Тіл мен ойлау туралы пікірлерге талдау жасап, өз көзқарасыңызды білдіріңіз



Дата09.01.2023
өлшемі15.79 Kb.
#468228
той


Тіл мен ойлау туралы пікірлерге талдау жасап, өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Тіл мен ой-сана арасындағы қарым-қатынас екі жақты: екеуінің де бір-біріне берері де, бір-бірінен алары да аз емес. Тіл – ой-сананы қалыптастыратын, оны материалдандырып жарыққа шығаратын, басқаларға білдіретін, ой-сана табыстарын сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізетін құрал. Тіл мен ой-сананың арасындағы байланысты зерттейтін тіл білімінің саласы менталингвистика деп аталады. Ол – экстралингвистиканың бір саласы, екеуі де тілдің сыртқы дүниемен байланысын зерттейді.
Тіл екі жақты құбылыс: оның бір жағы – сыртқы дыбыстық материалдық жағы да, екіншісі – ішкі мазмұндық, логикалық жағы.
Когнитивтік лингвистиканың тіл ғылымының теориялық саласы ретінде 19 ғасырдан бері қалыптаса бастады. Дыбыстық тілде толып жатқан ортақ сипаттардың, универсалды құбылыстардың барлығы алуан тілдердің фактілерін бір-біріне салыстыра қарау нәтижесінде айқындалады. Оның айқындалуы адам баласының тілінде болатын ортақ заңдылықтарды, универсал құбылыстарды зерттейтін, соның негізінде жалпы тілдік теориялық тұжырымдар жасайтын жалпы тіл білімін дүниеге келтірді.
Сонымен бірге тіл білімінде жалпы тілдік теорияның қалыптасу тарихы, әр түрлі тілдік кезеңдерде, бағыттарда қалай шешілгені қамтылуы тиіс. Ондай өзекті проблемалар қатарына мыналар жатады:
1. Тілдің танымдық сипатымен, тілдің өзіндік табиғаты мен мәні, сөйлеумен, ойлаумен, қоғаммен, байланысы, атқаратын қызметі.
2. Тілдің құрылымы, құрылымдық элементтердің бір-бірімен байланысы, арақатынасы.
3. Тілдің таңбалық, жүйелік сипаттары.
4. Дыбыс тілінің шығуы. Тілдер дамуындағы ортақ заңдылықтар, тілдік құбылыстарға түрткі болатын ішкі, сыртқы жағдайлар, тілдер дамуында болатын дифференциялық (даралану), интеграциялық (жақындасу) процестер, жалпыхалықтық тіл, диалект, сөйлеу тілі мен әдеби тіл, тілдік одақ, т.б.
5. Тіл білімінің өзіндік зерттеу әдістері.
6. Когнитивтік лингвистиканың негізгі салалары, басқа ғылымдармен қатынасы, өзіндік орны.
7. Когнитивтік лингвистиканың тарихы, ондағы басты кезеңдер.
8. Тіл білімі тарихындағы негізгі бағыттар мен мектептер.
Бұл проблемалар – тіл білімінің өзіндік сипаты бар дербес ғылым екенін танытатын және өзара байланысты мәселелер.
Бір тілдің немесе бір территориялық-әлеуметтік ортада қызмет ететін тілдер тобының белгілі географиялық аймақ, болмаса саяси-әкімшілік құрылым шегінде өмір сүру формасының жиынтығы тілдік жағдаят деп аталады.
Дыбыс тілінің шығуына байланысты ежелгі заман ойшылдары айтқан дыбысқа еліктеу, одағай сөз, келісім теорияларының қай-қайсысы да ғылыми тұрғыдан сын көтермейтіндіктеріне қарамастан, барлығы да тіл – адамға құдайдың берген сыйлығы дейтін діни көзқарасқа қарама-қарсы тілді адам баласының өз табысы, өз жемісі етіп көрсетті. Өз дәуірі тұрғысынан қарағанда, бұл үлкен жетістік болғанымен, қойылып отырған мәселені ғылыми шешкендік емес. Ф.Энгельс өзінің «Маймылдың адамға айналуы процесіндегі еңбектің рөлі», «Табиғат диалектикасы» сынды еңбектерінде дыбыс тілінің пайда болуы үшін екі түрлі шарт қажет: бірі және ең алғашқысы – биологиялық, екіншісі - әлеуметтік алғы шарт. Ф.Энгельс Ч. Дарвиннің іліміне сүйене отырып, адам баласының арғы тегі бір кездерде ағаш басын паналап, ағаштарда өсетін әр түрлі жемістерді жеп күнелткен адам тектес маймылдар екенін айтады. Дыбыстық сигналдарға қосымша маймыл-адамдар ымдау, нұсқау сияқты әр түрлі дене қимылдарын да қатынас құралы ретінде пайдаланған болу керек дегенді де айтады. Қалай болған күнде де, өз дамуының алғашқы басқышында тұрған кезде дыбыс тілінің өте қарапайым, тым жұпыны, сөздік құрамы өте тапшы болуы табиғи нәрсе.
Дыбыс тілін анықтауда оған – тіл дегеніміз не? деген бір сұрау қою да, бұл сұрауға бір сөйлеммен жауап беруді талап ету де дұрыс бола қоймайды. Өйткені дыбыс тілінің өзіндік сипаттары бір сұраудың да, бір сөйлеммен құралған анықтаманың да шеңберіне сыймайды. Әңгіменің түйіні дыбыс тілінің несін, қай сипатын айқындағымыз келетіндігінде. Егер дыбыс тілін қоғамдағы қызметі жағынан айқындағымыз келсе, оған – дыбыс тілі дегеніміз - «адамдардың бір-бірімен қатынас жасайтын құралы» деп, егер дыбыс тілінің таныммен, ой-санамен қарым-қатынасын айқындағымыз келсе, «ойды қалыптастырып, жарыққа шығаратын құрал, ойлау құралы, ақиқат, шын сана» деген анықтама береміз. Дыбыс тілін құрылымдық, матеиалдық жағынан айқындағымыз келсе, «қатынас жасауға қажетті элементтердің, ереже, үлгілердің жиынтығы», қоғам өміріндегі рөлін, алатын орнын байқатқымыз келсе, «қоғамның күресі мен дамуының құралы, мәдени өмір формаларының ең негізгілерінің бірі» деп атаймыз, т.б. Бұлардың ішінде ең негізгісі – адам қатынасының аса маңызды құралы дейтін жалпы анықтама.
Тілдің қатынас құралы болу қызметі, танымдық сипаты, коммуникативтік деп аталса, оның ойды қалыптастыру, жарыққа шығару, адамның психикалық күйін, жан сезімін, ішкі толғанысын білдіру қызметі экспрессивтік деп аталады. Қатынас құралы болу – тілдің ең маңызды қызметі. Тілдің басқа қызметтерінің барлығы да осы негізгі қызметке тәуелді.
Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына – қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады. Тілі білімі тарихында натуралистік мектеп деп аталатын бағыттағы ғалымдар тілді биологиялық құбылыс – демалу, қоректену, жүріп-тұру сияқты адам организміне тән, жаратылыстан берілген биологиялық қасиет деп саналады. Бұлай болғанда тіл атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырылуы керек. Бірақ өмір тәжірибесі тілдің тұқым қуалайтын биологиялық қасиет емес екендігін, тілді адам баласы өмірден, өзін қоршаған қауымнан үйренентіндігін көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет