ТЕЗИСЫ
Қарабас ауылдық округi әкiмiнiң 2014 жылғы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ЕСЕБІ
Ауыл шаруашылығы
Ел басы Н.Ә. Назарбаев 2014 жылға Қазақстан Стратегиясы «Қазақстан-2050» атты кезекті Жолдауында ауыл шаруашылығының ауылдағы елді мекендердің дамуына қатты көніл бөліп отыр. Осы бағытта округте бір қатар жұмыстар атқарылды.
Қарабас ауылдық округінде былтырғы жылғы осы уақытына салыстырылғанда мал басының өсіу байқалады: ірі қара мал-150, жылқы -41, құс-500 басқа артты, ұсақ мал-187 басқа азайды.
2014 жылдың былтырғы жылмен салыстырғанда ет 71 ц., сүт-1282 ц. өндірілсе, жұмыртқа 23 мың данаға, жүн 32,7 ц. артты.
Шаруа қожалықтарында 2013 жылмен салыстырғанда, ІҚМ-100, жылқы-1, ҰМ -100 басқа өсті.
Округ бойынша 2014 жылы 300 га дәнді дақыл, 500 га күнбағыс, 30 га картоп, 9 га бақша дақылдары, 1619,7 га, бір жылдық шөп егілді, 808,7 құрамажем.
Округ бойынша 2014 жылы дәнді дакылдары егіліп, одан алынған өнім: арпа- 3900 центнер, күнбағыс-2500 центнерді құрады. 2014 жылы округ бойынша 9785 тонна шөп жиналды. Қатан мал азығын дайындауға үлкен көмек көрсеткен шаруа қожалықтары: « Қалижан», « Тасик», «Алдонгар», «Бекзат», «Дастан», «Сер-Бер», « Бірлік-2», «Динара».
Мал дәрігерлік қауіпсіздік жағдайды қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылық жануарларын халық аралық талаптарға сай ет, сүт, және малдын шикі затын өндіру мақсатында үй жануарларын бірдейлендіру яғни сырғалау, таңбалау, құжаттандыру сонымен қатар жануарлардан адам денсаулығына қауіп төндіретін жұқпалы аурулардан алдын алу мақсатында зертхана сараптамалар, егу емдеу жұмыстары жоспарланып іс-шаралар жүргізіледі. 2014 жылы округте 1500 бас ірі қара малдың сырғасы,1600 бас ұсақ малдың сырғасы беріліп, 2792 бас мал сырғаланып,100 пайыз компьютерлік базаға енгізілді.
Инвестиция енгізу туралы.
2014 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша округ тұрғындары 2000000 теңгенің несиесін алды, 9 адам ІҚМ сатып алды, 15 жұмыс орны ашылды. «Калижан» шару қожалығы 1047600 теңгеге 3 асыл тұқымды бұқа, 1441440 теңгеге 52 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алды. «СаттаровК» шаруа қожалығы 1662 мың теңгеге, 4 бұқа сатып алды Ерназар ауылдық округінен «Мукинов» шаруа қожалығыныан. Желтоқсан айында «Саттаров К»шаруа қожалығы 37,0 млн. теңгеге Рессейден асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға жоспарлануда.
Шағын бизнес
Жеке кәсіпкер Шумихина Т.Е. Қарабас ауылында мал сою цехын іске қосты.
«Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарлама бойынша Өндіріс ауылында су құбыры салынды, 241,6 мың теңге жұмсалды.
Қарабас ауылында Чехов көшесінде 26 фонар орнатылды. 2014 жылы округ бойынша 380 мың теңге ауылдық округінің ауылдарына тазалық жұмыстарына жұмсалды, оның ішініде (102 мың теңге қоқыстарды жинау,150 мың теңге иттерді аулау,128 мың теңге Қарабас және Өндіріс ауылдарында мал қорымдарын жөндеуге, ауылдарды көріктендіруге 107 мың теңге), жарықтандыруға 1460 мың теңге (оның ішінде 160 мың теңге фонарларды жөндеу және қызмет көрсету), жолдарды тазалау және жөндеуге 270 мың теңге жұмсылда. 2014 жылы «Мегалайын» желісі уске қосылыға жоспарлануда.
Аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша Қарабас ауылындағы бұзылып жатқан ескі ғимараттардың орнын тазалауға 2 млн теңге ақша бөлініп 1937,8 мың теңге игерілді. Көктемде округ бойынша тұрғындардың малын бағу ұйымдастыралады, жеті табында 16 адам жұмыс істейді. Көктемде округ бойынша екі айлық санитарлық тазалық ұйымдастырылады, қоқыстар шығарылады.
Әлеуметтік жағдай.
Семеновка орта мектебінде күрделі жөндеу өткізілді 39944,0 мың құрады: ескі ағаштан жасалған айнектерді пластикалық айнектерге ауыстырылды, спротзалда еден мен есіктерді темір есіктерге ауыстырылды, мектептін алды абаттандырылды, және пандусстантартқа сай орнатылды.
«Туған жерге тағызым» бағдарлама ьойынша өндіріс ауылында стелла орнатылды, проектың демеушісі Өндіріс ауылының тұрғыны, Алиев Абай. Келесі айда Дөңгелек ауылында өртте қаза тапқан Зайкенов Д. мемориалдық тақтай орнатылды.
Ауылдық округінде Семей қаласының тұрақты қорымен жұмыс жасауда, 2014 жылы 38,3 тонна ұн алынды.
Округте 71 -шаруа қожалығы, 18- сауда орны, 1- жағар жанар май стансасы, 2 - кафе, 2 - ағаш өңдеу цехы, бір тігін цехы, бір мал сою цехы жұмыс істеуде.
Округ бойынша 561 телефон желiсi оның ішінде 548 үй мен 13 заңды мекемелерге тартылды.
Салық жинау
2014 жылы округ бойынша салық жинау жоспары 100 пайызға орындалды. Жер салығы – 144000 теңге, мүлік салығы – 105000 теңге, көлік салығы – 1286000 теңге жиналды.
Жұмыспен қамту
Еңбекпен қамту орталығында 8 адам тiркелген. Қоғамдық ақылы жұмысқа 8 адам тартылды.
Окург аумағында «Семей орманы» Беген филиалының екі орманшылық жұмыс істеуде, бұл орманшылықтарда 68 адам тұрақты және 36 уақытша жұмыс істеуде. 450 га жерге ағаш отырызылған және орманды тазалау жұмыстары жүргізуде.
2014 жылы округ бойынша 38 жаңа жұмыс орын ашылып, 80 адам уақытша жұмысқа орналасты.
Денсаулық сақтау
Жолдауда аналар мен балаларды әлеуметтiк қорғауда үлкен көнiл бөлiнген. 2014 жылы ауылдық округте 20 бала дүниеге келдi.
2014 жылғы скринингтен 1437 адам өтті, оның ішінде 37 адам қаң ауруы, бір адам қант диабеты анықталды, және 422 бала кринингтен өтті.
Осы жылы дәрігерлік амбулаторияға 8354 адам көмек сұраған, және медициналық қызметкерлер 2237 үйде көмек көрсеткен. 837 прививка жасалған, 1033 адам флюрографиялық тексеруден өткізілген, туберкулез ауруы анықталған жоқ, стациорда 167 адам емделген, лабаратория қызметкерімен 6084 анализ алынған.
2014 жылы округ бойынша 20 адам қайтыс болды, 37 адам округке келді, 10 адам есептен шықты.
Әлеуметтік қорғау
Ауылдық округте тұрмысы төмен отбасыларына, зейнеткерлер мен жалғыз тұратын зейнеткерлерге үлкен көнiл бөлiнеді.
Сол сияқты мүмкiндiгi шектеулi 4 балаға да үлкен көңiл бөлiнуде. Окургте он тоғыз жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмек көрсететін төрт әлеуметтік қызметкерлер қызмет етеді.Олар жұмасына екі рет қарттарды аралап, көмегін көрсетеді. Тұрмысы төмен отбасылар саны округ бойынша -7 отбасы, барлығы 34 адамды құрайды.
Жергілiктi қаражат есебiнен 7 азаматқа 153 мың теңге және республикалық бюджеттен 7 адамға 155568 теңге жәрдемақы төленді. 2014 жылы 1 зейнеткерлер тыл еңбеккерлері ретінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы рәсімделді.
Мәдениет және спорт
Округте жыл сайын барлық мерекелер мен атаулы күндер мерекеленіп отырады. Наурыз Мейрамы, Масленица, Халықаралық әйелдер күн,Қазақстан Халықтарының Бірлігі күн, Жеңіс күні, Конституция күндері Қарабас және Өндіріс ауылдарында митингі өткізіліп, соғыс құрбандарына ескерткіштерге гүл шоқтары қойылып еске алынады.
1 маусым «Балаларды қорғау күніне» орай әртүрлі іс-шаралар өткізілді. Өндіріс орта мектептерінде мерекелік концерт ұсынылды.
Өндіріс орта мектебінде «Болашақ» жастар клубы жұмыс істейді. Онда балалар қазақша күрес, еркін күреспен айналысады. Мектептің балалары республикалық, облыс, аудан женіспаздары. Мектептерде спортпен шуғылдануға барлық жағдай жасалған. Округ бойынша Өндіріс орта мектебінің мұғалімі А.М.Тоқановты атап өтуге болады.
Тамыз айында округтің аумағында Омск-Майкапчағай трассасында бұкіларалық велогонкасы өтті, олар Семеновка дәрігерлік амбулаториясында демалды, оларға құрмет көрсетілді.
Білім беру
Білім беруді дамыту бағдарламасы аясын кенейтіп, сапалы білім беруді орындарда округте 2 мектеп жұмыс істейді. Онда барлығы 257 оқушы тәлiм-тәрбие алуда. 2014 жылы Семеновка орта мектебі бойынша 4 өқушы болды, бірақ олар ҮТБ тапсырған жоқ, Өндіріс орта мектебінде биылғы жылы түлектері болған жоқ.
2015 жылғы міндеттер.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы мiндеттердi орындай отырып, бiз халықтың тұрмыс деңгейiнiң жоғарлауына, жаңадан жұмыс орындарын ашуға жұмыс жасауымыз қажет.
Қарабас ауылының жолдарын жөндеіміз керек.
Округтің кәсiпкерлерi ауыл шаруашылығы өнімдерін сүт және ет өңдеу цехтарын ашуға көніл бөлуі қажет, сондай-ақ ұсақ шаруа қожалықтарының бірігіуне, өздерінің қолдағы малдарын есепке қойып, мемлекеттен беретін жәрдем, төмен несие алуларына жағдай жасап, дамыуна қолдау көрсетуіміз керек.
2015 жылы округ бойынша ІҚМ, ҰМ, жылқы және құс басы, асыл тұқымды мал бастарын көбейтуі жоспарлануда.
Өндіріс және Қарабас ауылдарында ауылдық клубының және профилакторийдын ЖСҚ дайындау.
15.12.2014 жыл
Ауылдық округ әкімі Болысбеков О.Б.
Достарыңызбен бөлісу: |