Дидар: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Қымбат: Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!
Дидар: Бүгін мереке! Жаңа оқу жылы басталып, салтанатты жиынға сап түзеп, тағы да, мектеп-гимназиямыздың кемесі «Білім» атты теңізге сапарға шығады.
Қымбат: Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,
Құтты болсын «Білім күнің »- мерекең!
Дидар: Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет» деген еді. Олай болса мына алмағайып заманда тек білімді, тұла бойына ата-баба дәстүрін сіңіре білген азаматтар ғана өрелі істерді бағындыра алады. Рухани жаңғыру тек бүгіннен басталатын жұмыс емес. Ол жүйелі түрде іске асу үшін еліміздің әр азаматы өз елінің патриоты болу керек!
Қымбат: Мақалада айтылған әрбір ойдың астарында терең мағына, парасатты пікір жатыр. Президент ой-толғауында білімге айтарлықтай басымдық берді. Ал жақсы маман, жақса адам тәрбиелеу – елге игі рухани жаңғыру үшін ауадай қажет! Әрине, салт-дәстүрін дәріптеп, ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген өз Отанының адал да патриот азаматын тәрбиелеуде ұстаздарымыздың еңбегі орасан зор. Сіздердің дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс тілей отырып, «Мен –өз елімнің патриотымын» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!!!
Дидар Бүгінгі салтанатты мерекемізге қатысып отырған қонақтармен таныс болыңыздар::
________________________________________