Тапсырма
Мәтін үзіндісін екі рет тыңдап, сұхбаттың не туралы өрбуі мүмкіндігі туралы болжам жасаңыз
Тілсізді – айуан дейді. Тілі кедей елді – мәдениетсіз, анайы, надан халық деп санайды. Тіл – адам баласының негізгі қасиеті болғандықтан, тіл байлығы – елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғам құрылыстары мен салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің – мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін сөзсіз дәлелді мөлшері (мерило). Тілдің көмегімен өнер-білімге, мәдениет, ғылымға жетіп, өткен-кеткенмен әлемді танып, өзімізді жұртқа – әлемге танытамыз, сөйлейміз, оқимыз, жазамыз, өз басымызды, үй-ішімізді, қоғам-халықты, ел-жұртты, мемлекетті меңгереміз, сондықтан «өнер алды – қызыл тіл» дегендейін, адам баласының байлығында тілден артық не бар?!
( 92 сөз)
(оқушы болжам жасау үшін кідіріс жасалады, сұрақ қою арқылы жауап күтіледі) Мәтінде ары қарай не айтылуы мүмкін? Қандай мәселе көтерілуі мүмкін?
Мәтін жалғасын тыңдаңыз.
Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жегізбегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған емес пе еді?! Барлық өткен заманның, халық тәжірибе, қасиеттерін, ғылыми-мәдениетін, өнеркәсібін бойымызға тарата сіңіріп, жағдайды толық түсіндіріп, ұғындыра, ел қатарына қосып, бізді бұл дәрежеге жеткізіп отырған алдымен тіл емес пе?! Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұл қасиетінің, салт-санасының негізгі өнеге, нағыз белгісі емес пе?! (65 сөз)
Өз жаубыңызбен салыстырыңыз. Шын мәнінде мәтінде қандай мәселе көтерілді? Батыр не үшін қыңжылады?
Мәтін жалғасын тыңдаңыз.
Мен әскери адаммын – тіл мәселесі туралы араласарлық жөнім жоқ сияқты, бірақ та, айтылған мәселелер халқымыздың жауынгерлік мінез-құлқын тәрбиелеу, салт-сана, ел намысы, ер намысына, адамгершілік арына, жауынгерлік мұра-дәстүріне ерекше байланысты болғандықтан, көріп, біліп, сезіп тұра айтпағанымды өзіме үлкен ар, кешпес күнә деп түсінгендігімнен жазып отырмын.
Б.Момышұлының «тіл мәселесі туралы араласарлық жөнім жоқ сияқты» деген сөзінен нені аңғаруға болады? Сіз батырдың ойымен келісесіз бе? ( 62 сөз)
Қазақ тілінің мәртебесін асқақтата түсу үшін қандай жұмыстар атқару керек?
Тапсырма. Б.Момышұлының ойын жалғастырып, «келісу, келіспеу» эссесін жазыңыз.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бағалау критерийі
|
№
тапсырма
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды, тақырыпты жалғастырады
|
1
|
мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды;
|
1
|
мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды;
|
1
|
жауапты болжаммен салыстырады;
|
1
|
тақырыпты жалғастырады.
|
1
|
Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, эссе жазады
|
2
|
қажетті лексикалық құрылымдарды қолданады;
көтерілген мәселені талдайды;
ойына дәлелдер келтіреді;
мәселенің тиімді/тиімсіз жақтарын көрсетеді.
|
1
1
1
1
|
Барлығы
|
8
|
|