Тіл кемістігі бар балаларды психолого-педагогикалық диагностикалау



Дата29.05.2022
өлшемі45.13 Kb.
#458774
Тіл кемістігі бар балаларды психолого-педагогикалы диагностикал


Тіл кемістігі бар балаларды психолого-педагогикалық диагностикалау.
Сұрақтар:
1.Тіл кемістігі бар балалардың даумының негізгі ерекшеліктері.
2.Тіл кемістігі бар балаларды диагностикалау.
Тапсырмалар:
1.«Тіл кемістігі бар балаларды диагностикалау» тақырыбында эссе жазу.
Логопедия дегеніміз - сөйлеу тілінің кемістіктерін, оның бұзылу себептерін, болдырмау жолдарын, сонымен бірге осындай кемістіктерді әртүрлі жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін арнайы педагогикалық ғылым.
Логопедия пәні сөйлеу тілінің бұзылуы және сөйлеу тіл кемістігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу үрдісі болып табылады.
Логопедия жалпы және арнайы психологиямен, психодиагностикамен тығыз байланысты. Логопед баланың психикалық дамуының заңдылығын және ерте жастағы баланы психологиялық-педагогикалық әдіс-тәсілдермен тексеруді пайдалана білуі керек. Осы тәсілдерді қолдана отырып, әр түрлі тіл кемістіктерінің түрлерін, зиятты бұзылыстар, эмоционалды және мінез-құлықтағы бұзылыстар салдарынан пайда болған сөйлеу тілі кемістіктерін ажыратуға болады.
Психологияны білу логопедке тек сөйлеу тілі бұзылыстарын ғана байқап қоймай, бәрінен бұрын баланың өзін, оның сөйлеу тілінің бұзылыстары мен жалпы психикасының дамуының ерекшеліктерін байқауға мүмкіндік береді. Бұл білім әртүрлі жастағы балалармен қарым-қатынасқа түсуге, олардың сөйлеу тілін, қабылдауын, есін, зейінін, ой-өрісін, жігер-ерік аймағын тексеруге арналған дұрыс тәсілдерін таңдауға және тиімді логопедиялық жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады.
Тіл кемістіктерінің себебі сыртқы және ішкі зиянды күштері,себептері (факторлары) немесе екеуінің бірдей организмге әсер етуі деп түсінеміз.
Сөйлеу тілін меңгеру әр балада әр түрлі кезеңде және әр түрлі уақытта өтеді. Бұл әр түрлі себептерге байланысты жеке үдіріс.Сөйлеу тілінің дамуының кешеуілденің себептері: жүктіліктің кезіндегі және туған кезіндегі патология,генетикалық себептердің ықпалы,есту мүшесінің зақымдануы, баланың психикалық дамуындағы жалпы артта қалуы, әлеуметтік депривацияның себептері
Логопедия ғылымында осы уақытқа дейін шешілмей келе жатқан мәселелердің бірі жүйелі ғылыми тұрғыдан тіл кемістіктерін топтастыру болып табылады.Оған бөгет болатын жағдайлар,өбіріншіден тіл кемістіктерінің коптеген түрлерінің кездесуі және олардың нағыз күйінде кездеспей, күрделі түрде кездесуі. Осының бәрі тіл кемістіктерін ғылым жүзінде дәлелдеп топтастыруды қиындатады. Бұның қиындығы сол, егер тіл кемістігінің бір түрі бірнеше себептердің салдарынан болса, тіл кемістігінің бірнеше түрі пайда болуы мүмкін.Сонда тіл кемістіктері жеке түрде немесе басқа тіл кемістіктерімен қисындасып, тіркесіп кездесуі мүмкін.Соған байланысты олар логопедияда өзіндік белгілеріне байланысты белгілі терминдермен нақты белгілінеді. Сөйлеу тілінің бұзылу түрлері мынадай:
· Дислалия– есту қабілеті мен сөйлеу мүшелерінің инвервациясы дұрыс сақталғанда кездесетін тілдік дыбыстардың бұзылып айтылуы. Синонимдері: тіл мүкістігі, тіл дыбыстарын айту кемістігі, фонетикалық кемістік.
· Ринолалия– сөйлеу мүшелерінің анатомиялық–функционалдық кемістіктерінің салдарынан дауыс әуезділігнің, тембрінің, дыбыстардың айтылуының бұзылуы.Синонимдері мұрынмен сөйлеу.
· Дизартрия– жүйке тамырларының сөйлеу мүшелерінің жұмысын толық қамтамасыз ете алмауына байланысты сөйлеу қабілетінің бұзылуы Дизартрияның ауыр түрі анартрия деп аталады .Ондай жағдайда адам дыбыс айту мүмкіншілігінен айрылады.
· Тұтықпа- сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тартылу салдарынан сөйлеудің ырғақтығының, жылдамдығының бұзылуы.Синонимдері: логоневроз.
· Алалия- бас ми қабығындағы тіл аймақтары (зонасының) жастайынан зақымдануының әсерінен балада сөйлеу тілінің жетілмеуі немесе мүлдем дамымауы.Синонимі: мылқау.
· Афазия- бұл сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жоғалуы, жойылуы.Ми қорабының жарақаттануы, нейроинфекция, мидағы ісіктің салдарынан адамның сөйлеу қабілетінен айырылуы.
· Брадилалия –сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс баяулауы.Тахилалия- сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс жылдам болуы.
· Дисфония –дауыс шығару мүшелерінің( күші, биіктігі, тембрі) қалыптан тыс өзгеру себептерінен дауыстың жартылай бұзылуы.Афония-дауыстың толықтай жойылуы.
· Дислексия –оқу процесінің жартылай бұзылуы. Алексия оқу процесінің мүлдем қалыптаспауы.
· Дисграфия –жазу процесінің жартылай бұзылуы.Аграфия –жазу процесінің мүлдем қалыптаспауы.
· Жалпы тіл кемістігі– есту қабілеті мен ой–өрісі әдеттегідей дамыған балалардың мағыналық жеке қатысты сөйлеу тілі құрамының компоненттерінің бұзылуынан болатын күрделі тіл кемістектері.ЖТК үш деңгейі бар (1-2-3).
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы алалия, афазия, ринолалия, дизартрия сияқты күрделі сөйлеу патологиялардың түрлерінде де байқалады
.Баланың сөйлеу тілінің бұзылуын анықтап, зерттеп отырып онымен түзету –тәрбие жұмысы жүргізген дұрыс.Дәл уақытында қолайлы жағдай жасай отырып баланың тілінің дұрыс дамуына бағыт берген жөн.
Баланың тамаша сезімімнің дамуын тек қана дыбыс үндестігін айтуды пайдалана білуімен шектестіріп қоймай, оны мәнерлі сөйлеуге үйретіп отырған жөн.Тіл кемістігі көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларда кездеседі. Тіл кемістігін уақытында жоймаса, ол барған сайын ұлғайып, нығаяды да баланың дұрыс сөйлеуіне кесірін тигізеді.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде сөйлеу тілі өте –мөте қарқынды дамиды.Бала 2 жастан бастап енжар және белсенді сөздіктерді тез жинайды, дыбыстарды айтуды және грамматикалық құрылымдағы сөйлемдерде меңгереді.
• 2 жасында -300-400
• 3 жасында -1000-1500
• 4 жасында -1600-1800
• 5 жасында-2000-2300
• 6 жасында-3000-3500 дейін сөздік қоры болады.
Бала дүниеге келісімен оны көптеген дыбыстар қоршайды. Олар ән – әуендер, құстардың дыбысы, иттің үруі, ыдыстың салдыры, адамдардың сөйлеуі. Бала түрлі дыбыстарды естісе де ең бастысы сөйлеу тілі қарым-қатынас үшін қажет.
Сөздерді түсініп айтуы үшін бала интонацияға мән береді. Егер балаға сүйсіне қарап, жылы сөздер айтсақ, ол сөздерге мән беріп күлімсірейді. Егер айғайлап, қатты сөйлесек бала қорқады, ренжиді. Біртіндеп бала сөздерді тыңдап, салыстырып, оларды қайталауға тырысады, сөздердің дыбыстық құрамына көңіл бөле бастайды, дыбыстарды қайталап, ойнайды.
Кейбір кезеңдерде бала үндемейді, дұрыс сөйлемейді. Бұл жағдайда ата-аналар әртүрлі көзқараспен қарайды. Бала сәби кезден бастап ана тілінде еркін сөйлей бастауға дағдыланады. Ал тіл мүкістігі бар бала еркін сөйлей алмай, айналамен қарым-қатынаста көптеген қиыншылықтарға кез келеді. Тіл мүкістігін түзету қазіргі таңда ең үлкен мәселе болып отыр. Оның пайда болу себептері әртүрлі. Егер тіл кемістігін уақытында мектепке дейін түземесе, баланың айналамен қарым-қатынасы қиынға түседі. Көп жылдық тәжірибе бойынша мектепке дейінгі тіл кемістігі бар баламен күнделікті тұрақты жұмыс жасалса, сөйлеу тілінің жақсаратыны дәлілденген. Сондықтан дер кезінде логопедиялық көмек көрсету қажет.
Сөйлеу тілінің бұзылуы төмендегідей сипатталады:
1. өз бетінше пайда болады, жоғалмайды, қайта бекиді.
2. сөйлеушінің жас мөлшеріне сәйкес келмейді.
3. баланың одан әрі дамуына жағымсыз әсер тигізеді.
4. тіл білмейтіндік – диалектизм тіл кемістігі болып саналмайды.
Дыбыстарды дұрыс, анық айту үшін алдымен түрлі дайындық жұмыстары, артикуляциялық жаттығулар, ауа ағымын дұрыс шығару үшін арнайы жаттығулар орындалады. Дыбысты дұрыс айтқызғаннан кейін, дыбыстың айтылу артикуляциясы еске түсіріледі. Дыбысты бекіту жұмыстары сөздер, сөйлемдер, өлең жолдары, мақал – мәтелдер , шағын әңгімелер қолдану арқылы жүргізіледі.
Жүргізілетін жұмыстар барысында артикуляциялық жаттығулар арқылы балалардың тілдерінің, еріндерінің қимылдары жетіледі, ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтып үйренеді. Сөздік қоры толығып, байланыстырып сөйлейді. Сондықтан жоғарыда айтылған жұмыс түрлерін мектепке дейінгі 4 – 7жас аралығындағы балалармен жүйелі түрде жүргізіп отырған жағдайда ғана тіл мүкістігін түзетуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет