«Тіл талапкері» атты сыныптан тыс жұмыс. Мақсаты



Дата30.06.2016
өлшемі58.55 Kb.
#168262
« Тіл талапкері» атты сыныптан тыс жұмыс.

Мақсаты: Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының өз еліне, туған жеріне, тіліне деген қүрмет сезімін қалыптастыру. Еліміздің тәуелсіздігін сақтауға, қазақ тілінің мәртебесін көтеру,оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету.
Жүргізуші:

Туған тілім –тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін,-
демекші Тіл - өте маңызды құрал.Тіл болмаса ,адам өз ойын біреуге жеткізе алмас еді.Өткен тарихымыз,халқымыздың әдет- ғұрпытары дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді.Қазақ тілі өте бай ,әрі көркем тілдердің бірі. ҚР-дың мемкеттік тілі қазақ тілі.Мемлекеттік тілді меңгеру-ҚР-ның азаматының парызы.
Жүргізуші: - Қош келдіңіздер құрметті оқушылар мен ұстаздар! Қазір сіздердің алдыңызға «Тіл талапкері» атты интелектуалдық шоудың қатысушыларың шақырамыз.Қошемет етіңіздер!
(Қатысушылар өздерің таныстырады.)

Әділқазылармен танысу.....


Жүргізуші:Бүгінгі сайыс бес асудан тұрады.

1 тур Бәйге

2 тур Мақал – мәтелдер сайысы

3 тур Дода

4 тур Көкпар

5 тур Жорға


1 тур Бәйге ׃ Ойында барлықтарыңа сәттілік тілей отырып , 1 тур Бәйгені бастаймыз.

Бастамас бұрын ойынның шартын мұқият тыңданыздар. Бұл турда тест сұрақтары оқылады , дұрыс деп есептеген жауаптың нұсқасын сигнал карточкаларымен көрсетесіздер. Әрбәр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.



Сұрақтар.

1.М. Әуезовтың атақты романы.

а) Қорғансыздың күні

ә) Көксерек

б) Қилы заман



в) Абай жолы
2. Жатыс септігінің жалғауларын ата.

а) да,де,нда,нде,та,те

ә) ға,ге,қа,ке,а,е

б) ын,ін,нде,н,нда

3.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

а 5 б 9

ә 2 в 8

4. Сен құрметте оны!

Түсіндің бе қарагым?

Ол ақшага сатқан жоқ.

Тізесінен кесіп аяғын – олең жолдарының авторы кім?


А Әбу Сәрсенбаев

Б Абай Құнанбаев

В Мағжан Жұмабаев

Г Қалижан Бекқожин



5. Сан есімнің неше магыналық тобы бар?

а 5 б 9


ә 2 в 6.

6. Шоқан – сүйген жарымыз Сұңқарым ұшты ұядан

Жігіттің гүлі – нарымыз. Сүйген жарым бүгінде

Ажалга тоқтау бола алмай. Өтті кетті дүниеден. – тұрмыс –салт жырларының

Сарқылды қолда барымыз. қай жанры болып табылады?

А сынсу


Б көңіл айту

В жоқтау

Г шешендік сөз.



7.Асан қайгы бабамыз қай гасырда өмір сүрген?

А15 б 13

ә 18 в 11-дұрыс


8. Төрт қандай буынды сөз?

А бітеу б тұйық

ә ашық в жалаң


Әділқазылар 1 тур бойынша багаларын айтады.

Жүргізуші :2 тур.мақал –мәтел сайысы.

Бұл турда ойыншылар кезекпен мақал-мәтел айтып жарысады.Кім-кім тоқтап қалса, келесі ойыншыға кезек келеді.Кім қанша мақал айтса, сонша ұпай алады.Әр жауап үшін 1 ұпайдан беріледі.


Жүргізуші: келесі тур-Дода деп аталады.Мұнда бізде 10.20.30 ұпайы бар ұяшықтары бар .Әрқайсысында 3 сұрақтан .Оқушылар ұяшықтарды өздері таңдап алады.

Сұрақтар ұпайдың өсуіне орай қиындатылып отырады. Бірінші болып ұяшықты ұпайы көп ойыншы таңдайды.Егер ойыншы сұраққа жауап бере алмаса , басқа ойыншылардың жауап беруге мүмкіндіктері бар.


10 ұпай

1.Ілік септігінің сұрақтарын және жалғауларын ата.

2.Сын есім дегеніміз не?

3.Қазіргі өмір талабына қойылатын тілдер.

20 ұпай


1. Абайдың қара сөздері неше бөлімнен тұрады? 46

2. «Аққудың айырылуы» поэмасының авторы кім? С.Сейфуллин

3. Сұраулы шылауларды ата. ма–ме.ба-бе.па-пе.ше.

30 ұпай


1.М.Жұмабаев нешінші жылы және қай жерде туган? 1893ж .СКО обл. Булаев ауд.

2.Галым ойшыл.философ Әбу Нәсыр әл-Фараби нешінші жылдарда өмір сүрді?

870-950 жж



3. 1841-1889 жж өмір сүрген педагог ағартушы кім? Ы.Алтынсарин.

Осы турды қорытындылау. Ұпайы аз екі ойыншы ойыннан шыгады.


4 тур-Көкпар.

Жүргізуші.Ойынның шарты былай:Түркістан сөзінен негұрлым көп сөз құрастыру керек.әріптер екі рет қайталамбайды.Әр сөзге 1 ұпайдан беріледі.

Ойыншылар сөз құрастырғанша көрермендер арасында сұрақ-жауап ойынын өткізейік. жауапты қолдарын көтеріп айтады.

1.Қазіргі заман талабына қойылатын 3 тіл.

2.Қорамсақ қандай сөз:архаизм.,неологизм., диалект сөз ...

3.Тілге байланысты мақал-мәтел айту.

4.Пунктуация сөзі қазақ тілінде қандай магына береді. нүкте.

5.Дифтонг дыбыстарды ата. я – иа. Ю – иу

6.Қазақ неше дыбыс бар?

7.»Тырық», «көтерем» диалектілерінің әдеби тілдегі баламасын табыңыз. Арық.
Көкпар турының ойыншыларының жазган сөздерін оқытқызып ұпайы аз оқушы ойыннан шыгады.

5 тур- «Жорга»



Жүргізуші: келесі тур – соңгы турЖорга деп аталады.Бұл турдың шарты былай.әрбір ойыншыга бірдей 20 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.Екі ойыншы шыгады.ұпайы көп ойыншы бастайды.
1.Бір жылда неше ай бар? (12)

2.қазақ тілінде неше септік бар? (7)

3.Көмектес септіктің неше жалгауы бар? (мен.бен.пен )

4.ҚР-ның валютасы? ( теңге)

5.ҚР-ның Ата Заңы күні ?( 30 тамыз).

6.Қазақ халқының ұлттық муз.аспабы. (домбыра)

7.Ақмола облысының орталыгы? (Көкшетау)

8.Жалгаудың неше түрі бар? (4)

9.Ұйқас жыр роман терминдері қай гылым саласында қолданылады? (әдебиет)

10 Кішкентай сөзінің диалектісі? (Біттей).

11.Мұгалім сөзінің синонимдері.(оқытушы.ұстаз).

12.Сілесу қату –тұрақты сөз тіркесінің магынасы қандай.(шаршау).

13Жиі-сөзінің антонимін ата.(Сирек.)

14.Мақалды жалгастыр: «Көппен көрген ....»( ұлы той).

15.Жазушы Мұқановтың есімі кім? (Сәбит).

16.Алгашқы рет мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин).

17.Қазақтың батыр қыздары кім? (Әлия.Мәншүк)

18.Қазақтың үш биін ата. )(Әйтеке.,Төле би.,Қазыбек би).

19.фонетика нені зерттейді?

20.Мақалды аяқта. «Тіл тас жарады, тас жармаса...( бас жарады).


Жүргізуші: Өзге тілдің бәрін біл.

Өз тіліңді құрметте – деп.бүгінгі Тіл талапкері атты интеллектуалды

шоу аяқталды.Жеңімпаз болан ойыншыларды құттықтаймыз.Биік белестерден көріне беріңіздер! Қош сау болыңыздар!

Вишневка негізгі мектебі



Өнер алды-қызыл тіл
Өткізген: Габдуллина Г.С қазақ тілі

мен әдебиет мұғалімі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет