«Тілдарын – 2013»
облыстық олимпиадасының
ЕРЕЖЕСІ
Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 шілдедегі №878 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011–2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 36-тармағын орындау, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және дамыту мақсатында «Тілдарын – 2013» облыстық олимпиадасын (бұдан әрі - Олимпиада) өткізеді.
Олимпиаданың өткізілу мақсаты:
Үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.
Олимпиаданың міндеттері:
1. Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру.
2. Тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру.
3. Жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.
Олимпиаданың шарты:
Олимпиадаға 18 бен 25 жас аралығындағы кез келген азамат қатыса алады. Олимпиада екі кезеңде өтеді:
Бірінші кезең – облыстық байқау;
Екінші кезең – республикалық байқау.
Олимпиадаға қатысушыларға мынадай тапсырмалар беріледі:
1. Берілген тақырыптың мазмұнын толық ашу.
2. Берілген тақырып бойынша эссе жазу.
3. Мәтінге ілеспе аударма жасау.
Олимпиадаға қатысушылар 3 кезеңнен өтуі тиіс:
1. Бірінші кезең - қазақ тілін білу;
2. Екінші кезең - ағылшын тілін білу;
3. Үшінші кезең - орыс тілін білу.
Олимпиаданың міндетті шарты – алдыңғы деңгейден (кезеңнен) өткен қатысушы ғана келесі деңгейге қатыса алады.
Олимпиаданың қорытындысы үш деңгейден өткен қатысушылар арасында жүргізіледі. Облыстық олимпиада жеңімпазы республикалық кезеңге жолдама алады.
Олимпиаданың қорытындысын шығару кезінде:
1. Тілдерді меңгеру деңгейі.
2. Жазу сауаттылығы мен дұрыс дыбысталуы.
3. Жауаптың оралымдылығы мен сапасы.
4. Жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігі.
5. Өзін-өзі ұстауы.
6. Берілген уақытын дұрыс пайдалануы ескеріледі.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Мекенжайымыз: Көкшетау қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі 1Б, үшінші қабат, 329 кабинет, Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасы.
Байланыс телефондары: 8 (7162) 40-11-56 (тел/факс 40-11-69);
Ескерту: бұрынғы олимпиаданың жүлдегерлері биыл өткізілетін облыстық олимпиадаға жіберілмейді.
E-mail: tilbaskarma@kokshetau.online.kz; tilbaskarma@mail.ru
«Тілдарын - 2013» облыстық олимпиадасының тапсырмалары:
І. Тұсаукесер (5 минут)
-
Ұлт көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаев.
-
Қазақтың ұлттық аспаптары.
-
М. Әуезов және «Абай жолы».
-
Түркістан – тарихи қала.
-
Аңызға толы - Көкшетау.
-
Ақын Жұмағали Саин шығармашылығы.
-
Қазақтың ұлттық ойындары.
-
Ғажайып қала – Астана.
-
Бала тәрбиесі - бесіктен.
-
Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали.
-
Қасиетті сандар.
-
Желтоқсан жаңғырығы.
-
КСРО халық әртісі Мұқан Төлебаев 100 жаста.
USSR’s great actor Mukan Tolebaev’s 100th (one hundredth) anniversary
-
Жергілікті ақын, қаламгер Т. Қажыбаев шығармашылығы.
Local poet, writer Tolegen Kazhybaev’s literary works
-
Ел үшін туған ерлер.
-
Қазақтың қоғам қайраткері, Ұлы жүздің бас биі Төле би Әлібекұлының туғанына 350 жыл.
Kazakh social leader, the main judge of “Uly-Zhuz” Tole-bi Alibekuly’s 350th anniversary
-
Мақал – сөздің мәйегі
-
Ғасыр саңлағы (Ақан сері Қорамсаұлы - 170 жаста)
Akan-seri Koramsauly’s 170th anniversary
-
Абай және оның қара сөздері
-
Қазақ киносының майталмандары
ІІ. ЭССЕ жазу (15 минут)
«Абылай хан – қазақ елінің тәуелсіздігі мен бірлігінің символы»
“Abylai-khan is a symbol of Kazakh country’s independence and unity”
ІІІ. БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ (5 минут)
-
Латын әліпбиіне көшу мәселесі.
-
Мемлекеттік рәміздер – киелі құндылық
-
Елбасы Жолдауы – жарқын болашақ кепілі
The message of the head of the country is a pledge of the bright future
-
Ұлт болашағы - денсаулық.
-
Әлем және Қазақстан.
-
Таза су – денсаулық кепілі.
-
12 жылдық оқу процесіне көшу мәселесі.
-
Қазақстандағы экологиялық ахуал.
-
Отбасы – алтын діңгек.
-
Ядролық қарусыз әлем – жарқын болашақ кепілі
-
Жастардың белсенділігі және қоғамдағы алар орны.
-
Қазақстан кенге бай өлке.
-
Қазіргі жастарды жұмыспен қамту мәселесі.
-
Қазақстандағы діни бірлестіктерге көзқарасыңыз.
-
Тәуелсіздік және тіл
-
Жастар есірткіге қарсы.
-
Бүгінгі ауыл жағдайы.
-
Ұлттық рух пен тәрбие.
-
Қазақстан экономикасының әлеуметтік мәселесі.
-
Қазақстандағы саяси партиялар.
ІҮ. ІЛЕСПЕ аударма (5 минут)
Достарыңызбен бөлісу: |