1 Аралық бақылаудың тапсырмалары «Сөйлеу тілін зерттеу әдістемесі» пәнінің нысаны, мақсаты, міндеті және мазмұны



бет1/3
Дата19.05.2022
өлшемі16.77 Kb.
#457427
  1   2   3
Cөйлеу тілін зерттеу әдістемесі
1, 1515

1 Аралық бақылаудың тапсырмалары
1. «Сөйлеу тілін зерттеу әдістемесі» пәнінің нысаны, мақсаты, міндеті және мазмұны. Кез келген жаста сөйлеу тілінің бұзылуы танымдық іс- әрекеттің және адамның әлеуметтік бейімделу мүмкіншелігін шектейді.Бұл баланың жалпы жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді.Оның зияткерлік дамуы және мінез құлқының сипаттамасы жас шамасына жиі сай келмейді,ұжымдағы құрбы құрдастарымен қарым қатынасы қиындайды. Тіл кемістіктерінің себебі сыртқы және ішкі зиянды күштері,себептері (факторлары) немесе екеуінің бірдей организмге әсер етуі деп түсінеміз. Сөйлеу тілін меңгеру әр балада әр түрлі кезеңде және әр түрлі уақытта өтеді. Бұл әр түрлі себептерге байланысты жеке үдіріс.Сөйлеу тілінің дамуының кешеуілденің себептері: жүктіліктің кезіндегі және туған кезіндегі патология,генетикалық себептердің ықпалы,есту мүшесінің зақымдануы, баланың психикалық дамуындағы жалпы артта қалуы, әлеуметтік депривацияның себептері (депривация- тәрбие мен қарым-қатынастың жеткіліксіздігі).
Баланың сөйлеу тілі патологиясының негізгі себептері:
1)әртүрлі ішқұрсақ патологиясы іштегі нәрестенің дамуына зиянын тигізеді,сөйлеу тілінің ең ауыр кемістіктері іштегі нәрестенің 4 апталық пен 4 айлық аралығындағы дамуының бұзылуынан пайда болады. Іштегі нәрестенің дамуының бұзылуына анасының ауыр аяқ жүрген кезіндегі токсикоз, вирусты және эндокринді аурулар, жарақаттар, резус-фактор бойынша қанның сыйымсыздығы және басқалар әсер етуі мүмкін.
2) босану кезіндегі жарақаттану және босану кезіндегі асфиксия (оттектің жетіспеуі);
3) өмірінің алғашқы жылдарындағы әртүрлі аурулар;
4) бас сүйегінің жарақаттануы;
5) тұқым қуалаушылық факторлары;
6) әлеуметтік тұрмыстық жағдайларының қолайсыздығы;
Жоғарыда атап өтілген себептер өзгешіліктеріне қарай табиғи және міндетті қызмет (функционалды) болып екі түрге бөлінуі мүмкін.
Табиғи себеп деп шеттегі немесе орталық бөлімдердегі тіл механизмдерді анатомо- физиология құрылысының қатты бұзылуынан пайда болатын себепті айтады. Функционалды себептерге анатомо-физиология құрылысы әдеттегі күйінше сақталып, тек қана тіл механизмінің бұзылуы жатады.
Сонымен барлық тіл кемістіктерін, оларды туғызатын себептерге байланысты екі топқа бөлуге болады:
А) табиғи тіл кемістіктері (органикалық);
Б) функционалды тіл кемістіктері;
Табиғи тіл кемістіктері зақымды жайылтпайтындығына байланысты:
А) тілдің табиғи бұзылуы орталықтан пайда болуы.
Б) тілдің табиғи бұзылуы шеткеріден пайда болуы деп бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет