Жалпы тіл білімі ғылымның теориялық саласы ретінде қашан қалыптаса бастады?



бет1/5
Дата13.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
#132432
  1   2   3   4   5
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Жалпы тіл білімі»

пәнінен тест сұрақтары

Бағыт беру: білім беру
Мамандықтар:

050205 -“Филология” шетел тілі

Күндізгі оқу бөліміне арналған

ҚҰРАСТЫРУШЫ:

филология ғылымдарының кандидаты,

доцент Калиев Б.А.

КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ:

филология ғылымдарының доктор,

профессор Мажитаева Ш.М.

Бет саны: 34 бет

Тест тапсырмасының көлемі: 200 сұрақ

Құрастырған күні 14.10.09

МАБ сынау тестілеуіне арналған

Қарағанды – 2009

$$$ 1


Тіл ғылымының нысаны:

A) Жеке тілдер.

B) Дыбысты тіл.

C) Туыстас тілдер.

D) Өлі тілдер.

E) Сөйлеу тілі.


$$$ 2

Жалпы тіл білімі ғылымның теориялық саласы ретінде қашан қалыптаса бастады?


A) ХV ғасырда.

B) ХХ ғасырдың бірінші жартысында.

C) ХІХ ғасырда.

D) V-ХV ғасырлар аралығында.

E) ХV-ХVІІІ ғасырларда.
$$$ 3

Жалпы тіл білімінің зерттеу нысандары:

A) Тіл тарихы, интралингвистика, экстралингвистика.

B) Тіл білімі тарихы, тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.

C) Тіл теориясы, тілдің өзіндік сипаттары, тіл білімі тарихы, тілдің таңбалық, жүйелік сипаттары.

D) Тіл теориясы, лингвистикалық әдістер мен тәсілдер.

E) Тіл білімі тарихы, тіл теориясы, лингвистикалық әдістер мен тәсілдер, тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.
$$$ 4

Тіл білімі тарихы неше кезеңнен тұрады:

A) Бес.

B) Алты.


C) Төрт.

D) Жеті.


E) Үш.
$$$ 5

«Филология» термині нені білдіреді?

A) «Сөзді дұрыс қолдану».

B) «Сөзді құбылтып қолдану».

C) «Сөзді сүю».

D) «Сөз туралы ілім».

E) «Сөздер сөйлейді».
$$$ 6

Грамматикалық өнер немесе жазу өнері деп нені айтамыз?

A) Дыбысқа еліктеу теориясы.

B) Тілді дұрыс қолдану ережесін белгілейтін сала.

C) Көне ғылымдардың бірі.

D) Жазба ескерткіштер тілі.

E) Тіл ғылымының тарихын кезеңдерге бөлу.
$$$ 7

Ат қою немесе атау теориясы дегеніміз не?

A) Тіл ғылымының даму кезеңі.

B) Тіл білімінің алғашқы іргетасы саналатын терия.

C) Ежелгі дәуір тіл білімі туралы теория.

D) Зат атауларының пайда болу себептерін түсіндіретін теория.

E) Лингвистикаға қатысты ой-пікірдің бастамасы.
$$$ 8

Канондық тілге тән сипаттама:

A) Әр ұлттың тілі.

B) Әр халықтың тілі.

C) Барлығына ортақ тіл.

D) Жазбалар тілі.

E) Баршаға міндетті тіл.
$$$ 9

Тілдің негізгі қызметі:

A) Қарым-қатынас құралы.

B) Сөйлеу қызметі.

C) Тілдік нұсқа.

D) Хабарлау авторы.

E) Сөйлеуді кодтау.
$$$ 10

Мағыналық, құрылымдық жағынан бірыңғай болып келетін тұлғалар, біртектес элементтер тобы қалай аталады?

A) Синтагма.

B) Сегмент.

C) Парадигма.

D) Иерархиялық қатынас.

E) Морфема.
$$$ 11

Тілді өмір сүріп тұрған қалпы тұрғысынан қарастыратын тіл білімінің атауы:

A) Когнитивті.

B) Тарихи.

C) Салыстырмалы.

D) Синхрониялық.

E) Диахрониялық.
$$$ 12

Морфологиялық классификацияның нысаны:

A) Генеологиялық жүйелеуді орнықтыру.

B) Өте жақын тілдерді топтау.

C) Өте алшақ тілдерді бір қалыпқа түсіру.

D) Тілдерді туыстығына байланыссыз зерттеу.

E) Бүкіл халыққа ортақ тіл жасау.
$$$ 13

Генеологиялық классификацияның нысаны:

A) Өте алшақ тілдерді бір қалыпқа түсіру.

B) Тілдерді Туыстығына байланыссыз зерттеу.

C) Туыстас тілдерді зерттеу.

D) Бүкіл халыққа ортақ тіл жасау.

E) Бір тілді диалектілік ерекшелігіне байланысты бөлшектеу.
$$$ 14

Кавказ тіліне жататын топ:

A) Дағыстан тобы.

B) Египет тобы.

C) Фин тобы.

D) Угор тобы.

E) Славян тобы.
$$$ 15

Фин-угор тілі неше топқа бөлінген:

A) Төрт.

B) Бес.


C) Бір.

D) Үш.


E) Екі.
$$$ 16

Үндіеуропа тіліне жататын топ:

A) Египет тобы.

B) Албан тобы.

C) Оңтүстік топ.

D) Фин тобы.

E) Батыс хун.
$$$ 17

Түркі тілдерінің генеалогиялық классификациясын орнықтырушы:

A) Виноградов В.В.

B) Мелиоранский М.

C) Радлов В.

D) Баскаков Н.А.

E) Қайдаров Ә.
$$$ 18

Н.А.Баскаков түркі тілдерін қалай бөледі:

A) Түркі және славян тілдері.

B) Славян және монғол тілдері.

C) Батыс хун және шығыс хун.

D) Бөлген жоқ.

E) Батыс хун және монғол тілдері.
$$$ 19

Тілдерді жүйелеудің негізгі үш түрінің бірі:

A) Индекс әдісі.

B) Аффикстердің түрленуі.

C) Аффикстердің түрленбеуі.

D) Аффикстердің жалғануы.

E) Тілдер арасындағы туыстық негізде қалыптасқан генеологиялық бірліктер.
$$$ 20

Тілдердің генеалогиялық ұқсастығы немен түсіндіріледі:

A) Бір тілден шығуымен.

B) Ұқсас емес тілдерден шығуымен.

C) Бірнеше тілден тарауымен.

D) Түркі және славян тілдерімен.

E) Агглютинативті типке жатуымен.
$$$ 21

«Интралингвистика» терминінің беретін мағынасы:

A) Ішкі лингвистика.

B) Сыртқы лингвистика.

C) Жарты лингвистика.

D) Ойлау лингвистикасы.

E) Ақыл лингвистикасы.
$$$ 22

Интралингвистика терминінің негізгі салалары:

A) Фонетика, грамматика, синтаксис.

B) Лексикология, этимология, грамматика.

C) Фонетика, лексикология, грамматика.

D) Грамматика, фонетика, этимология.

E) Фонетика, лексикология, синтаксис.
$$$ 23

Ф. де Соссюр мына бағыттың көрнекті өкілі:

A) Неолингвизм бағыты.

B) Эстетизм бағыты.

C) Социологиялық бағыт.

D) «Сөздер мен заттар» бағыты.

E) Психологиялық бағыт.
$$$ 24

«Экстралингвистика» терминінің беретін мағынасы:

A) Ішкі лингвистика.

B) Психолингвистика.

C) Сыртқы лингвистика.

D) Микролингвистика.

E) Этнолингвистика.
$$$ 25

Тілдерді құрылымы мен құрылысына қарай топтастыру:

A) Типологиялық классификация.

B) Генеалогиялық классификация.

C) Диалектілік ерекшелікке байланысты.

D) Терминге қатысты.

E) Әдеби стильге жатады.
$$$ 26

Құрылымдық лингвистика:

A) Тілдік жүйедегі ішкі қарым-қатынастар және байланыстарды өз зерттеу облысының нысанасы етіп алатын тіл білімінің бір саласы.

B) Структурализм ұғымына қарама-қарсы құбылыс.

C) Тілді қоғаммен, ойлау жүйесімен байланыстыра зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

D) Бұл тек қана тілдік компоненттердің ішкі байланысын ғана емес, керісінше тіл мен ойлау, қоғам мен тілдің байланысын өзара тығыз қарастыратын және күннен күнге дамып жаңа ғылыми ойлармен толықтырылып отыратын лингвистика ғылымы.

E) Тіл білімінің сөз тіркестері мен сөйлемдерді зерттейтін саласы.
$$$ 27

Сөйлеу мен тілдің бір еместігіне алғаш көңіл аударған лингвистер:

A) Франц Бопп пен Бодуэн де Куртенэ.

B) Гейман Штейнталь мен Гуго Шухардт.

C) Вильгельм фон Гумбольдт пен Ф. де Соссюр.

D) Фридрих Шлегель мен Август Шлейхер.

E) А.Сеше мен Ш.Балли.
$$$ 28

Тіл білімінің дамуына әсер ететін ішкі факторлар:

A) Қоғамдық.

B) Психолингвистикалық.

C) Экстралингвистикалық.

D) Социолингвистикалық.

E) Интралингвистикалық.
$$$ 29

Тіл білімінің дамуына әсер ететін сыртқы факторлар:

A) Әлеуметтік.

B) Этнолингвистикалық.

C) Интралингвистикалық

D) Экстралингвистикалық.

E) Иерархиялық.
$$$ 30

Дескриптивті лингивистика (Америкалық структурализм) нені зерттейді:

A) Тілдің құрылымын.

B) Тілдік процестің қоғамға әсерін.

C) Мәдениет және тұрмыстық жағдайдың тілге әсерін.

D) Екі тілдің өзара байланыстарынан туындайтын белгілерді.

E) Тілдің пайда болу себептерін.
$$$ 31

Структурализмнің басты бағыттары:

A) Прага лингвистикалық мектебі.

B) Копенгаген лингвистикалық мектебі.

C) Лондон лингвистикалық мектебі.

D) Жоғарыдағылардың барлығы дұрыс.

E) Бағыттары болған жоқ.
$$$ 32

Орыс түркологтарын атаңыз:

A) Фортунатов, Шахматов, Пешковский.

B) Радлов, Ильминский, Катаринский, Мелиоранский.

C) Трубецкой, Якобсон, Бартоли.

D) Ф. де Соссюр, Б. де Куртенэ.

E) Ельмслев, Хомский.
$$$ 33

Дәстүрлі лингвистика ұғымын қалай түсінесің:

A) Әр халықтың дәстүрі мен тілін біріктіріп зертттейтін ағым.

B) Дәстүр мен қоғам байланысын зерттейтін лингвистикалық ағым.

C) Бұл тілдік компоненттердің ішкі байланысын ғана емес, керісінше, тіл мен ойлау, қоғам мен тілдің байланысын өзара тығыз қарастыратын және жаңа ғылыми ойлармен толықтырылып отыратын лингвистика ғылымы.

D) Тілді тарихи тұрғыдан зерттеу.

E) Тілдің салаларға бөлінуі.
$$$ 34

Тілтанудағы антропоцентристік бағыттың бастауын көрсетіңіз:

A) Грамматикалық құрылыс.

B) Еліктеу.

C) Эмоция.

D) Тілдегі объективтілік.

E) Тілдегі субъективтілік.
$$$ 35

«Тілдік тұлға» ұғымы қай салада қарастырылады:

A) Антропоцентризм.

B) Грамматика.

C) Синтаксис.

D) Фонетика.

E) Әдеби тіл.
$$$ 36

Семантиканың зерттеу нысаны:

A) Тілдің құрылымы.

B) Тілдік бірліктердің мағыналық жағы.

C) Таңбалар жүйесі.

D) Тілдің бөлінуі.

E) Тілдің дамуы.
$$$ 37

Тілдік танымдағы жоғары деңгей қайсысына сай келеді:

A) Тану.

B) Бірдейлестіру.

C) Ұқсастыру.

D) Қол жеткіу.

E) Прагматикалық.
$$$ 38

Тіл дыбыстарын арнайы аспаптармен зерттейтін әдіс:

A) Синхрониялық.

B) Диахрониялық.

C) Эксперименттік.

D) Типологиялық.

E) Генетикалық.
$$$ 39

Тұрақтылық, табиғилық, коммуникативтік, экспрессивті-эмоционалдық және жалпы халықтық төмендегі таңбалардың қайсысына тән қасиеттер:

A) Лингвистикалық.

B) Көмекші.

C) Жасанды.

D) Физикалық.

E) Акустикалық.
$$$ 40

Тілдерді құрылымы мен құрылысына қарай топтастыру:

A) Әдеби стильге жатады.

B) Генеалогиялық классификация.

C) Диалектілік ерекшелікке байланысты.

D) Терминге қатысты.

E) Типологиялық классификация.
$$$ 41

Бір тілдің әрпін екінші тілге көшіру:

A) Транскрипция.

B) Транслитерация.

C) Алфавит.

D) Екпін.

E) Интонация.

$$$ 42
Функционалды грамматиканың негізгі бағыты:

A) Қызметтен құралға.

B) Құралдан қызметке.

C) Пішіннен мазмұнға.

D) Дыбыстан фонемаға.

E) Морфемадан түбірге.
$$$ 43

Функционалды синтаксистегі басты санат:

A) Форма.

B) Сөйлем мүшесі.

C) Контекст.

D) Қиысу.

E) Бірқұрамды сөйлем.
$$$ 44

Функционалды-семантикалық санатқа жатады:

A) Модальділік.

B) Зат есім.

C) Интонация.

D) Баяндауыш тұлғасы.

E) Қиысу.
$$$ 45

Қазақ тіл білімінде функционалды-семантикалық өрісті арнайы зерттеген ғалым:

A) Н.Оралбаева.

B) Р.Сыздықова.

C) Т.Қордабаев.

D) О.Есперсен.

E) З.Қ.Ахметжанова.
$$$ 46

Диалектикалық құбылыстардың аумақтық таралу деңгейін зерттейтін диалектология саласы:

A) Диалектологияның өзі.

B) Лингвистикалық география.

C) Статистикалық лингивистика.

D) Паралингвистика.

E) Этнолингвистика.
$$$ 47

Тілдік байланыстарды зерттеуге математикалық әдістемелердің қалай әсер етуін зертттейтін тіл білімінің бір саласы:

A) Паралингвистика.

B) Дискриптивті лингвистика.

C) Математикалық лингвистика.

D) Этнолингвистика.

E) Психолингвистика.
$$$ 48

Сөйлеу тілін, тілдік жүйедегі мәтіндерді зерттеуде статистикалық әдістерді қолдану:

A) Лингвистикалық статистика.

B) Статистикалық лингвистика.

C) Математикалық лингвистика.

D) Лингвостатистика.

E) Психолингвистика.
$$$ 49

Семиотика нені зерттейді:

A) Таңба, таңбалар жүйесін.

B) Грамматикалық форманы.

C) Сөздің шығу тарихын.

D) Адам еңбегінің шығармашылық сипатын.

E) Әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді.
$$$ 50

Семиотикалық әдебиеттерде таңбаларды неше түрге бөледі:

A) Жалпы және тілдік.

B) Негізгі және көмекші.

C) Нағыз және жасанды.

D) Мемлекеттік және мемлекеттік емес.

E) Тілдік және тілдік емес.
$$$ 51

Көмекші таңбалардың түрлері:

A) Фонемалық, морфемалық.

B) Теориялық, практикалық.

C) Графикалық, акустикалық, заттық.

D) Материалдық, материалдық емес.

E) Сұрау, хабарлау таңбалар.
$$$ 52

Сигнал таңбалар дегеніміз не?

A) Сөйлеу барысында қолданылатын таңбалар.

B) Дене қимыл-қозғалыстары арқылы беріледі.

C) Әр түрлі белгілер.

D) Көру, есту арқылы қабылданатын таңбалар.

E) Мағыналы таңбалар.
$$$ 53

Акустикалық таңбалар сипаты:

A) Математика, физика, химия ғылымдарының таңбалары.

B) Жарық арқылы берілетін әр түрлі белгілер.

C) Әр елдің, әр дәуірдің ақшалары.

D) Ымдау және нұсқау белгілері.

E) Сөйлеу мүшелерінің артикуляциялары арқылы жасалатын таңбалар.
$$$ 54

«Таңбалаушы» деген нені білдіреді:

A) Хабарлау қызметін атқарушы материалдық көрсеткіш-таңба.

B) Сөйлеу әрекетінің элементі.

C) Білдіретін хабардың мазмұны.

D) Таңбалардың атқаратын қызметі.

E) Таңбалардың материалдық белгісі.
$$$ 55

«Таңбаланушы» деген не?

A) Таңбаларды зерттейтін ғылым.

B) Белгілі бір нәрсені білдіруші таңбаның мағынасы.

C) Шартты белгілердің жиынтығы.

D) Семиотиканың теориялық тұжырымдары.

E) Сөйлеу мүшелерінің артикуляциясы.
$$$ 56

«Семиотика» деген грек сөзінің мағынасы:

A) Таңба.

B) Символ.

C) Сигнал.

D) Белгісіз.

E) Белгілі.
$$$ 57

«Тіл – таңбалар жүйесі» деп табатын семиотиканың негізін салған ғалым:

A) Карл Фосслер.

B) Түркологтар.

C) Франц Бопп.

D) Фердинандт де Соссюр.

E) Якоб Гримм.
$$$ 58

Семантика дегеніміз не?

A) Тілдің сыртқы дыбыстық жағы.

B) Сөйлеу мен ойлаудың қарым-қатысы.

C) Тіл мен ойлаудың қарым-қатынасы.

D) Тілдік элементтердің мағыналық жағы.

E) Тілдің танымдық қасиеттері.
$$$ 59

Семантиканы зерттейтін ғылым:

A) Семасиология.

B) Семиотика.

C) Синтагма.

D) Социология.

E) Синтаксис.
$$$ 60

Лексикалық мағына сипаты:

A) Қосымша, үстеме мағына.

B) Ауыспалы, келтірінді мағына.

C) Әр сөздің өзіне тән атауыштық мағынасы.

D) Тілдің бейнелеуіштік, коммуникативтік сипаты.

E) Тіл дыбыстарының мағынасы.
$$$ 61

Грамматикалық мағына қалай беріледі?

A) Тілдік функция мен логикалық қатынас арқылы.

B) Тілдің атауыштық, лексикалық қасиеттері арқылы.

C) Сапалық және сандық көрсеткіштер арқылы.

D) Әр түрлі арнаулы көрсеткіштер мен формалар арқылы.

E) Тілдік мағыналардың негізгі түрлері арқылы.
$$$ 62

Семасиологияның нысанына кіретін ұғым:

A) Сөз тіркесі.

B) Сөз мағынасы.

C) Жұрнақ.

D) Жалғау.

E) Сөз.
$$$ 63

Сөздердің мағынасын, олардың өзгеруін зерттейтін тіл білімінің саласы:

A) Семиотика.

B) Сегментация.

C) Семантика.

D) Семасиология.

E) Сема.
$$$ 64

“Сигнификат” деген не?

A) Салыстырмалы түрде тілдік бірліктің семантикалық мәнін айқындау.

B) Мағынаны өзгерту.

C) Мағынаны салыстыру.

D) Дыбыс күші.

E) Күшті екпін.
$$$ 65

Көркем шығармада қосымша мағына беретін ұғым атауы:

A) Коннотация.

B) Интелектуализация.

C) Стилизация.

D) Фольклоризация.

E) Денотация.
$$$ 66

Коннотат терминінің білдіретін мағынасы:

A) Ереже.

B) Негізгі мағына.

C) Қосымша мағына.

D) Сөйлеу қызметі.

E) Хабарлау мазмұны.
$$$ 67

Денотат термині нені білдіреді:

A) Сөйлеу.

B) Хабарлау.

C) Белгілеу.

D) Қызмет ету.

E) Көрсету.
$$$ 68

Грамматикалық мағына мен логикалық мағынаның арасына алғаш шек қойған грек философы:

A) Парменид.

B) Продик.

C) Кратил.

D) Платон.

E) Анаксимен.
$$$ 69

«Тіл – халықтың рухы» тұжырымдамасының авторы:

A) В.Виноградов.

B) Ф. де Соссюр.

C) І.Кеңесбаев.

D) В.Гумбольдт.

E) И.Сталин.
$$$ 70

Лингвистиканың қай түрі мынадай термин сөздерге сүйенеді: тіл, диалект, стиль, лексика, синтаксис, екі тілділік, есімшелі оралым.

A) Этнолингвистика.

B) Әлеуметтік лингвистика.

C) Психолингвистика.

D) Дәстүрлі лингвистика.

E) Когнитивті лингвистика.
$$$ 71

Әлеуметтік лингвистика нені зерттейді:

A) Белгілі бір тілдегі сөздердің этимологиясын.

B) Сөздің құрылысын, сөз таптарын, сөйлем мүшелерін зерттейді.

C) Тілдің шығу тарихын және оның дамуын.

D) Тіл мен қоғам арасындағы байланыстарды және өзара әсерлесуін.

E) Тілдің құрылымы мен жүйесін.
$$$ 72

«Слэнг» қандай сөздер:

A) Дөрекі.

B) Сыпайы.

C) Аударылмайтын.

D) Бүкіл халыққа ортақ.

E) Жаңғырық.
$$$ 73

Тілдердің тоғысуы дегеніміз:

A) Көркем әдебиеттің аударылуы.

B) Бір тілдің жеңілуі.

C) Араласу нәтижесінде бір тілдің жеңуі.

D) Аударма сөздіктер жасау.

E) Қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде араласып кетуі.
$$$ 74

Тілдердің тоғысуындағы жеңу мен жеңілуге байланысты лингвистикадағы терминдер саны:

A) Алты.

B) Сегіз.

C) Үш.

D) Төрт.


E) Екі.
$$$ 75

Субстрат дегеніміз:

A) Жеңген тілдің жеңілген тілдегі ізі.

B) Жеңілген тілдің жеңген тілдегі ізі.

C) Бірнеше халықтың бір тілде сөйлеуі.

D) Тілдің жойылып кетуі.

E) Жаңадан тілдің пайда болуы.
$$$ 76

Суперстрат дегеніміз:

A) Жеңілген тілдің жеңген тілдегі ізі.

B) Жаңадан тілдің пайда болуы.

C) Бүкіл халықтың ортақ тілде сөйлеуі.

D) Бір тілдің жойылып кетуі.

E) Жеңген тілдің жеңілген тілдегі ізі.
$$$ 77

Ұлттық тіл саясатының компонентіне жатады:

A) Мемлекеттік статус алу.

B) Қостілділікті болдырмау.

C) Мемлекетке ортақ тіл ойлап шығару.

D)Тілдердің бір-біріне әсер етудегі заңды регламентациясы.

E) Диалектілерді көптеп қолдану.
$$$ 78

Ұлттық тіл саясатының неше компоненті бар:

A) Бір.

B) Төрт.


C) Тоғыз.

D) Үш.


E) Бес.
$$$ 79

Франк лингвасы деп аталатын тілдер:

A) Генетикалық жағынан алшақ халықтардың саудада қолданатын тілдері.

B) Ұрылардың тілдері.

C) Жаргон мен аргосы мүлде жоқ тілдер.

D) Агглютинативті тілдер.

E) Еліктеушілер тілі.
$$$ 80

Койненің франк лингвасынан айырмасы:

A) Айырмасы жоқ.

B) Өте қысқа түрде берілуінде.

C) Этноәлеуметтік функциясы мен этнодиалектілік базасында.

D) Диалектілік негіздің көп болуында.

E) Таралу территориясында.
$$$ 81

Тілдің ұлтаралық мәселелерін шешуде унитаризм мен сегрегация қандай бағытта қолданылады:

A) Ұжымдаса.

B) Тілдің ұлтаралық мәселелерін шешуде қолданылмайды.

C) Тілдердің араласуына жол ашады.

D) Бір тілдің өркендеуі үшін қызмет етеді.

E) Бір-біріне қарсы бағытта.
$$$ 82

Пиджин дегеніміз:

A) Құпия тіл.

B) Сауда және өзге шаруа қатысындағы ауызекі тіл.

C) Көпұлтты саяхатшыларының тілі.

D) Эсперантоның ізімен жазылған тіл.

E) Теңізшілер тілі.
$$$ 83

Қазір қанша пиджин анықталды:

A) 100-ге тарта.

B) 17.


C) 31.

D) 50-ден жоғары.

E) 6.
$$$ 84

Белгілі бір этнос үшін пиджин ана тілге айналғанда қалай аталады:

A) Пиджин ІІ.

B) Франк лингвасы.

C) Креоль тілі.

D) Койне.

E) Буындық тіл.
$$$ 85

Алғашқы жасанды тіл:

A) Креоль тілі.

B) Воляпюк.

C) Эсперанто.

D) Койне.

E) Офендер тілі.
$$$ 86

Жеңген тілдің жеңілген тілдегі ізі:

A) Адстрат.

B) Перстрат.

C) Субсрат.

D) Инстрат.

E) Суперстрат.
$$$ 87

Жеңілген тілдің жеңген тілдегі ізі:

A) Перстрат.

B) Адстрат.

C) Субстрат.

D) Инстрат.

E) Суперстрат.
$$$ 88

Тілдің әлеуметтік белгісі нені білдіреді:

A) Сөйлеушілердің өздерінің сөйлеу тілі бойынша топтастырылуы.

B) Тілдік жағдай.

C) Халықтың әлеуметтік жағдайы.

D) Қоғамдағы саяси жағдай.

E) Ана тілде сөйлеу.
$$$ 89

Қазақстандағы қазіргі қостілділік жағдай қандай:

A) Діни қостілділік.

B) Функционалды қостілділік.

C) Этникалық қостілділік.

D) Тарихи қостілділік.

E) Әлеуметтік қостілділік.
$$$ 90

Диглоссия дегеніміз:

A) Ауызекі сөйлеу.

B) Ресми сөйлеу тілі.

C) Жазбаша және ресми ауызекі сөйлеу тілі.

D) Жазбаша сөйлеу тілі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет