Тьютор, куратор, эдвайзер. Бұл синоним сөздер, тек әр жоо-да бір қызмет түрі әртүрлі аталады. Куратор-эдвайзер не тьютор студенттің оқу ісін ұйымдастырады, яғни мектептегі сынып жетекшісінің қызметіне ұқсайды



Дата21.02.2022
өлшемі11.97 Kb.
#455615
Документ Microsoft Office Word (2)


Ректор – жоғары оқу орнының басшысы. Ол қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды, босатады, барлық бұйрыққа қол қояды. Ректордың бірнеше орынбасары бар. Олар – проректорлер, ректор қызмет демалысына не іс сапарға кеткенде ректордың орнын басады. ЖОО басқару қызметінде ректорге көмектесіп, басқа да қызмет түрлеріне жауап береді.

Жоғары оқу орны кішкентай болса, проректор біреу болуы мүмкін, ал үлкен болса, оқу жұмысы жөніндегі проректор, экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегі проректор, тәрбие ісі жөніндегі проректор деген бірнеше қызметтен құралады. Студент барлық проректор ішінде оқу жұмысы жөніндегі проректормен тығыз қарым-қатынаста болады. Ректор пен проректорлер ректоратта жұмыс істейді.

Декан. ЖОО бірнеше бөлімдерге бөлінеді. Кей ЖОО ішінара институтқа бөлінеді. Ал кейбіреулері бірден факультетке бөлінеді. Факультет кафедраларға, кафедралар мамандықтарға бөлінеді. Осы факультеттерді басқарушы тұлға – декан деп аталады. Деканның орынбасарлары бар. Барлығы сіздің қауіпсіздігіңізге жауап беруші. Олар отыратын жұмыс орны деканат деп аталады. Кез келген сұрақтарыңыз бойынша деканатқа барып, декан және оның орынбасарынан көмек сұрай аласыз.

Егер ЖОО факультеттерге емес, институттарға бөлінетін болса, оның басқарушысы директор деп аталады. Оның да қызметі деканның қызметімен бірдей болады.



Кафедра меңгерушісі. Әр факультет бірнеше кафедраға бөлінетінін айттық. Бұл әр саланың әр түрлі мамандыққа бөлінуіне байланысты. Меңгеруші кафедрадағы оқу-ағарту, ғылыми істерді басқарады, ұйымдастырады.

Тьютор, куратор, эдвайзер. Бұл синоним сөздер, тек әр ЖОО-да бір қызмет түрі әртүрлі аталады. Куратор-эдвайзер не тьютор студенттің оқу ісін ұйымдастырады, яғни мектептегі сынып жетекшісінің қызметіне ұқсайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет