Ашық тәрбие сабақ
|
Уақыты: 0940
|
Кабинет: 104
|
Мұғалім: Жорабаева С.Е
|
Сабақтың атауы
|
«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры»
|
ҰОҚ мақсаты:
|
1. 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі екенін, оның
тарихын түсіндіру. Тәуелсіз еліміздің рәміздері және
ескерткіштерімен таныстыру;
2. Тәуелсіздікті сақтау үшін білімді болу керек екендігін
түсіндіру ;
3. Халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін, тілін, дінін сақтауға, Отанды сүюге тәрбиелеу ;
|
Ресурстар , дамытушы орта
|
Мазмұнды суреттер, түрлі заттар.
|
Ширату жаттығуы
|
ҚР әнұраны шырқалады.
Психологиялық дайындық
Бүгінгі күн терезеден бізге қарап тұрғандай,
сондай жақсы көңіл- күймен,
басталады бұл сабақ.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Жоспарлау
|
ҰОҚ кезеңдері
|
Педагогтің әрекеті
|
Баланың әрекеті
|
«Сұрақ бізден,жауап сізден» әдісі
|
Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр?
- Қазақстан туралы не білеміз?
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
|
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
- Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын –қыстау кезеңдерді бастан кешірді.1986 жылғы оқиға халықтың есінде сақталады.Балалар , біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, Олар: Е.Сыпатаев, Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова.
Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1 - минут үнсіздік)
Енді міне , осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымызбен апаларымыздың арқасында армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Міне балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз болу дегеніміз-ешкімге бағынышты болмай,өз еркімен өмір сүру деген сөз. Елімізде 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі болып есептелінеді. ҚР 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алып дербес мемлекет болды. Қазақстан-көп ұлтты мемлекет.
Біздің өзіміздің туымыз ,елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің белгісі.Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз. Өзіңде бар – Елбасы
Туыңда бар, әрине
Елтаңбаң бір ертегі,
Әнұраның тәрбие.
Кәне, рәміздерді атап шығайықшы.
Қазақстан Республикасының Гимні - бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етті. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.
Көк байрақтың ортасындағы шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір мата, матаның сол жағында өрнегі бар.
Елтаңбаның көркемдік шешімі: шаңырақ, жұлдыз, сондай - ақ аңызға айналған қос пырақ. Қазақстан деген жазуы бар. Қанатты пырақ биік самғайды, болашақ жайлы армандауды білдіреді.
Өзіңде бар – Елбасы
Туыңда бар, әрине
Елтаңбаң бір ертегі,
Әнұраның тәрбие.
Сендер отанымыздың ұрпақтарысыңдар, жақсы оқып, үлгілі тәртіпті болыңдар.Қазақстанның намысын қорғайтын келешекте ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
|
Достарыңызбен бөлісу: |