Тұқымның жарақаттануы


Тұқымның тіршілікке қабілеттілігі



бет9/11
Дата28.10.2022
өлшемі58.12 Kb.
#463558
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Дәріс 3

Тұқымның тіршілікке қабілеттілігі - тұқымның өнуге қабілеттілігі. Ол талданатын үлгідегі тірі тұқымның пайыз мөлшерімен сипатталады. Тұқымның тіршілікке қабілеттілігін мына жағдайларда анықтайды: тұқым тыныштық күйде жатқанда, мұндай тұқымдар төмен өнгіштікте, алайда тіршілікке қабілеттілігі жоғары болады; тұқым сапасы жөнінде шұғыл ақпарат қажет болғанда (тұқымды тіршілікке қабілеттілігі бойынша сатып, ақшадай есептесуді өнгіштігі бойынша іске асырады); көктеу мерзімі біткеннен кейін өнбеген, бірақ бөрткен тұқымдарды бағалау үшін. Тіршілікке қабілеттілікті анықтау үшін тұқымның тазалығын анықтағаннан кейін негізгі дақылдан 100 данадан екі үлгі санап алынады. Тіршілікке қабілеттілікті анықтаудың бірнеше әдісі бар: сілті ерітіндісінде тұқымның ісіну жылдамдығымен, люминесценттік әдіспен және тұқымды бояғыш заттарда боялу ерекшеліктері бойынша.
Тұқымның ісіну жылдамдығы бұршақ тұқымдас өсімдіктерде (жоңышқа, беде ж.б.) КОН немесе NаОН сілтісінің 0,5% -ды ерітіндісінде өлі тұқым қабықтарының әртүрлі өткізгіштігіне негізделген. 20°C жылылықта 45 мин. өткенде тіршілікке қабілетті тұқымдар ісінеді, ал өлі тұқымдар ісінбейді.
Тіршілікке қабілеттілікті бояғыш заттарда анықтағанда (тетрозол, индиго- кармин немесе қышқыл фуксинде ) тұқымды алдын ала 18-20°C жылылықта белгілі бір уақыт аралығында (қара бидай, сұлы ж.б. - 1-2 сағ., арпа, күнбағыс - 4,5 сағ., бидай, жүгері-5-6, қарақұмық - 16-17, асбұршақ - 16-18 сағ. суда дымқылдандырады, сонан соң тұқымды ұзына бойымен тең екі жартыға бөледі (бидай, арпа, сұлы, жүгері, күріш), немесе тұқымдық қабығын алып тастайды (асбұршақ, күнбағыс, сиыржоңышқа т.б.), талдауға тұқымның бірінші жартылары алынады, ал екінші жартылары суы бар ыдысқа қалдырылады да қажет болғанда анықтауды қайталайды.
Тұқымды тетразолда бояу әдісі ұрықтық тірі клеткаларының түссіз хлорлы тетразолды формазанға айналдыру қабілетіне негізделген. Осының нәтижесінде тұқымның ұрығы қызыл түске боялады, ал өлі тұқымның ұрығы түссіз қалады. Бұл әдісті қолданғанда дайындалған әрбір жүз жартыкешті суда мұқият жуады, соңынан оларды стақанға салып үстінен 0,5%-ды тетразол ерітіндісін құяды да 20°C жылылықта 1 сағ. 30 мин. немесе 30°C жылылықта 40-50 мин. уақытқа қалдырады. Тиісті уақыт өткен соң тұқымды мұқият тексереді. Тіршілікке қабілетті тұқымдарға ұрығы боялған тұқымдарды жатқызады.
Тұқымның индиго-кармин немесе қышқыл фуксинде боялу әдісі ұрықтың тірі клеткаларының (жасушаларының) ерітіндіні өткізбейтін, ал өлі жасушалардың жеңіл өткізіп боялатын ерекшелігіне негізделген. Бұл әдісте стақандағы жуылған тұқым жартыкештеріне немесе қабығы алынған бүтін тұқымдарға 0,1%-ды индиго-кармин немесе қышқыл фуксин ерітіндісін зерттеліп отырған жадығат толық жабылғанша құяды. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін (бидай, сұлы, арпа, жүгері, қарақұмыцқ ж.б. үшін 10-15 мин., асбұршақ, атбас бұршақ, майбұршақ, сиыржоңышқа т.б. -2-3 сағ.) тіршілікке қабілетті (ұрығы боялмаған) және тіршілікке қабілетсіз (ұрығы боялған) тұқымдарды есептейді. Тұқымның тіршілікке қабілеттілігін пайызбен екі үлгіні талдау нәтижелерінің арифметикалық орташа көрсеткіштерімен анықтайды; екі талдау нәтижелерінің ауытқулары МҮҚ талаптарынан аспауға тиіс; үлгілерді талдаудың нәтижелеріндегі айырмашылықтар рұқсат етілген ауытқулардан асып кетсе, анықтауды қайталайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет