бір сырлы адам қатыса алады. Міне сол ақындарға ,,болмасаңда ұқсап бақ,, -деп Абай данамыз айтқандай осы бір ұлттық өнерге бізде талпыныс жасап көрейікші деген мақсатпен алдарыңызға ,,Тәуелсіздік- тұғырым ,, атты тақырыпта 7 кластар арасындағы айтысты ұсынамыз.
Қарсы алыңыздар! 7әкласының балғын айтыскері Абылай Қонысбайұлы.
Әр ақынның өзіндік шамасы бар
Алып жүрер халқынан бағасы бар
Халайық, байқайсыз ба?- осы сіздер
Абылайдың ақын болуға талабы бар
Бағдар етіп отыз жылды межелеп
Елбасымыз ел алдында берді серт
Класының жетістігін жырлайтын
Алдарыңызда Арғынбайқызы Мерует
Балғын айтыскер Меруетті қарсы алайық.
Таниды әлем ,,Қазақстан ,, ел атын
50 елдің қатарына енетін
Шынболаттың ,,Шындығына ,, салатын
Саматұлы Әзімханың келетін
7а сыныбының балғын айтыскері Саматұлы Әзімханды шақырамыз
Еркелігі бойында, екі қасы қиыла
Үкілеп қосты апайы үміт артып қызына
Озат болып қатардан шығып еді класта
Қарсы алыңыз ағайын Сағынжантегі Назды да
Енді оқушылар айтысына баға берер қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі- Көптілеуова Майра
2.Аулымыздағы ақын ағамыз- М.Алтаев
3.Тәрбие жөніндегі орынбасар- Қоблашев Е
Бұл оқушылар тәуелсіздік туралы және өз кластарының жетістіктері мен кемшілігін арқау етіп сөз сайысына түседі.
Жүргізуші:
Көк аспанда тұлпарың
Желбірейтін күні – бұл
Менің ана тілімнің
Бағы ашылған күні –бұл
Дүбірлетсін өңірді
Дүрілдетсін дүлдүлі
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл күні- деп Абылай мен Әзімханды шақырмыз.
Абылай
Армысың жанашырым туған халқым
Бармысың айтысқа бел буған халқым
Көркейтіп айтысын да ,өлеңінде
Өмірін қайтадан бір құрған халқым
Тілектес,уа халайық мен бір ұлың
Арналар бүгін сізге ән мен жырым
Баянды болсын тұғырың тәуелсіздік
Халайық құтты болсын ұлы тойың
Әзімхан
Сөйле тілім алаңдама тартынба
Шындықты айтып Шынболаттай жарқылда
Саматұлы Әзімханың мен болам
Келіп тұрған ұлы өнерің айтысқа
Тәуелсіздік арналады саған жыр әнім
Қыран болып ұшатын мен ұланың
Әділ қазы аманбысың көрермен
Ал сөйлеші Абылайдай қыраным
Абылай
Ассалаумағалейкум ,бәріңізге
Жиналған үлкен-кіші кәріңізге
Алайын көрерменмен амандасып
Мұндайда мен көргем жоқ асып-сасып
Ұлымын Қонысбайдың Аблыай атым
Аблайдай бола алмаған талай батыр
Атыма сай болуға талпынамын
Құрметтеп алып жүрем Абылай атын
Әзімхан
Сөзін тыңда мәнін тыңда қарағым
Мен секілді ақын болар баланың
Бастауышта жеті озатың бар еді
Ал қазірше біріде жоқ солардың
Біз сіздермен қатар өскен ұл едік
Жерге ырыс, елге бақыт тіледік
Сабақтан қалып екілерді семірткен
Жалқауланған ұлдарыңды не делік?
Абылай
Кластас амансың ба?, халың қалай
Салатын бүгінгі күн әнің қандай
Дұрыстап өткізейік бұл айтысты
Бекерге кеуде соқтап дарылдамай
Озатым болмасада екпіндім бар
Нұржанның орны бөлек боксте алар
Жансая, Мейірбек пен Көркем-ай бар
Қыл қалам бояуыңмен сурет салар
Әрқашн өршіл болсын табысыңыз
Қарсылас жетістікпен мақтаныңыз
Айта отыр класыңды қандай екен
Артық айтып жүрмегін көріп жүрміз.
Әзімхан
Тәуелсіздік , тәуелсіздік жыр әнім
Ел іргесі берік болсын-ұраным
Тәуелсіздік өзіңді еркі сезіну
Салт-дәстүрім ,қолдан түспес құралым
Тәуелсіздік не деп оны түсіндік
Тәуелсіздік ар-ожданым кісілік
Адамға-адам, жолдас, бауыр, туыс боп
Ел жұртыңның алма құнын түсіріп
Абылай
Тәуелсіздік туралы айта кетсем
Оңайлықпен келген жоқ олда білсең
Ішінде болмасамда көп естідім
Анамнан жәнеде мұғалімнен
Қайран елім тәуелсіздікті аңсап өткен
Қорлыққа да шыдамаған сарсаң еткен
Жылында мың тоғыз жүз сексен алтының
Бұрқ еткен көтеріліс сол себептен
Тыныштық көтеріліп қас-қағымда
Өмірде дауыл тұрды аспанында
Тәуелсіздік үшін деп қалың жастар
Қара шаңды шұбыртты көш соңында
Әзімхан
Тәуелсіздік менің байтақ Отаным
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай ,Шоқаным
Тәуелсіздік сәбилердің шаттығы
Тәуелсіздік ақ батасы атаның
Тәуелсіздік, тәуелсіздік жыр әнім
Көк байрағым,Елтаңба мен Ұраным
Атыңнан айналайын тәуелсіздік
Қолда елімді қасиетті құраным
Абылай
Абылай жарық етейін атыма сай
Бұл төрде сөз сөйлеуге хақым барда-ай
Әзімхан ашылып бір сөйлесейші
Түнеріп жауатын бір бұлтқа ұқсамай
Ағайын тәуелсіздік жәй келген жоқ
Желтоқсан ызғарынан мұз қатқан еді
Құрбан боп бостандықтың жолында өткен
Аташы желтоқсанның боздақтарын
Әзімхан
Желтоқсанда ақиқатты іздедік
Қорлығына бодандықтың төзбедік
Басшы таппай қазағымның бірінен
Кәне , айтшы біз олардан кембе?- едік
Желтоқсанның мұзға жанды алауй
Қолдарында ұстаған бір жалауы
Ербол, Қайрат, Ләззат пенен Сабира
Тәуелсіздік болған еді қалауы
Абылай
Желтоқса жас арудың жанарында
Желтоқсан қанды ғасыр табанында
Желтоқсан жаңа ғұмыр бастағанда
Бүгінгі жас буынның санасында
Отаным қазақстан алтын бесік
Мінекей ұлы жолға түсті келіп
Ағайын бар тілерім бір алладан
Тұғырың мықты болсын тәуелсіздік
Айтысты бастаған А.Қонысбайұлының бағасын көтерейік.
Қыран құсым көк аспанда самғсын
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр
Жас ұландар биік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын
Енді алдарыңызға екінші жұп айтыскер қыздарымызды шақырайын.
7а класының айтыскер қызы Наз 7ә класының айтыскер қызы Мерует
Наз
Армысыз, жиналған жұрт барша қауым
Иіліп сәлем беру ата салтым
7асыныбынан келіп тұрмын
халқымның көрсетем деп дәстүр-салтын
Үкіледің-ай
Үміт артың-ай
Сағынжан немересі Наз боламын-ай
Мерует қарсыласым амансың ба
Сөздерің бүгін сенің маған сын ба
Егер мен ұтып кетсем қазір сені
Үйіңе бұлтаңдамай қайтасың ба№
Кластасым-ай
Құрбы досым-ай
Сәттілік бүгін саған тіледім -ай
Мерует
Қызымын мен елімнің
Гүлі едім жерімнің
Еркесі едім әкемнің
Ән менен жыр серігім
Болады атым Мерует
7ә ден шыққан жақұт деп
Жарқырап шықсам мен бүгін
Бір алла өзің қолдап өт-ай
Наз
Дауылға желтоқсанның желі айналды
Ашуға мінді Алатау кәрі айбарлы
Күтпеген іс ақыры не болады-деп
Күллі әлем Алматыға қарай қлды
Желтоқсаным-ай
Ызғарлысың-ай
Алаңға талай жастар жиналғансың-ай
Жастарым бодандыққа қарсы тұрдың
Намыс пен ар –ожданды ту қылдың
Аңсаған ата-бабам жолын қуып
Тәуелсіз егеменді ел болдық-ай
Қайрат ағам-ай
Ләззат апам-ай
Сәбира , Ерболдардан із қалды ма-ай
Мерует
Қарсыласым құрдасым
Кекіліңді күн қақсын
Кешегі жаратылыстану апталығында нешінші орын алғансың
Қалыпта қойып біріңнен
Озыпта кетіп біреуден
Құттықтаймын бәріңді
Тәуелсіздік күнімен-ай
Наз
Қарсылас маған қояр кінәң қайсы
Жетістік бар еді ғой бізде мұндай
Екі жыл қайырымдылық акцияңда
Мадақтау грамотын алғанбыз-ай
Мақсат мығым-ай
Шерхан керім –ай
Ақгүлдей жоқ қой сенің қыздарың –ай
Бойымнан артық мінім табылмаған
Бокстан Талант алған І орын
Мейіржан қалыспады ІІ орын
Мерует екпіндім бар артқан сенім
Сұрақ қойдың-ай
Жауап берем –ай
Апталықта алғанбыз І орын-ай
Мерует
Жібердік еркін ат басын
Қиянат жанға батқасын
Тоқырау таңын күйреттік
Теңдіктің күні батпсын-ай
Желтоқсан айы естесің
Дауыл боп бұрқап ескенсің
Азаттық күй қашаннан
Көкейін елдің тескенсің-ай
Наз
Сын айтсам саған құрбым құп алғайсың
Озат жоқ класыңда мойындайсың
Осындай сын сағаттар туған кезде
Жетістік қайдан алып мақтанасың-ай
Үздік бар ма-ай
Үнсіздік-ай
Сабаққа ынта жоқ па бұл қалай-ай
Мерует
Класымның басшысы
Көркем-айдай қызым бар
Айтысыңа келіп тұрған абылайдай ұлым бар-ай
Нұр мен бақтан құралған
Нұрбақыт сынды шәкірт бар
Алға сүйрер класты Маақтанышым осылар
Наз
Қазағым арлы халық, дана халық
Жүрегі лүпілдеген бала халық
Қонақжай бауырмалдық қасиеті
Тұрады басқа ұлттан дараланып
Дана халқым-ай
Бала халқым-ай
Тұрасың басқа ұлттан дараланып-ай
Көрерменім –ай
Көріскеншең –ай
Ағайын құтты болсын мерекеңіз-ай
Мерует Тарылып жатса даламыз
Қайтіп біз тыныс аламыз
Қақымыз жоқ айтуға
Әділет қайдан табамыз
Бұрқ етті қазақ баласы
Кеудеде өршіп наласы
Алаңға қарай ағылды-ей
Таусылып балық шарасы-ай
Қош бол енді көрермен
Қоштасмын сіздермен
Тәуелсіздік тұғырың
Мықты болсын егемен-ай
Рахмет қыздар ,әдемі бір айтыс болды ғой деп ойлаймын. Атысты бастаған бірінші Наз болатын ,бағасын көтерейік. Екінші айтыскер Меруеттің бағасы
Жәнеде бір әсем ән тыңдай отырыңыздар. Мираның орындауында ,,Біз өмірдің гүліміз,, әні.
Жүргізуші:
Бұл айтыс өнерінің бірнеше түрі бар екен.
-
Ақындар айтысы
-
мысал айтыс
-
жар-жар айтыс
-
бәдік айтыс
-
Мақал айтыс
-
Жұмбақ айтыс
Біз сол бүгінгі оза шыққан айтыскерлерімізге мақал айтысты ұсынғалы тұрмыз.Әділ қазылар оза шыққан айтыскерді атайды .
Абылай мен Наз мақал айтысын көрсетеді.
Абылай
Сауық кешке келгендер
Сөз маржанын терейік
Мына бізге құлақ сал –ей
Мақал айтысып көрейік
Сүйсіндірер қауымды
Өлеңшінің сөзі алтын
Өнерлі кісі қадірлі-ай
Өнерлінің қолы алтын
Наз
Айтқан ата-бабамда
,,Арпа –бидай ас,, екен
Ас болмайды адамға-ей
Алтын-күміс тас екен
Қайтіп кірер есікті
Қатты жаппа егінде
,,Екі елі қақпақ десіпті-ей
Елі толмас ерінге
Абылай
Бір сөз айтсаң жақсыға
Аталы сөзге тоқтайды
Бір сөз айтсаң жаманға-ей
өмірінде ұқпайды
Екелі қақпақ дегенің
Бол ие аузыңа дегенің
Сәнін айтшы қанекей
Адамзат пен жеріңнің
Наз
Ей, Абылай бер қара
Мұқатам деп ойлама
Білім алғам ұстаздан
Жауап табам мұныңа-ей
Өнер- білім , ақылы
Адамзаттың сәні де
Жеміс -өнім дақылы
Жер анамның сәні де-ей
Абылай
Қырдан ескен самалы
Салтымыз бар бағалы
Қанағат болдым жауапқа
Айналдым сендей қыздардан-ей
Асыл сөз көп халықт
Тыңдай жүрер құлаққа
Іздеген жетер мұратқа-ей
Ізденуден жалықп
Наз
Көкірегі соқырға
Өмірдетаң атпайды
Шешеннің сөзі шын алтын-ей
Қап түбінде жатпайды.
Атыңа сй затың да
Бол, Абылай тұлғалы
Ризамын мен өзіңе-ей
Ертеңі елдің ұланы
Абылай
Жаман адам белгісі
Түйе үстінде ит қабар
Өсер елдің баласы-ей
Татулықпен із табар
Құтты болсын ағайы
Тәуелсіздік мерекең
Ынтымақ пен бірлік боп-ей
Арта берсін берекең
Наз
Өнерлі бол өренім
Деп айтысқа әкелдің
Рахмет айтамыз
Тәлімгердей апайға-ей
Жаршысы боп жақсы істің
Арамызда жүре бер
Осыменен қоштастық-ей
Риза бол көрермен-айдай-ей, айдай-ей
Күй – халықтық мұрамыз
Бабадан қалған бұл аңыз
Жүрегіңе қона алса
Оған тәуба қыламыз
,,Домбыра дастан,, ансамбілінің орындауында күй- ,,Кеңес,,
мақал айтысының бағасын көтеру.
Жүргізуші:
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ- деген екен Бұқар жырау.
Ал қазылар біздің айтыскерлер өз міндеттерін бар шамаларынша атқарып шықты, ендігі сөз кезегі қазылар алқасы сіздерде.
Айтыскерлерді марапаттау ,демеушілердің құттықтаулары.
Көрермендер келесі кездескенше!
Сау саламатта, бай қуатта болайық!
Тәуелсіздік тұғырың мықты болсын,
Алдағы мереке құтты болсын!-ағайын деген тілекпен бүгінгі сайысты аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |