Орындады:Жаденова М Жоспар: 1.Тілдің пайда болуы 2.Тіл,ойлау және сөйлеу 3.Тіл және қоғам 4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Тіл адамды қоршаған шындық өмір туралы білімді сақтаумен бірге,жаңа білімді қабылдайтын,сөйтіп,адамның ойлау процесін жетілдіріп қамтамасыз ететін қоғамдық сипаты бар құбылыс.Тіл адамзат қоғамының негізгі қатысым(коммуникативтік)құралы.Тілдің дыбыстық табиғаты оның заттық көрінісі (материалы)болып табылады. Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды.Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялык өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатьн қабілетке ие болды. Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан куаты. Сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық-әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет. Сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі Тіл үш түрлі қызмет атқарады: - Сөйлеудің коммуникативтік қызметі – тілдік қатынас нәтижесінде адамдар тілдесіп, бір-бірімен түсініседі;
- Сөйлеудің сигнификативтік қызметі – адамдар бір-бірін белгілер мен таңбалар арқылы түсінетін болады;
- Сөйлеудің экспрессивтік қызметі - әр алуан хабарлар мен жай-жапсарлардың мәнерлі сөзбен, құлаққа жағымды үнмен, дауыс ырғағымен адамның жан дүниесін тебірентіп, өзгелерге жеткізілу тәсілі.
|
Тілдің пайда болуы жайлы әртүрлі теориялар бар.Олар тілдің қалай шыққанын,қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді
Биологиялық теориялар
Қоғамдық теориялар
Биологиялық теориялар: - Одағай теориясы
- Ымдау теориясы
- Еліктеу теориясы
- Қоғамдық келісім теориясы
- Еңбек теориясы
Қоғамдық теориялар: Назарларыңызға рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |