Тәуелсіз қазақстандағЫ Қандастар: миграциялық Үдерістер барысы (1991-2020ЖЖ)



бет7/14
Дата16.11.2023
өлшемі0.51 Mb.
#483450
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАНДАСТАР МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР БАРЫСЫ (1991-2020ЖЖ)

1989ж

1999ж



1989 жылға қарағанда 1999 жылы %

Мың адам

%

Мың адам

%




Қазақстан Республикасы

16199,2

100

14953,1

100

92,3

Қазақтар

6496,9

40,1

7985

53,4

122,9

Орыстар

6062

37,4

4479,6

30

73,9

Украиндықтар

875,7

5,4

547,1

3,7

62,5

Немістер

946,9

5,8

353,4

2,4

37,3

Татарлар

320,7

2

249

1,7

77,6

Басқа ұлт өкілдері

1497

9,2

1339

9

89,4

Аймақтар бойынша:

Шығыс

1767,2

100

1531

100

86,6

Қазақтар

687,9

38,9

743,1

48,5

108

Орыстар

914,4

51,7

694,7

45,4

76

Украиндықтар

35,7

2

15,7

1

44

Немістер

66,9

3,8

32,1

2,1

48

Татарлар

28

1,6

24,5

1,6

87,5

Орталық

1745,4

100

1410,2

100

80,8

Қазақтар

449,8

25,8

529,5

37,6

117,7

Орыстар

817,9

46,9

614,4

43,6

75,1

Украиндықтар

128,5

7,4

78,8

5,6

61,3

Немістер

159,2

9,1

57,2

4,1

35,9

Татарлар

52,8

3

39,3

2,8

74,4

Солтүстік

4142,6

100

3387

100

81,8

Қазақтар

1021,2

24,6

1155,2

34,1

113,1

Орыстар

1891,6

45,7

1459,1

43,1

77,1

Украиндықтар

426,4

10,3

302,2

8,9

70,9

Немістер

431,4

10,4

194,7

5,7

45,1

Татарлар

90,2

2,2

71

2,1

78,7

Батыс

2111,1

100

2054,4

100

97,3

Қазақтар

1262,3

59,8

1520,6

74

120,5

Орыстар

560,3

26,5

373

18,1

66,6

Украиндықтар

116,5

5,5

35,8

1,7

30,7

Немістер

37,9

1,8

14

0,7

36,9

Татарлар

39,7

1,9

27

1,3

68

Оңтүстік

5079,6

100

5122,1

100

100,8

Қазақтар

2770,6

54,5

3468,9

67,7

125,2

Орыстар

1110,2

21,8

698,6

13,6

62,9

Украиндықтар

100

2

37,3

0,7

37,3

Немістер

210,8

4,1

36

0,7

17,1

Татарлар

75,3

1,5

54,2

1

72

Астана қаласы

281,3

100

319,3

100

113,5




Қазақтар

49,8

17,7

133,6

41,8

268,3




Орыстар

152,1

54,1

129,5

40,5

85,1




Украиндықтар

26,1

9,3

18,1

5,7

69,3




Немістер

18,9

6,7

9,6

3

50,8




Татарлар

9,3

3,3

8,3

2,6

89,2




Алматы қаласы

1071,9

100

1129,4

100

105,4




Қазақтар

255,1

23,4

434,4

38,5

170,3




Орыстар

615,4

57,4

510,4

45,2

82,9




Украиндықтар

42,2

3,9

22,8

2

54




Немістер

20,8

1,9

9,4

0,8

45,2




Татарлар

25,3

2,4

24,8

2,2

98




Көші-қон нәтижесінде Қазақстаннан еңбекке қабілетті жастағы (30-45 жас) тұрғындар көптеп көшіп кеткен екен. Халықтың көші-қоны, демографиялық процесстердің келеңсіздігі славян халықтың табиғи өсімінің төмендеуіне әкелді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары славян халықтары мен немістер саны азая бастаса, жергілікті қазақ халқының үлес салмағы көбейді.
1990 жылдардың басында шетелдерде 5 млн-нан астам этникалық қазақтар тұрып жатты. Оның ішінде Қытайда – 1,5 млн, Өзбекстанда – 1,5 млн, Ресейде-740 мың қазақтар өмір сүрді. Оралмандарды Отанға шақыру бағдарламасы тек қана шетелдегі қазақтарды Отанға оралту емес, көші-қон салдарынан ушыққан этнодемографиялық мәселелердің де шешіміне байланысты болатын. 1991-2000 жылдары Қазақстанға 42 мың отбасы немесе 180 мың адам келген [52,65].


2 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӨШІ-ҚОН ПРОЦЕССТЕРІ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ


2.1 2000-2020 жылдардағы Қазақстаннан сыртқа көші-қонның себептері мен көлемі

Тәуелсіз Қазақстанның көші-қон процестері 1991 жылдан басталады. Көші – қон процесстерінің өзіндік тарихы бар, оны кезеңдерге бөлуге болады, динамикасын, бағытын, көлемін талдауға болады. ХХ ғасырдың 90 жылдарында Қазақстаннан көшіп кеткен көші-қон ағымы басым болды. Негізінен, Ресей, Германия, ТМД елдеріне көшіп кетті. 14 жыл ішінде 16,4 млн адамнан 3 млн адам көшіп кеткен екен. Олардың ішінде 2,1 млн адам қайтымсыз көшіп кеткен. Сондықтан, 1992-2002 жылдардың ішінде эммиграция мен Қазақстан Республикасы халқының туу көрсеткіштері 10 пайызға келіп, 14,825 млн адамды құраған [52, 10].


2003-2005 жылдары табиғи және механикалық өсім көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалады. 2005 жылы 1 шілдеде халық саны 15146,8 мың адамға жетіп, қала халқы 57,3 % болса, ауыл халқы 42,7 % болды [52,17]. 90 жылдары мемлекет алдымен экономикалық мәселелерді шешуге мән берді. Жоғары білімді азаматтардың көшіп-кетуі ұлттық экономика үшін келеңсіз құрылыс болды. Қазақстандағы интелектуалды эмиграцияның салдары әлі зерттелген жоқ. Ресей ғалымдары жыл сайынғы қайтымсыз эмиграцияда 50 мың жоғары білімді маманды ескеріп, жылына экономикалық шығынды 25 млрд. доллар деп бағалаған. Ал, АҚШ - қа Ресейден, АҚШ елдерінен 90 жылдардың басында 1 млн адам келген. Бұл ағым 500 млрд доллар болып есептелді [53].
1992-2005 жылдары Қазақстаннан кеткен жоғары және аяқталмаған жоғары білімді кеткен мамандар 200 мың адам болса, шамамен шығыны 100-125 млрд долларды құрады.
Интеллектуалды эмиграциядан басқа, елден жүздеген мың білікті арнаулы орта білімі бар жұмысшылар кетіп қалды. Олар негізінен индустриалды және ауыл шаруашылығы секторында қызмет етсе, 1 млн шамасында немістер ауыл шаруашылығында еңбек еткен еді.
Қазақстан Республикасының еңбек нарығында білікті мамандардың көпшілігінің кетіп қалуына байланысты өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, білім саласында, басқа салада еңбек ресурсына қажеттілік күшейді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік көші-қон саясатының негізгі бағыты қазақтарды репатриациялау болатын. Көші-қон бойынша комитеттің мәліметтері бойынша 1991-2005 жылдары квота бойынша Қазақстандағы 122,7 мың репатриант келді. Бұл уақыт аралығында 433,1 мың этникалық қазақтар келген [53].
Алғашында, репатриация сәйкес заң базасының басталғасын көптеген қиындықтардың болғаны рас. 10 шақты жыл көлемінде Монғолия мен Өзбекстаннан келген ондаған мың қазақтар азаматтығы мен төлқұжаттарын ала алмады. 2017 жылы 39 мың иммигрант осы құжатын ала алмаған.
Сонымен бірге, оралмандар жұмыссыздық, әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеу, бейімделу қиындығына, жемқорлық сияқты қиындықтарға тап болды.
Кейінгі жылдары, экономикалық жағдай түзелгеннен кейін оралмандардың келу қарқыны күшейді. 1991-2000 жылдары 42 мың отбасы немесе 180 мың адам келсе, 2001-2005 жылдары 65 мың отбасы немесе 250 мың адам келді. Нәтижесінде жыл сайынғы оралмандардың келу қарқыны 2000 жылдары 3 есеге артты [52,17].
Алдымен көші-қон жағдайы өзгеріп келеді. Еңбек көші-қоны негізгі көші-қон ағымына айналды. Қазақстан жыл сайын 300-500 мыңнан 1 млн еңбек мигранттарын қабылдайды. Еңбек нарығында да жағдай күрделі. Ішкі жалпы өнім өскенмен, 2004 жылы жеке жұмыспен айналысатын 2,7 млн адам саналған. Жұмыссыз халық саны 658,9 мың немесе 8,4 % құраған [54,7].
2002-2012 жылдар демографиялық қолайлы уақыт болды деп есептеген, ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығында еңбекке қабілетті 2,5 млн адам болу керек. Сондықтан, кәсіби білім мәселесімен жаңа жұмыс орындарының ашылуы күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналды.
Көші-қон туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданған [55]. Заң халықтың көші-қон саласындағы қоғамдық қатынасын реттеп, көші-қон процесстерінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік негіздерін айқындайды.
Дегенмен, 1968 жылдан кейін күні бүгінге дейін республикада көші-қон процесінде кері жағдай орын алды. Сыртқы көші-қонда халықтың кетуінде жоғары қарқындылық көрінді. Мысалы, 1970-1979 жылдары және 1980-1989 жылдары жылына орташа есеппен 1 мың адамға шаққанда көші-қон сәйкесінше 5 және 7 адамды құрады. Көші-қон нәтижесінде Қазақстанда 70 жылдары халықтың табиғи өсімінің 28 пайызы жойылды, ал 80 жылдары 38 пайызды құрады [56,9].
2005 жылы бұл көрсеткіштер 8 есе артып, 22668 адамды құрады [58,90]. Жақын шетелдермен көші-қонның кері сальдосы 2005 жылы тек Қазақстанның екі аймағында тіркелді: Шығыс Қазақстан (4873 адам) және Павлодар облысы (124 адам). Бұл облыстарда көшіп кеткен орыстардың саны осы кезеңде көшіп келген орыстардан басым болды. Бұл облыстарда халықтың этникалық құрамында орыстардың саны көп болды.
Дей тұрғанмен, 1990 жылдарға қарағанда Қазақстаннан Ресейге көшкен көші-қон ағымы 2000 жылдары төмендегідей түседі. Егер 1999 жылы Қазақстаннан Ресейге 25 мың адам көшіп кетсе, 2003 жылы көшіп кетушілер 14 мың адамға азайды, ал 2006 жылы бұл көрсеткіштер 11,9 мың адамға төмендеді [58,91].
2000 жылдың басында Қазақстандағы этнодемографиялық процесстердің дамуындағы тағы бір маңызды тенденция Қазақстанға Қытай мен Өзбекстаннан оралмандар ағымының көптеп келуі болатын. Өзбекстанда 2000 жылдардың басында 940,6 мың қазақ тұрған. 2000 жылы Қытайда 1,5 млн қазақ тұрған. Қытайдағы туу санын шектеу бойынша мемлекеттік бағдарлама қазақтарға арналмайды. 2001 -2004 жылдары Қазақстанға алыс шетел мен ТМД елдерінен келетін қазақтар саны артып отырды. Статистикалық мәліметтер бойынша, жақын шетелдермен, әсіресе, Өзбекстан, Түркіменстан, Ресей, Қырғызстаннан келген этникалық қазақтар саны 1999-2004 жылдары 4,15 есе артқан ал алыс шетелден, Қытай Монғолия, Түркиядан келген қазақтар саны -6,6 есеге артты [70, 121].
2000 жылдардағы оралмандарды қайтарудың ұлттық бағдарламасы жүзеге асырды. Бұл бағдарламаны орындау үшін шетелден қандастарды шақыра отырып, Қазақстан халқы 2025 жылы 20 млн-ға жеткізу мақсат етілді. Көші-қонның ең қарқынды болған уақыты 2005-2007 жылдар болды. Оралмандар республикаға квота бойынша да, мемлекет белгілеген квотадан тыс та оралмандар келді. Егер де 2000-2001 жылдары оралмандарға берілетін квота жылына 500-600 отбасын құраса, 2005-2008 жылдары жылына 15 мың отбасыға ұлғайды. Ал 2009-2011 жылдары квота 20 мың отбасыға артты [70,112].
Дей тұрғанмен, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени бейімделу бағытында бірқатар қиындықтар да болды. Себебі келген оралмандар жұмысқа орналасуда, әлеуметтік төлемдер алуда қиындықтарға тап болды.
1999-2009 жылдары иммиграция процесіне тек қазақтар ғана емес, өзге этнос өкілдері де қатысты. Қазақстанға ТМД елдерінен 542 781 адам 1999-2009 жылдары келген. Оның ішінде қазақтар (72,1%), украиндар (1,3 %), кәрістер (1,2 %), татарлар (1 %) [70,102].
Қарастырылып отырған кезеңде Қазақстан қоғамының этникалық құрамының өзгеруіне көршілес Орталық Азияның елдерінен, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен еңбек мигранттары келуі ықпал етті.
Қазақстан Республикасының статистика бойынша Агенттігі 2005-2009 жылдары Қазақстанға жыл сайын келген еңбек мигранттарының орташа саны 200 мың болды [54,75].
2000 жылдары бұрынғыша «ауыл -қала» желісі бойынша ішкі көші-қон жалғаса берді. Бұл 90 жылдардағы экономикалық қиындықтарға байланысты болды. 2000 жылдардың басында қаладағы әлеуметтік-экономикалық саладағы жағдай тұрақталып, ірі өнеркәсіп орталықтарында жағдай түзелгенмен, ауылда қиындықтар көп болды. Ол ауыл шаруашылық құлдырауымен байланысты болатын.
Ішкі көші-қонның негізгі үлесін қазақ халқы құрады. 2009 жылғы халық санағы бойынша, қазақтар ауылдан қалаға көшкен жалпы мигранттардың 78 % құрады. Ішкі көші-қонның 7,5 % өзге ұлт өкілдері енді. Олардың ішінде 1,4 % украиндар, 1,1 % немістер, 0,9 % кәрістер болды [54,76-77].
Көші -қон процестерінің оң сальдосы, Қазақстан халқының санының артуына ықпал етті. Республика халқының құрылымындағы қазақ халқының санының қарқыны артты.
1991-2009 жылдардағы Қазақстан Республикасында этникалық процестердің динамикасының нәтижелері 2009 жылғы ақпан-наурыз айларында өткізілген Қазақстан Республикасының халық санағы нәтижелерінде көрінді.
Санақ мәліметтері бойынша, Қазақстанда 2009 жылдың басында 125 ұлттың өкілдері тұрды. Олардың ішінде саны жағынан басым 7 негізгі этнос: қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндар, ұйғырлар, татарлар, немістер болды. Бұл халықтар Қазақстандағы халықтың 95,6 % құрады.
Санақ мәліметтеріне сай, қазақ халқы 10 096763 адамды құрап немесе республика халқының 63,1 % құрады. Бұл көрсеткіш бұған дейінгі санақтарға қарағанда қазақ халқының үлестерінің артқандығын дәлелдеді. 1999 жылғы санақ бойынша қазақ халқының үлесі 53,1 % құраған болатын. 1959 жылғы санақ бойынша қазақ халқының үлесі 30,1 % болса, 1989 жылы 40 % құраған еді.
Ал, орыстардың үлес салмағы 60 жылдардан бастап, азая береді. Орыстардың арасында туу көрсеткіштері төмен болатын. 90 жылдарда көші-қон процесттері, табиғи өсімнің төмендеуі барысында республика халқы құрамындағы орыстардың саны азайды.
Дей тұрғанмен, 2009 жылы санақ бойынша республикадағы қазақтардан ірі екінші халық ретінде орын алды. Қазақ халқының жалпы санындағы үлесі 23,7 % құрады.
Қалған этностар мен этникалық топтардың үлесі республика халқының 13,2 % құрады. 2009 жылғы санақ бойынша республикадағы үшінші ұлт өзбектер болатын. Олардың саны 1959 жылы 137 мың болса, 2009 жылы 457 мыңға артқан немесе 1,5 % тен 2,9 % ке артқан.
Украиндықтардың үлесі 1959 жылы 8,2 % тен 2009 жылы 2,1 % ке төмендеген. Немістердің саны да 1959 жылы 7,1 % тен 2009 жылы 1,1 % ке төмендеген. Ұйғырлардың қазақ халқының этникалық құрамындағы үлес салмағы өскен. 1959 жылы 60 мың болса, 2009 жылы 225 мыңға жеткен (2.1 кесте).

Кесте 2.1. 1989, 1999 және 2009 жылы халық санақтары бойынша Қазақстан халқының ұлттық құрамы [51, 24].








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет