ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ
М.А. Токжигитова
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің
PhD 2 курс докторанты
Шымкент қаласы, maira5585@mail.ru
Аңдатпа
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының алдыңғы қатары өздерінің саяси қызметінде ұлттық, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды қорғауды басты мақсат деп білді. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресінде қол ұшын созуға ұмтылды, әр бір адамның және әр бір халықтың жеке өз бостандығына құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізу сияқты жалпыадамзаттық қазыналары үшін аянбай тер төкті.
Аннотация
Передовой круг казахской интеллигенции начала ХХ века в своей политической деятельности считал главной целью защиту как национальных, так и общечеловеческих ценностей. Они стремились помочь своему народу в борьбе за независимость и освобождение от колониального рабства, самоотверженно потеют за общечеловеческие сокровища, такие как право каждого человека и каждого народа на личную свободу и свободный доступ к достижениям и успехам всей человеческой культуры.
Annotation
The leading ranks of the Kazakh intelligentsia at the beginning of the XX century saw in their political activities the main goal of protecting both national and universal values. They sought to help their people in their struggle for independence and liberation from colonial slavery, and worked tirelessly for universal treasures, such as the right of each person and each nation to their own freedom and free access to the achievements and achievements of the entire human culture.
Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз аңсап армандаған егемендігімізге қолымыз жетіп, өз алдымызға дербес, Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің іргетасы қалана бастағанына биыл отыз жыл толуда. Осы уақыт ішінде халқымыздың ой-санасында да үлкен-үлкен өзгерістер болуда. Ең бастысы, бірнеше ғасырға созылған отаршылдық езгі салдарынан қанымызға сіңе бастаған құлдық психологиядан арылуға деген талпыныстың өзі – үлкен жетістік. Соның нәтижесінде халқымыз ұлт ретінде өзін – өзі танып қана қоймай, сонымен бірге жасампаздық қырымен сыртқы елдерге танылуға мүмкіндік туып отырғанын бөле айтқанымыз ләзім.
Тарихы жоқ ел болмайды. Елдің ертеңі бүгіннен басталады. Ел болашағын ойлауды өткенімізді біліп, бүгінімізді танудан бастағанымыз жөн болар. «Тарихты бірін өзіміз ұнатып, құптайтын, ал келесісін «жағымсыз» санап, бойымызды аулақ салатын үзік-үзік оқиғалардың жиынтығы деп пайымдамау керек. Яғни, өткенімізді тұтас күйінде, ешқандай боямасыз, қоспасыз қаз-қалпында қабылдағанымыз жөн болар. Ал өткен жылдар шежіресін үнемі әрі бұрмалаусыз зерделеп отырудың жөні бөлек. Мұның өзі өткендегі тәжірибенің жақсысынан үйрену үшін, ескі қателіктерді қаулата бермес үшін, жаманнан жирену үшін қажет», - дейді бұл турасында тұғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын» деген тарихи еңбегінде [1].
Қазақ даласы қилы тағдырды басынан кешті. Дала төсінде ежелгі сақ, ғұн, түркі, қыпшақ тайпалары мекен етті. Сайын дала сол перзенттерін жат көрмеді, құшағына келгенін бауырына басып, табан тірер мекені болды. 1465 жылы Керей мен Жәнібек хан қазіргі Шу өңірінде Қозыбасы деген жерде Қазақ хандығын құрды. Қазақ халқының хандық жүйеде мемлекет ретінде өмір сүру XIX ғасырдың бірінші жартысына дейін жалғасты. Осы кезеңнен бастап тәуелсіздік алған 1991 жылға дейін Қазақстан Ресей мен Кеңес Одағының құрамында болып келді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 60 пайыздан астамын қазақ ұлты құрайтыны бәрімізге аян.
XX ғасырдың басында қазақ зиялылары бастаған ұлт-азаттық көтерілісті өрістетті. Ол тарихта «Алаш қозғалысы» деген атпен енді. «Алаш қозғалысына» ат салысқан азаматтар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Дулатұлы, Ә.Ермеков, М.Тынышбаев, М.Шоқай т.б. ұлы қайраткерлер 1917 жылы шілде, желтоқсан айларында өткен жалпықазақ съездерінде «Алаш» партиясын және «Алаш автономиясын» құрды.
Қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін өз өмірін сарып еткен қазақтың адал азаматтарының қатарында қаншама зиялыларымыз болды.
Өткен ғасырдың соңына қарай Кеңес өкіметі ыдырап, соның нәтижесінде 1991 жылы қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізді.1990 жылы 25 қазанда Тәуелсіздік жөніндегі декларация қабылданды, ал 1991жылғы 16 желтоқсанында Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады.
16-желтоқсан – еліміздің егемендігін жариялаған күн. Сол күні көгімізде тәуелсізідік туы желбіреді. Содан бері 30 жылға таяу уақыт өтті. Осы өшпес жылдар белесінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамыды. Саясаттағы сындарлы бағыт өз жемісін беруде. Береке-бірліктің арқасында әлем таныған іргелі мемлкетке айналыдық.
Ғасырлар бойы арман еткен егемендікті қазақтың басына қонған бағы, астына орнаған тағы деуге болады. Қазақ елі талай белестерді бағындырды. Желтоқсанда жарқ еткен жалынды жастар қазаққа азаттық таңын сыйға тартқандай болды. Осылайша күллі жаһанға қазақтың қайратын, айбынын танытты.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан – ата – бабаның орындалған шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы. Тәуелсіздік таңын аңсаған ата-бабаларымыздың асқақ арманы орындалды десек қателеспейміз. Сондықтан да тәуелсіздік тарихы арнайы әңгімеге үздіксіз тиек боларлықтай ұлы тақырып екендігін қазіргі ұрпақ ешқашан естен шығармауы керек. Тәуелсіздікке ынтымағы жарасқан, ауыз бірлігі берік халық қана қол жеткізе алатынын өткеніміз нақты дәлелдеп берді. Сондықтан о бастан-ақ рулар тайпаларға, тайпалар одақтарға, ал тайпалық одақтар елге, халыққа айналу үшін үздіксіз күресті, жан алысып, жан берісті. Өйткені халық болып қалыптаспай, тәуелсіздікті баянды түрде қолда ұстап тұру да мүмкін емес еді. Мұны бұрынғылар жақсы түсінді.
Біздің ілгері өркендеуіміздің ең мықты да, шешуші буыны – зиялылар. Әйтеуір қолына қалам алып, ой-пікірін қағазға ғана түсіру емес, соны жүзеге асыратын, біреуге ақыл айтып қарап тұрмай, қолма-қол іске араласып кететін зиялылыр ауадай қажет.
Тарихқа көз жүгіртсек, әр буын белгілі бір сынақты басынан өткереді. Біздің бабаларымыз «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны», аталарымыз алапат ашаршылықты, қуғын-сүргінді, дүниежүзілік соғысты көрді.
Тоталитарлық кезеңде ұлттық құндылықтарымыздан, тілімізден, діліміз бен дінімізден айырылып қала жаздадық. Оның бәрі Тәуелсіздіктің арқасында халқымызға қайта оралды. Халқымыздың біртуар перзенті Әлихан Бөкейханов «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген [2].
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегінде «Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдырыда қасіретті болды. Алайда ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ. Жүзжылдықтың алғашқы жартысындағы қазақ зиялыларының жеке басының қасіреті мен қатар өрілген қызмет өзінің бірегей құбылыс ретіндегі тұжырымды деңгеймен ғана емес азаматтық һәм адамгершілік деңгейімен де осы заманмен үндес» [3]- деп, халқы үшін ғұмыр кешкен ұлт қайраткерлерін еске алады.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының алдыңғы қатары өздерінің саяси қызметінде ұлттық, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды қорғауды басты мақсат деп білді. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресінде қол ұшын сазуға ұмтылды, әр бір адамның және әр бір халықтың жеке өз бостандығына құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізу сияқты жалпыадамзаттық қазыналары үшін аянбай тер төкті.
Тарих толқынында талайды бастан кешірген қазақ елі 30 жыл бұрын өз тәуелсіздігін алған тұста дұрыс таңдау жасағандығын бүгінгі таңда уақыттың өзі дәлелдеп отыр.Тәуелсіздігіміздің алғашқы таңынан бастап қазіргі кезеңіне дейінгі оңды өзгерістер Елбасымыздың тікелей бастамасымен болып жатқаны аян. Бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық жағдайында Қазақстан жылдам қарқынмен әлемдегі алдыңғы қатарлы жетекші елдердің қатарына қосылып келеді.
Қазіргі таңда Тәуелсіздік – баршамыз үшін ең асыл қасиетті күн. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, талай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді. Осы кезеңде жеткен жетістіктеріміз қандай? Бұл сұрақтарға жауап беріп, өткен жылдарға қорытынды жасап, МӘҢГІЛІК ЕЛ болуға бекінген мемлекетіміздің бүгіні мен келешегі туралы ой толғайтын кезең.
Қазірде елімізге тыныштық заман орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен айта аламыз. Артқа тастаған отыз жылдың ішінде не атқардық деген сауал туса, тізбектеп сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бір мемлекетке жетерлік іс тындырылды және жүзеге асырылды. Экономикалық жағдайымыз жақсарып, әл-ауқатымыз артты. Қазақ мектептері мен балабақшалар саны артты. Білім мен денсаулық жағдайына аса мән берілді. өзге елдермен қарым-қатынасымыз жақсарып, саяси және мәдени қатынастар да үдей түсті. Елімізідің барлық саласындағы қызметкерлерге, шет елдің түрлі саладағы мамандарымен тәжірибе алмасуға жағдай жасалды. Осының бәрі тәуелсіз елдің мақтанышы деуге болады. Еліміздің туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық!
Пайдаланылған әдебиеттер:
Назарбаев Н.Ә. Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын // Егемен Қазақстан, 1998, 16 қаңтар, 4б.
Мәмбет Қойгелдиев. Тарих- күрес алаңы: мақалалар, сұхбаттар. – Алматы: «Қаратау КБ» ЖШС; «Дәстүр», 2015. – 94б. 388б.
Н.Ә.Назарбаев. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 2013. – 15б. 288б.
Достарыңызбен бөлісу: |