Тыңайтқыштар-өсімдіктердің топырақтан минералды және органикалық қоректенуін жүзеге асыратын, топырақтың құнарлылығын арттыратын құрамында қоректік элементтері бар заттар



бет3/12
Дата21.12.2023
өлшемі0.96 Mb.
#487474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Ғылыми жоба ботаника микология Бөкейхан Айсұлу жби-012 тобы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:Қырыққабат өсімдігінің сапасына минералды тыңайтқыштардың әсерін зерттеу, қырыққабат өсімдігіне минералды тыңайтқыштардың қырыққабат өсімдігін өсіру барысындағы әсерін зерттеу. Қырыққабат өсімдігіне минералды тыңайтқыштардың экономикалық тиімділіктерін тәжірибе жүзінде зерттеу


Зерттеу міндеттері:
Қырыққабат өсімдігіне тыңайтқыштардың әсерін зерттеу.
Қырыққабат өсімдігінің биологиялық ерекшелігін зерттеу.
Қырыққабат өсімдігінің сапасына минералды тыңайтқыштардың әсерін зерттеу.
Қырыққабат өсімдігінің химиялық құрамына тыңайтқыштардың әсерін зерттеу.
Қырыққабат өсімдігіне қолданылған минералды тыңайтқыштардың экономикалық тиімділіктерін зерттеу.


1.Тыңайтқыштар және оның түрлері.
Тыңайтқыштар-өсімдіктердің топырақтан минералды және органикалық қоректенуін жүзеге асыратын, топырақтың құнарлылығын арттыратын құрамында қоректік элементтері бар заттар. Шығу тегіне қарай тыңайтқыштар жалпы 2 түрге бөлінеді: органикалық және бейорганикалық тыңайтқыштар.Құрамына қарай тыңайтқыштар 4 түрге бөлінеді:органикалық, бактериалды, минералды, жақсартушы тыңайтқыштар болып бөлінеді [1].
Органикалық тыңайтқыштар- жалпы құрамында кездесетін қоректік заттардың жартылай және толығымен органикалық қосылыстар түрінде болатын тыңайтқыштардың бір түрі.Органикалық тыңайтқыштардың қатарына-көң, күйген көң, құстың саңғырығы, сабан, ет, балық, тері өнеркәсібіндегі қалдықтар, шымтезек, көкжасыл өсімдіктер, сапропель және өзен тұнбалары жатады.Органикалық тыңайтқыштарды өсімдіктер минералды тыңайтқыштармен қоректенгеннен кейін ғана пайдалана алады.Органикалық тыңайтқыштардың негізгі қасиеті-суда ерімейді және құрамындағы қоректік заттар топырақта ұзақ уақыт сақталады [1].
Көң-жалпы үй тұрмысында отын есебінде қолданылатын органикалық заттың бір түрі. Көң өсімдік клеткаларының дымқылды болуын қамтамасыз етеді.

1-сурет.Көң


Құс саңғырығы-құрамында азот,фосфор,су,калий тотығы кездесетін бағалы органикалық тыңайтқыштың бір түрі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет