Тезис м-владимировка ауылдық округінің экономика-әлеуметтік дамыуы



Дата12.07.2016
өлшемі35.03 Kb.
#195106
ТЕЗИС
М-ВЛАДИМИРОВКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ

ЭКОНОМИКА-ӘЛЕУМЕТТІК ДАМЫУЫ

2013 жылдың 9 айына Мало-Владимировка ауылдық округінде халықтың өмірін жақсарту, бюджетті нығайту бойынша белгілі жұмыстар атқарылды. Салықтардан негізгі түсіуі: мүліктік – 90699 теңге, көліктік – 713742 теңге, жерлік – 144935 теңге, барлығы 949376 теңге болды.

Округтың тұрғындар саны 1526 адам болды, (Малая Владимировка – 1118, Бозтал – 408), олардан белсенді тұрғындар 859 адам, аула саны – 503, (Малая Владимировка - 396, Бозтал -107). 14 бала өмірге келді, 22 адам қайтыс болды. 9 адам көшіп кетті, 4 адам көшіп келді.

Шаруа қожалықтар саны 65, оның ішінде мал өсіру бағытында – 6 шаруа қожалық. Ағымды жылдың дәнді дақыл егін көлемі 8593,3 га, күнбағыс 1053га (барлығы 14126 га), ауылдық округінің тұрғындарымен 7 га көкөніс, 23 га картоп салынды.

Қазіргі кезде дәнді дақылдардың жинау жүріп жатыр, биылғы жылы астық жаман емес.

6500 тонна қатан мал азығы дайындалды.

Округ бойынша ет өндірісі 27680 центнер, сүт 29342 центнер, жұмыртқа 507,1 мың дана, былтырғы жылдың осы мезгілімен салыстырғанда: ет өндірісі 93 %, сүт 113 %, жұмыртқа 118 %. ІҚМ- 2028 бас, ҰҚМ- 2989 бас, жылқы- 417 бас, шошқа -249 бас, құс- 5590 бас, былтырғы жылдын осы кезеңімен салыстырғанда ІҚМ 101%, ҰҚМ 90%, шошқа басы 151%, жылқы саны 85%, құс 100% .

Округте 2013 жылы «Арбиев» ШҚ 1500 ІҚМ басына мал өсіру комплексінің құрылысы, жұмысшыларға тұрғын үйлерін, асхана, қонақ үйі жалғастыруда. Осы жылдың қараша айында 1000 бас ІҚМ әкелуі жоспарланды.

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының талаптарын іске асыру мақсатында округ аумағында «Арбиев» Ш/Қ мал сою алаңы жұмыс істейді, 2013 жыл бойы барлық жануарларға серологиялық тексеруі өткізілді, идентификация жүргізілді.

Ауылдық округінде шағын кәсіпкерлік дамыған, 11 дүкен жұмыс істейді, оның ішінде «Кристалл» сауда үйі, «Теремок» кафесі, оларда 22 жұмысшы жұмыс істейді. Малая Владимировка ауылында май шайқайтын цех, Бозтал ауылында тиірмен бар.

«2020 - Жол картасы» бағдарламасы бойынша ауылдық округі бойыша 21 адам оқу оқиды:

аспазшы – 5 адам, ара шаруашылығы – 8 адам, жүргізуші – 2 адам, газпісіруші -1, «Авиценна» - 2 адам акушер маманына оқып жүр, колледж -3 адам.

«Ауылда кәсіпкерлік дамуына көмек» 2013 жылына Ж.Шалабаевқа 3 млн.теңге, С.Айтказинға, Г.Баймуруноваға 1 млн. теңгеден мал төлін өсіруге несиелер берілді. Қазіргі кезде Г.Демеубаев, Р.Жакыпбеков, С.Жунусов округ тұрғындары ІҚМ мал төлдерін өсіру үшін несие алуға керек құжаттарын жинап, тапсырды. Вебер Е.И. – наубайхана ашу үшін несие алуға құжаттарын тапсырды.

Жұмыспен қамту орталығында 4 жұмыссыз адам тіркелген.

Олардың барлығы ақылы төлемі қоғамдық жұмыстарына ауылды көркейту және басқа да жұмыстарына жіберілді. Ағымды жылда 10 жұмыс орны ұйымдастырылды, орманшылықта 39 жазғы маусымдық жұмыс орны болды.

Ағымды жылда балалар жәрдемақысын 41 отбасы, 94 алушы 1млн.191,8 мың теңге алды, адрестік әлеуметтік көмегін 9 отбасы 38 алушы 896,8 мың теңге сомасын алды.

Округте екі орта мектебі бар. Оқушылар саны 213 адам (М-Владимировка-134, Бозтал -79). 1-4 сыныптар оқушыларына және 5-11 сыныптар аз қамтамалы отбасыларының балалары оқу жылы бойы ыстық тамақтанады.

Ауылдық округтің ауылдарында жұмыс істейді: Малая Владимировка ауылында фельдшерлік акушерлік пункті, Бозтал ауылында фельдшерлік пункті. «Жедел көмек» автомобилі бар. Ағымды жылда ауылдық округінің ауылдарында бекітілген кесте бойынша туберкулез ауруын тексеру мақсатында Семей қ. флюрографымен 334 адам тексерілді. (М-Владимировка 214, Бозтал 120).

Ауылдық округінде учаскелік инспектор жұмыс істейді. 2013 жылда 8 қылмыс тіркелген, олардан 7 ашылған.

Округте мүмкіндіктері шектеулі 3 балаға, мүгедектер және жалғыз тұратын 16 зейнеткерлерге және 18 жастан асқан 4 мүгедекке үш әлеуметтік қызметкері көмек көрсетеді.

«Алтын Алқа» алған көп балалы аналар – 14, «Күміс Алқа»-16, 18 жасқа дейін 4 балалы аналар – 12 әйел.

Ауылдық округінің аумағында ауылдық округінің тұрғындарына көмек көрсететін «Қазпошта» бөлімі және «Қазақтелеком», орманшылық жұмыс істейді. Ауылдық округінің ауылдары ас суымен қамталған.

Ауылдық округінде санитарлық тазалау, көгелендіру және көркейту жұмыстарына үлкен назар аударылады. Округ ауылдарының көшелеріне фонарлар орнатылды, Малая Владимировка ауылында 52 шам фонары, Бозтал ауылында 22 шам фонары.
Көктем-жазғы және күз мезгілдерінде ұйымдар мен мекемелердің аумақтарын тазалауға сенбіліктер ұйымдастырлады, ағаштар мен тал-шіліктер отырғызу жұмыстары өттеді. Қыс мезгілінде ауылдық округінің ауылдарының аумақтары қардан тазаланады.

2013 жылы Малая Владимировка ауылы Мало-Владимировка орта мектебінің жылыжайын қалпына келтіру жұмыстары басталды, оған 1млн.500 мың теңге бөлінді.

2014 жылы жоспарланған құрылыстар:

1.Мало-Владимировка ор.мектебінде саяжайдың ағымды жөндеу бойынша қосымша жұмыстар

2. М-Владимировка ор.мектеп іші су құбырының ағымды жөндеуы

3. М-Владимировка ор.мектебінің қоршауына ағымды жөндеу

4. ШҚО Бесқарағай ауданы М-Владимировка а. жасанды жабынымен футбол аланын жасау

5. Малая Владимировка а. типтік мал қорымын құру

6. Бозтал а. типтік мал қорымын құру



Округ әкімінің м.а. Ю.Слоницкий




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет