Тіркелген авиациялық электр байланыс желісінде жұмыс істеу технологиясы Жалпы ережелер



бет1/4
Дата17.07.2016
өлшемі339 Kb.
#206418
  1   2   3   4




Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы

«____» __________________

№ _____бұйрығымен бекітілген


Тіркелген

авиациялық электр байланыс желісінде жұмыс істеу

технологиясы



  1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының тіркелген авиациялық электр байланыс желісінде (бұдан әрі - AFTN) жұмыс істеу технологиясы (бұдан әрі - Технология) тәжірибе ұсынған халықаралық стандарттардың және «Авиациялық электр байланыс, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 10-қосымша, ІІ том» аэронавигациялық қызмет көрсету қағидаларының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету мен азаматтық авиацияның авиациялық радиобайланыс ережелерін бекіту туралы» 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысымен бекітілген Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету мен азаматтық авиацияның радиобайланыс ережелерінің 286 тармағымен сәйкес әзірленген.



  1. Технология Қазақстан Республикасының AFTN желісінде (бұдан әрі - Желі) байланысты ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

  2. Технологияда мынадай анықтамалар қолданылады:

1) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

  1. белгіленген формат бойынша қардың, мұздың, лай батпақтың немесе қардың еруінен пайда болған ақпайтын судың, әуеайлақтың жұмыс алаңында лай батпақ пен мұздың болуынан туындаған қауіпті жағдайлардың бар екендігі немесе оларды жою туралы хабарлайтын арнайы сериялы «SNОWТАМ» – «NOTAM»;

  2. берілген тізбек (бұдан әрі - маршрут) – хабарламаларды қабылдаудан бастап жеткізуге дейінгі таңдап алынған жүру жолы;

  1. жеделхат – жіберуші осы Технологияның 3-тарауының 4-параграфына сәйкес бойынша толтырған және желіге тарату үшін авиациялық электр байланыс станциясына ұсынылған құжат;

5) желіге тарату уақыты – жеделхат AFTN станциясына келіп түскен сәттен бастап хабарламаны арнаға таратуды бастағанға дейінгі уақыт аралығы. Кесте бойынша жұмыс істейтін AFTN станциялары үшін желіге тарату уақыты байланыс сеансы басталғаннан есептеледі;

6) жүру уақыты – жеделхатты желі бойынша тарату үшін AFTN станциясына келіп түскен сәттен бастап осы хабарлама адресатқа немесе абонентке келіп түскен сәтке дейінгі уақыт;



  1. жыртылмалы таспасы бар қайта тарату қондырғысы – хабарламалар телетайп таспасына қабылданатын және қайта таратылатын, ал хабарламаларды қайта тарату бойынша барлық операциялар оператордың араласу нәтижесі болып табылатын телетайп қондырғысы;

  2. жіберуші – желіге тарату үшін тиісті өкілеттігі бар және жеделхатқа қол қойған лауазымдық тұлға;

9) межелі AFTN станциясы –жергілікті адресатқа жеткізуге арналған хабарламалар жіберілетін AFTN станциясы;

  1. орналасқан жерінің индексі – тіркелген авиациялық станцияның орналасқан жерін белгілеу үшін Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) «Орналасқан жер көрсеткіштері (индекстері)» DOC 7910 құжатына сәйкес құрастырылған төрт әріптік кодтық топ;

  2. өкілетті орган – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы және халықаралық авиациялық электр байланыс қызметінің өз жұмысын Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 10-қосымшасы ІІ томында айтылған ережелерге сәйкес жүзеге асыруын қамтамасыз ету үшін жауапты аэронавигациялық ұйым;

  3. тіркелген авиациялық электр байланыс желісі (ағылшын тіліндегі AFTN қысқарған аббревиатурасы) – жерүсті авиациялық электр байланыстың бір бөлігі болып табылатын және ұқсас немесе үйлесімді байланыс сипаттамалары бар тіркелген авиациялық станциялар арасында хабарламалармен және/немесе цифрлық деректермен алмасуды көздейтін тіркелген авиациялық электр байланыс тізбектерінің дүниежүзілік жүйесі;

  4. ұшу-пайдалану агенттігі - әуе кемелерін (бұдан әрі - ӘК) пайдалануды жүзеге асыратын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын ұйым немесе кәсіпорын;

  5. хабарлама форматы – халықаралық шарттар мен рәсімдердің негізінде қабылданған желіде хабарлама алмасу тәртібі;

  6. шеткі станция (ШС) – кіріс және шығыс хабарламаларды өңдеуді қамтамасыз ететін АFTN станциясы;

  7. «AIRMET» ақпараты (ағылшын тіліндегі «AIRMET» қысқарған аббревиатурасы (бұдан әрі - «AIRMET») – ұшу маршруты бойынша төменгі биіктіктерде ұшу қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін және ұшу ақпаратының тиісті ауданында немесе оның қосалқы ауданында төменгі биіктіктегі ұшу үшін құрастырылған болжамға енгізілмеген белгілі бір ауа райы құбылыстарының нақты немесе болжамды пайда болуы туралы метрологиялық байқау органы шығаратын ақпарат;

  8. AFTN байланыс орталығы – негізгі мақсаты AFTN трафигін онымен байланысты басқа AFTN станцияларынан (немесе станциялары үшін) қайта тарату болып табылатын AFTN станциясы.

18) AFTN жіберу станциясы - AFTN желісі бойынша таратуға арналған жеделхаттар келіп түсетін AFTN станциясы;

19) AFTN хабарлама тарату орталығы (AFTN ХТО) – құрамына аппарат құралдары мен бағдарламалық жасақтама кіретін және негізінен хабарламаларды қайта таратуға арналған AFTN байланыс орталығы;



  1. «METAR» - тұрақты метеорологиялық ауа райы мәліметі;

  2. «NОТАМ» - ұшуды орындаумен байланысты персоналға уақтылы алдын ала хабарлануы маңызды болып табылатын, электр байланыс құралдары арқылы таратылатын және кез келген аэронавигациялық жабдықтың, қызмет көрсетудің және ережелердің қолданысқа енгізілуі, жай-күйі немесе өзгеруі туралы ақпарат пен қауіп-қатер туралы ақпаратты қамтитын хабарлама;

  3. «SPESI» - арнайы метеорологиялық ауа райы мәліметі;

  4. «SIGMET» ақпараты (ағылшын тіліндегі «SIGMET» қысқарған аббревиатурасы (бұдан әрі - «SIGMET») – ұшу маршруты бойынша әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін белгілі бір ауа райы құбылыстарының нақты немесе болжамды пайда болуы туралы метрологиялық байқау органы шығаратын ақпарат.

    1. Тіркелген авиациялық электр байланыс желісінде төмендегі хабарламалар өңделеді:

  1. апат туралы;

  2. шұғыл;

  3. ұшу қауіпсіздігіне қатысты;

  4. метеорологиялық;

  5. ұшу тұрақтылығы туралы;

  6. аэронавигациялық ақпарат қызметтері (бұдан әрі - ААҚ);

  7. авиациялық әкімшілік;

  8. қызметтік.

    1. Барлық AFTN станциялары Дүниежүзілік үйлестірілген уақытты (бұдан әрі - UTC) қолданады. Түн жарымы тәуліктің соңы – 24 00, ал тәуліктің басы - 00.00 болып саналады.

    2. «Күн-уақыт» тобы төрт цифрдан тұрады; алғашқы екі цифр айдың санын, ал соңғы төртеуі – сағат пен минуттарды (UTC) білдіреді.

AFTN желісіне хабарлама мәтінің жіберуге дайындағанда келесіні сақтаған қажет.

Ақпараттарды, индекстерді, қысқаруларды, әріптерді, белгіленген белгілер тырнақшаға алынбайды.



2. AFTN желісін ұйымдастыру


    1. Желіні жедел басқаруды кәсіпорынның Бас хабар тарату орталығы жүзеге асырады.

    2. Желі Хабар тарату орталықтары мен шеткі станциялар кәсіпорынның филиалдары орналасқан жерге байланыстырылған тұрақты сипатқа ие.



3. AFTN станциясына

жеделхаттарды толтыру және тарату
1-параграф. Хабарлама түрлері


    1. Хабарламалар өңдеу (AFTN станциясы арқылы өту) сатысына қарай төмендегілерге бөлінеді:

  1. шығыс – жіберушілерден қабылдап алынған және осы станциядан желіге таратылатын хабарламалар;

  2. транзиттік – осы станция арқылы өтетін және сонда өңделетін хабарламалар;

  3. кіріс – желіден осы станцияға келіп түскен және осы станция адресаттарына жеткізілуге тиіс хабарламалар.

    1. Жіберуші жасайтын адрестік тармаққа қарай хабарламалар төмендегідей бөлінеді:

  1. бір мекенжайлы – адрес тармақ құрамында бір адресат индексі болады;

  2. көп мекенжайлы – адрестік тармақ құрамында екі не одан көп адресат индексі немесе алдын ала анықтап таратуға арналған адрес индексі болады.

    1. Мәтініне және өңдеу тәсіліне қарай хабарламалар төмендегідей бөлінеді:

  1. нысандалған – қатаң белгіленген нысан бойынша құрастырылған мәтін;

  2. қарапайым (мағыналық).



2-параграф. Хабарлама санаттары


    1. AFTN желісінде төмендегі санаттағы хабарламалар өңделеді:

1) апаттар туралы («СС» шұғылдық индексі). Хабарламалардың бұл санатына тікелей қауіптің төніп тұруы туралы хабарлайтын жылжымалы станция хабарламалары, сондай-ақ апатқа ұшыраған жылжымалы станцияға қажет шұғыл көмекке қатысты басқа хабарламалар жатады;

2) шұғыл («ДД» шұғылдық индексі). Хабарламалардың бұл санатына әуе кемесінің, немесе басқа көлік құралдарының, немесе ӘК бортындағы не көзге көрінетін жердегі қандай болмасын тұлғаның қауіпсіздігіне қатысты хабарламалар жатады;

3) ұшу қауіпсіздігіне қатысты хабарламалар («ФФ» шұғылдық индексі) төмендегілерді қамтиды:

ICAO PANS-ATM (Doc 4444) құжатында белгіленгендей, қозғалыс пен басқару туралы хабарламалар;

ұшып бара жатқан әуе кемесіне немесе ұшып шығуға дайындалып жатқан әуе кемесіне тікелей қатысы бар ұшу-пайдалану агенттігі толтырған хабарламалар;

«SIGMET» ақпаратымен, борттан келіп түскен арнайы хабарламалармен, «AIRMET» хабарламаларымен, вулкан күлі мен тропикалық циклондар туралы ақпаратпен және нақтыланған болжамдармен шектелген метеорологиялық хабарламалар.

4) метеорологиялық («ГГ» шұғылдық индексі) мына хабарламаларды қамтиды:

ауа райы болжамы, мәселен, әуеайлақ, аудан, маршруттар бойынша болжамдар туралы;

бақылаулар мен хабарламаларға қатысты, мысалы, METAR, SPESI;

5) ұшу тұрақтылығы туралы хабарламалар («ГГ» шұғылдық индексі) мына хабарламалардан тұрады:

салмақтық және орталықтандыру параметрлерін анықтау үшін әуе кемелерінің тиелуі туралы;

әуе кемелерінің ұшу кестесіндегі өзгерістер туралы;

әуе кемелеріне қызмет көрсету туралы;

қалыпты кестеден ауытқу себебінен жолаушылар, экипаж және жүкпен байланысты ұжымдық қажеттілік туралы;

жоспарланбаған қону туралы;

ӘК тұрақты емес ұшуына аэронавигациялық және пайдалану қызметтерін көрсетуге қатысты ұшу алдындағы шаралар туралы. Мысалы, ұшып өтуге рұқсат сұрау;

ұшу-пайдалану агенттіктері құрастырған, әуе кемесі ұшып келген немесе ұшып шыққан уақыты көрсетілетін хабарламалар;

әуе кемесінің ұшуын қамтамасыз ету үшін шұғыл түрде қажет қосалқы бөлшектер мен материалдарға қатысты хабарламалар;

6) ААҚ хабарламалары («ГГ» шұғылдық индексі) мына хабарламаларды қамтиды:

а) NOTAM-ға қатысты хабарламалар;

б) SNOWTAM-ға қатысты хабарламалар;

7) авиациялық әкімшілік хабарламалар («КК» шұғылдық индексі) мына хабарламаларды қамтиды:

қауіпсіздікті, әуе кемелерінің ұшу тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған құралдарды пайдалану немесе оларға техникалық қызмет көрсетуге қатысты;

аэронавигациялық ақпарат қызметінің жұмысына қатысты;

азаматтық авиацияның өкілетті органдары алмасатын және аэронавигациялық қызмет көрсетуге қатысты;

шұғылдық дәрежесіне қарай авиапошта немесе басқа желілер арқылы жіберілмейтін хабарламалар;

8) қызметтік хабарламалар (жағдайға қатысты қолданылатын шұғылдық индексімен). Хабарламалардың бұл санатына ақпаратты немесе AFTN станциясы дұрыс таратпады деп болжанған басқа хабарламаларға қатысты растауларды, арналардағы нөмірлер ретінің растауын және т.б. алу мақсатында AFTN станциялары құрастырған хабарламалар.

AFTN станциялары қызметтік хабарламаларды орыс тілінде де, латын тілінде де жасауды және тануды қамтамасыз етеді. Қызметтік хабарламалар тіркелімі шектес AFTN станцияларының келісуі арқылы белгіленеді.

«СС» («SS») шұғылдық индексі бар хабарламалардың алғандығын растайтын хабарламаларды қоспағанда, басқа қызметтік хабарламалар мәтіндегі бірінші топ секілді СЖЦ (SVC) қысқарған сөзімен белгіленеді.

Қызметтік хабарламадағы алынған хабарламаға сілтеме жасау тиісті таратылымды белгілеу топтарының немесе дереккөздің көмегімен жүргізіледі.

Хабарламаны кешіктіру немесе алмау себептерін анықтауға қатысты қызметтік хабарламалар осы Технологияның 1-қосымшасына сәйкес хабарламаларды кешіктіру немесе алмау себептеріне тексеру жүргізу ретімен сұралған хабарлама сонда өңделген AFTN станцияларына жіберіледі.

3-параграф. Таратылым кезектілігі
13. AFTN станциялары хабарламалардың бұрмалаусыз өтуін қамтамасыз етеді.

14. Көлемі 160 белгіге дейінгі шығыс жеделхаттар үшін желіге таратудың төмендегі уақыт нормативтері белгіленген:

1) «СС» («SS») шұғылдық индексімен кезектен тыс, кідірмей;

2) «ДД» («DD»), «ФФ» («FF») шұғылдық индекстерімен 5 минутқа дейін;

3) «ГГ» («GG») шұғылдық индекстерімен 10 минутқа дейін;

4) «КК» («KK») шұғылдық индексімен 30 минутқа дейін.

Көлемі 160 белгіге дейінгі жеделхаттарды тарату уақыты әрбір қосымша 100 белгіге 1 минутқа көбейеді.

Көп мекенжайлық жеделхаттарды тарату уақыты осы Технологияның 26-тармағына сәйкес белгіленеді.

15.  Транзиттік хабарламалар үшін AFTN станцияларында хабарламалар таратылымының (қайта таратылуының) төмендегідей кезектілігі белгіленеді:

Таратылым Шұғылдық

кезектілігі индексі

1 «СС»;


2 «ДД ФФ»;

3 «ГГ КК»;


Бірдей шұғылдық индексі бар хабарламалар AFTN станциясына келіп түскен ретпен таратылады.

4-параграф. Жеделхаттарды құрастыру

және AFTN станциясына беру
16. Технологияның 12-тармағында көрсетілген санатқа жататын хабарламалар ғана AFTN желісіне тарату үшін қабылданады.

17. Хабарламаларды желіге таратудың тиімділігін анықтау және мәтіннің дұрыс жазылуы хабарламаны құрастырған жіберушіге жүктеледі. AFTN станциясының қызметкерлері желіге тарату үшін станцияға жеткізілген жеделхаттың мәтінін өзгертпейді және түзетпейді.



  1. AFTN желісіне таратуға арналған жеделхатты жіберуші құрастырады және адрестік жолы, дереккөз, мәтін және қызметтік мәліметтер болуы және олар төмендегі нысанға сәйкес келуіді:

«00 ХХХХХХХХ»;

«000000 YYYYYYYY»;

«МӘТІН»


______________________________________________________________

лауазымды тұлғаның лауазымы, аты-жөні және қолы

Орынд.: тұлғаның лауазымы, аты-жөні;

Телефон № (міндетті емес);

Күні (саны, айы, жылы);

ондағы, «00 ХХХХХХХХ» – адрестік жол (00 –шұғылдық индексі, «ХХХХХХХХ» – адрес индексі). Адрестік жолда бірнеше адресаттың индексі болуы мүмкін;

«000000 YYYYYYYY» – дереккөз («000000» – жеделхатты беру уақыты, «YYYYYYYY» – жіберушінің индексі);

«Мәтін» – жеделхаттың мәтіндік бөлігі. Мәтіндік бөлігі қызметтік мәліметтерден тұтас көлденең сызықпен бөлінеді.

19. Хабарлама төмендегідей құрастырылуға тиіс:


  1. егер адрестік жолдағы адресаттардың барлық индекстері «У» («U») әрпінен басталса, орыс немесе латын әліпбиінде;

  2. егер адрестік жолдағы адресаттардың біреуі болса да «У» («U») әрпінен басқа әріптен басталатын болса, латын әліпбиінде.

Жеделхатта латын әріптерімен орыс сөздерін жазу қажет болса, осы Технологияның 2-қосымшасына сәйкес хабарламаларда латын әріптерімен орыс сөздерін жазу үшін пайдаланатын орыс алфавитінің латын әріптеріне сәйкестік кестесі қолданылады.

20. AFTN жіберу станциясы желіге тарату үшін желіге төмендегі жеделхаттарды қабылдайды:

1) осы мақсатта пайдалануға рұқсат етілген тізбек арқылы алынған;

2) жіберуші станцияға жеткізген және осы Технологияның 18-тармағында көрсетілген нысанға сәйкес келетін, көлемі жазу парағының жартысынан кем болмайтын қағазға немесе арнайы дайындалған бланкіге сиямен немесе қара түсті пастамен қолдан жазылған, немесе басып жазылған және қол қою құқығы берілген лауазымды тұлғалар қол қойған.

AFTN станциясын басқаратын азаматтық авиация ұйымымен (филиалмен) келісу белгісі бар хабарламаларға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалар тізімінің түпнұсқасы осы Технологияның 3-қосымшасына сәйкес жіберушіге қызмет көрсететін станцияда сақталады.

21. Қызметтік мәліметтердегі қолтаңба жеделхатта көрсетілген лауазымды тұлғаға сәйкес болуға тиіс.

Лауазымды тұлға уақытша болмаған жағдайда оған рұқсат берілген шұғылдық санаты мен жіберушінің индексі бар жеделхатқа оның міндетін атқаратын тұлға қол қоя алады. Бұл жағдайда жеделхат бланкісінде жеделхатқа қол қоятын тұлғаның уақытша лауазымы көрсетіледі.

Егер хабарлама бланкісінде, қызметтік мәліметте бірнеше лауазымды тұлға көрсетілетін болса, сол тұлғалардың барлығының қолы болуға тиіс. Бұл жағдайда, егер жіберушінің жеделхатта көрсетілген шұғылдық санаты мен индексі құрамында жеделхатқа қол қою құқығы берілген бір лауазымды тұлға бар лауазымды тұлғалар тізімімен рұқсат етілген болса, жеделхат желіге таратылу үшін қабылданады.

22. Жіберуші жеделхатқа түзетулер енгізе алады, толықтырулар жасайды, оны таратуды кешіктіре немесе тоқтата алады. Бұл іс-қимылдардың барлығы осы жеделхат бланкісіндегі жіберушінің қолымен расталуы керек. Егер жеделхат жіберілген болса, оны түзету, толықтыру немесе жою үшін жіберуші басқа жеделхат жіберуге тиіс.


    1. Шығыс жеделхаттардың түпнұсқалары мен AFTN шығыс станциясы таратқан барлық хабарламалардың толық көшірмелері 30 күнтізбелік күндер ішінде AFTN жіберілген станцияда сақталады.

    2. Желіге тарату үшін хабарламалар AFTN станциясына бір данада ұсынылады. AFTN станцияларында өңдеуге қабылданып алынған жеделхаттардың көшірмелері қайтарып берілмейді.

    3. Жеделхаттар төмендегі құрамдас бөліктерден тұрады:

1) адрестік жол мына индекстерді қамтиды:

шұғылдық;

адрестер (адресаттар).

Шұғылдық индексі тиісті екі әріптік топтан тұрады және адрестердің бірінші жолында көрсетіледі. Жеделхаттың шұғылдық индексін мазмұнына қарай жеделхатқа қол қойған тұлға белгілейді.

Адресаттың индексі сегіз әріптен тұрады және алдын ала белгілеп таратуға арналған адрестің индексін қоспағанда, мыналарды қамтиды:

межелі пункттің орналасқан жерін көрсететін төрт әріптік белгі;

хабарлама жолданатын ұйымды/атқарымдық бөлімшені (авиациялық өкілетті орган, қызмет немесе ұшу-пайдалану агенттігі) көрсететін екі немесе үш әріптік шартты белгі;

хабарлама жолданатын ұйымды/атқарымдық бөлімше шеңберіндегі бөлімді, бөлімшені немесе процесті белгілейтін қосымша әріп (әріптер). «Ь» («Х») немесе «ЬЬ» («ХХ») әріптері хабарламаны алушы адрес индексінің жеті немесе алты әрпімен белгіленген жағдайда немесе нақты белгілеу қажет болмаған жағдайларда адресті аяқтау үшін қолданылады.

AFTN жолданатын станцияның бір жерде немесе әр жерде орналасуына қарамастан, адрестің әрбір индексі үшін адресаттың жеке индексі қолданылады.

Адресті қалыптастыру үшін қолданылатын индекстердің тізбесі төмендегілерде көрсетілген:

азаматтық авиация саласында үкіметті орган бекітетін адрестерді қалыптастыру үшін пайдаланылатын индекстердің тізбесі;

Адресті көрсету үшін пайдаланатын шартты белгілер тізімі:

шартты белгілерінің көрсеткіш жинағында;

Doc 7910 ICAO – «Орналасқан жерінің көрсеткілері (индекстері)»;

Doc 8585 ICAO – «Ұшу-пайдалану агенттіктерінің, авиациялық өкілетті органдар мен қызметтердің шартты белгілері»

көрсетілген.

Егер хабарлама шартты үш әріптік белгі берілген ұйымға жолдануға тиіс болса немесе ол мемлекеттер индекстерінің жинақтарында көрсетілмесе, межелі пункт индексінен кейін ICAO-ның үш әріптік шартты белгісі («YYY») (немесе, егер әскери қызмет/ұйым болса, ICAO «ЫЬЫ («YXY») үш әріптік шартты белгісі) келеді. Ұйым-адресаттың атауы бұл жағдайда жеделхат мәтінінің бірінші элементіне енгізіледі. «Ь» («Х») толтыру әрпі осы Технологияның 4-қосымшасына сәйкес Хабарламалар форматында көрсетілген «ЫЫЫ» («YYY») немесе «ЫЬЫ» («YXY») үш әріптік шартты белгіден кейін келетін сегізінші әріп болып табылады.

Егер хабарлама ұшып бара жатқан әуе кемесіне жіберілуге тиіс болса және сондықтан оған белгіленген таратылым трактысының бір бөлігі авиациялық әуе байланысының арналары арқылы қайта таратылғанға дейін AFTN желісі арқылы өтетін болса, хабарламаны әуе кемесіне жіберуге тиіс авиациялық станцияның орналасқан жерінің индексінен кейін ICAO-ның үш әріптік «ЗЗЗ» («ZZZ») шартты белгісі келеді. «Ь» («Х») толтыру әрпі сегізінші әріп болып табылады. Бұл жағдайда әуе кемесінің тану индексі Хабарламалар форматында көрсетілген осы Технологияға 4-қосымшаға сәйкес жеделхат мәтінінің бас жағына енгізіледі.

Жеделхатты жетіден көп адресатқа жіберу қажет болған жағдайда осы Технологияның 26-тармағында айтылған ережелерді басшылыққа алу керек.

2) Дереккөз мыналарды қамтиды:

жеделхатты беру уақыты;

жіберушінің индексі;

қосымша адрес (қажет болған жағдайда).

Жеделхатты беру уақыты 6 цифрдан тұратын «күн-уақыт» тобын қамтиды, алғашқы екі цифр айдың санын, ал соңғы төртеуі сағат пен минуттарды (UTC) білдіреді. Уақыт 24 сағаттық есептеумен белгіленеді.

AFTN станциясының қызметкері бланкіде көрсетілген жеделхатты жіберу уақытының станциядағы нақты уақытпен сәйкестігін тексереді. Осы Технологияның 14-тармағы талаптарын орындау мүмкіндігін туғызбайтын уақыт айырмашылығы орын алған жағдайда AFTN станциясының қызметкері жіберушіге жеделхатты жіберу уақытын өзгерту қажеттігі туралы хабарлайды.

Жеделхаттарды AFTN станциясына жеделхатты жіберу уақытын көрсетпей беруге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда жеделхатты жіберу уақытын AFTN станциясының қызметкері жазады және ол жеделхатты қабылдау уақытына сәйкес келуге тиіс.

Тікелей «БОС ОРЫН» позициясынан кейін тұрған жіберушінің индексі 8 әріптен тұрады және мыналарды қамтиды:

жеделхат құрастырылған пунктінің орналасқан жерінің төрт әріптік көрсеткіші;

жеделхатты құрастырған ұйымды/атқарымдық бөлімшені (авиациялық өкілетті орган, қызмет немесе ұшу-пайдалану агенттігін) көрсететін екі немесе үш әріптік шартты белгі;

жіберушінің ұйымы/атқарымдық бөлімшесі шеңберіндегі бөлім, бөлімше немесе проценті белгілейтін қосымша әріп (әріптер). «Ь» («Х») немесе «ЬЬ» («ХХ») әріптері жіберуші жеті немесе алты индекс әріптерімен белгіленген жағдайда жіберушінің индексін аяқтау үшін қолданылады.

Егер хабарламаны ICAO-ның үш әріптік шартты белгісі берілмеген ұйым жіберсе немесе ол мемлекет индекстерінің жинағында көрсетілмесе, межелі пункттің орналасқан жерінің индексінен кейін ICAO-ның «ЫЫЫ» («YYY») үш әріптік шартты белгісі (немесе, егер әскери қызмет/ұйым болса, ICAO «ЫЬЫ» («YXY») үш әріптік шартты белгісі) келеді. Жіберуші ұйымның атауы бұл жағдайда жеделхат мәтінінің бірінші элементіне енгізіледі. «Ь» («Х») толтыру әрпі «ЫЫЫ» («YYY») немесе «ЫЬЫ» («YXY») үш әріптік шартты белгіден кейін келетін сегізінші әріп болып табылады.

Егер хабарлама ұшып бара жатқан әуе кемесінің бортында құрастырылса, жеткізілгенге дейін оның AFTN желісі арқылы өтетін белгіленген трактысы болса, жіберушінің индексіне хабарламаны AFTN желісіне таратуды қамтамасыз ететін AFTN станциясы орналасқан жерінің индексі кіреді, одан кейін ICAO-ның үш әріптік «ЗЗЗ» («ZZZ») шартты белгісі келтіріліп, «Ь» («Х») толтыру әрпі жазылады. Бұл жағдайда әуе кемесінің тану индексі осы Технологияның 4-қосымшасына сәйкес хабарлама мәтінінің бас жағына енгізіледі.

Дереккөз бен межелі станция арасындағы қосымша адрес туралы жеделхаттағы ақпаратпен алмасу қажет болған жағдайларда, оны міндетті емес деректер жолына (ODF) енгізген жөн. Бұл жағдайда жіберушінің индексінен кейін төмендегілер қосылып жазылады:

бос орын, бірлік және нүкте (1.) – қосымша адрес атқарымдары параметрлерінің кодын белгілеу үшін;

модификатордың үш белгісі (жіберушінің индексі жазылған әліпбиге сәйкес «СЖЦ» немесе «SVC», одан кейін теңдік белгісі (=) мен ICAO-ның 8 белгіден тұратын тағайындалған адресі;

дефис белгісі (-) – қосымша адрес параметрлері жолының соңын белгілеу үшін.

Қосымша адресті енгізу мысалы:

«121312 LGGGZTZX 1.SVC=UAAAOEGX-»

Осы хабарламаның шектес AFTN станциялары арқылы өтуін қамтамасыз ету мүмкіндігін алу үшін жіберушінің жолына қосымша адресті енгізуге AFTN жіберу станциясымен келіскен жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Шұғылдық санаты «СС» («SS») апат туралы хабарламаларды тарату кезінде AFTN жіберу станциясы осы Технологияға 34-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жіберуші индексінен кейін дереккөз жолына шұғылдық сигналын қосады.

3) жеделхаттың мәтіні қысқа, анық, қарапайым жалпыға түсінікті фразаларды, сондай-ақ қабылданған қысқартуларды қолданумен құрастырылады.

Жеделхаттың мәтінінде орыс немесе латын әліпбиін, цифрларды және төмендегі белгілерді қолдануға болады:

- (дефис);

? (сұрақ белгісі);

: (қос нүкте);

( (ашық дөңгелек жақша);

) (жабық дөңгелек жақша);

. (нүкте);

, (үтір);

' (апостроф);

= (теңдік белгісі);

/ (бөлетін қисық сызық);

+ (плюс белгісі);

Мәтінде ешқандай басқа белгі қолданылмайды. Мәтінді түсіну үшін басқа белгілерді қолдану қажет болған жағдайда олар әріптік түрде толық жазылып көрсетіледі ( % - пайыз).

Жеделхаттың мәтінінде үздіксіз сигналдар болмауға тиіс:

«ЗЦЗЦ»;


«ZCZC»;

«+:+:»;


«НННН»;

«NNNN»;


,,,,

Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қажеттілік туындаған жағдайда жеделхат мәтінінің бас жағына ұйым атауы жазылады.

ICAO-ның «ЫЬЫ» («YXY»), «ЫЫЫ» («YYY») немесе «ЗЗЗ» («ZZZ») үш әріптік шартты белгісі (белгілері) екі немесе одан көп ұйымға қатысты болатын хабарламаларда мәтіндегі кейінгі белгілердің реті хабарлама адресі мен дереккөзін көрсету үшін қолданылатын белгілердің ретіне толығымен сәйкес келеді. Бұл жағдайларда әрбір белгіленген адрес жаңа жолда көрсетіледі. Хабарламаны құрастырған ұйым атауының («ЫЬЫ» «YXY», «ЫЫЫ», «YYY», «ЗЗЗ», «ZZZ») алдына «ОТ» («FROM») сөздері қосылады. Бұл белгілердің соңында мәтіннің басқа бөлігінің алдында «СТОП» («STOP») сөзі жазылады. Жеделхат мәтінінің қалған бөлігі жаңа жолдан басталады.

AFTN желісі арқылы жіберілетін хабарлама мәтіні 1500 баспа белгісінен аспауы керек.

Көлемі 1500 баспа белгісінен асатын жеделхат мәтінін AFTN желісі арқылы беру қажеттігі туындаған жағдайда жіберуші осы тармақшада келтірілген ережелерге сәйкес, мәтіні осы тармақшада айтылған ережелерге сәйкес 1500 баспа белгісінен аспайтын бірнеше жеделхат бөліктерін (бір дереккөзі бар) құрастыра алады.

Бөліктердің саны аз болуы керек. Жеделхаттың әрбір бөлігінің адресі мен дереккөзі бірдей болуы және төмендегі нысан бойынша толтырылуы керек:

әрбір жеделхат мәтінінің соңғы жолында әр бөліктің реттік нөмірі көрсетілуге тиіс:

(бірінші хабарламаның соңы) «//01 БӨЛІКТІҢ СОҢЫ (//END PART 01//»);

(екінші хабарламаның соңы) «/02 БӨЛІКТІҢ СОҢЫ// (//END PART 02//») ... және т.б.;

(соңғы хабарламаның соңы) «// ХХ/XX БӨЛІКТЕРДІҢ СОҢЫ// (//END PART XX/ХХ//»);

ондағы XX – соңғы бөліктің, барлық бөліктердің нөмірі.

Жіберушіге AFTN жіберу станциясына мәтіні 1500 баспа белгісінен асатын бір жеделхатты ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда AFTN станциясының қызметкері осы тармақшаның жоғарыда аталған талаптарына сәйкес жіберушімен келіспей, өз бетінше бір дереккөзі бар бірнеше хабарламаны құрастыра алады.

Құрастырылған әрбір бөлік AFTN жіберу станциясы үшін шығыс жеделхат болып табылады. Әрбір бөлікті тарату уақыты осы Технологияға 14 және 26-тармақтарына сәйкес белгіленеді.

Жеделхат бланкісінің мәтіндік бөлігін толтырған кезде бір жолдағы белгілердің, оның ішінде сөздердің арасындағы бос орындар саны 69-дан аспау керектігін ескеру қажет.

Мәтінде бір жолдан екінші жолға тұтас топтармен, арасын бөлмей (екі бос орын арасында) көшіруге ғана жол беріледі.

4) қызметтік мәліметтерге мыналар жатады:

жіберушінің қолымен расталған жіберушінің лауазымы мен фамилиясы;

жеделхат орындаушысының фамилиясы және, қажет болса, телефоны;

жеделхатқа қол қою күні (күні, айы. жылы);

қажет болса, түзетулердің растамасы және жіберушінің қолы.



    1. AFTN жіберу станциясына ұсынылған көп адрестік жеделхат желіге шектес AFTN станциясының хабарламаларын өңдеу алгоритміне сәйкес жіберіледі. AFTN жіберу станциясы жіберген дереккөзі бірдей хабарламалар саны шектес AFTN станциясы бір хабарламада өңдейтін адрестік көрсеткілер санымен айқындалады (ең көбі жеті немесе жиырма бір). Бұл жағдайда:

1) AFTN станциясының қызметкері жіберушімен келіспей, дереккөзі бір хабарламалардың ең аз қажетті санын өз бетінше құрастырады. Хабарламаларды құрастырған кезде әрбір хабарламаның бір адрестік жолына (адрестік тобына) адрестердің индекстері желіні ұйымдастырудың қолданыстағы сұлбасына сәйкес енгізіледі;

2) AFTN жіберу станциясы үшін бұл хабарламалардың барлығы шығыс жеделхаттар болып табылады. Бірінші хабарламаны жіберу уақыты осы Технологияның 14-тармағына сәйкес белгіленеді, әрбір кейінгі шығыс жеделхатты жіберу уақыты алдыңғысына қарағанда бес минутқа ұзарады.



4. AFTN желесіндегі хабарламалардың форматы
1-параграф. Жалпы ережелер


    1. Хабарламаларда төмендегі белгілер қолданылуы мүмкін:

1) № 2 халықаралық телеграфтық код үшін («ITA-2»):

латын тіркелімінде:

«A B C D Е F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z»

орыс тіркелімінде:

«А Б В Г Д Е Ж З И Й К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ы Ь Я»;

цифрлық тіркелімде: «1 2 3 4 5 6 7 8 9 0 Э Ю Щ Ш Ч»;

қосымша белгілер:

- (дефис);

? (сұрақ белгісі);

: (қос нүкте);

( (ашық дөңгелек жақша);

) (жабық дөңгелек жақша);

. (нүкте);

, (үтір);

' (апостроф);

= (теңдік белгісі);

/ (бөлетін қисық сызық);

+ (плюс белгісі).

Осы Технологияның 5-қосымшасына сәйкес төмендегі сигналдар МТК-2 («ITA-2») Халықаралық жеделхат қорына сәйкес:

№ 1 – 3 сигналдар - әріптік және цифрлық тіркелімдерде;

№ 4 сигнал - тек әріптік тіркелімдерде;

№ 5 – 32 сигналдар - әріптік және цифрлық тіркелімдерде;

2) № 5 халықаралық коды үшін («IA-5»):

«0/1 – 0/3» белгілері; «07» – шұғылдық сигналында; «0/10»; «0/11» – реттілік аяқталғаннан кейін; «0/13»; «0/14» и «0/15» – орыс немесе латын шрифтін таңдау үшін;

«2/0», «2/8 – 2/9», «2/11 – 2/15» белгілері;

«3/0 – 3/10», «3/13», «3/15» белгілері;

«7/15» белгісі;

латын шрифті осы Технологияның 6-қосымшасына сәйкес № 5 Халықаралық кортың 7Н0 кестесіне сәйкес;

«4/1 – 4/15» белгілері;

«5/0 – 5/10» белгілері;

орыс шрифті (осы Технологияның 6-қосымшасының 7Н1 кестесіне сәйкес);

«6/0 – 6/15» белгілері;

«7/0 – 7/14» белгілері.


    1. Хабарламаларға төмендегілер енгізілмеуі керек:

  1. № 2 халықаралық телеграфтық код үшін («ITA-2»):

тақырыптағы реттілікті ескермегенде, № 26, 3, 26, 3 сигналдарының көрсетілген тәртіптегі кез келген үздіксіз реті (әріптік және цифрлық тіркелімдер «– ЗЦЗЦ +:+:»).

Соңындағы реттілікті ескермегенде, № 14 төрт сигналдың кез келген үздіксіз реті (әріптік және цифрлық тіркелімдер «– НННН ,,,,»).



  1. № 5 халықаралық коды үшін («IA-5»):

жеделхаттың тақырыбында қолданудан басқа «0/1» белгісі («SOH»);

оны «дереккөз» жолында қолданудан басқа «0/2» белгісі («STX»);

оны жеделхат соңында қолданудан басқа «0/3» белгісі («ETX»);

«5/10», «4/3», «5/10», «4/3» белгілерінің осы тәртіптегі кез келген үздіксіз реті («ZCZC»), орыс нұсқасында «7/10», «6/3», «7/10», «6/3» («ЗЦЗЦ»);

«2/11», «3/10», «2/11», «3/10» белгілерінің осы тәртіптегі кез келген үздіксіз реті (+:+:);

төрт рет қайталанған «4/14» белгісінің («НННН») кез келген үздіксіз реті, орыс нұсқасында «6/14»;

төрт рет қайталанған «2/12» белгісінің (,,,,) кез келген үздіксіз реті.


    1. Тексеру хабарламалары мен тексеретін арналық таралымдарды қоспағанда, Хабарламалар форматындағы осы Технологияның 7-қосымшасына сәйкес «ITA-2» және Хабарламалар форматындағы осы Технологияның 8-қосымшасына сәйкес «IA-5» компоненттерін қамтиды.

    2. AFTN желісінің хабарламаларында қолданылатын қысқартулар мен нөмірленген сигналдар осы Технологияның 9-қосымшасында келтірілген.



2-параграф. № 2 халықаралық телеграфтық код («ITA-2»)


    1. № 2 халықаралық телеграфтық кодта берілген кейбір сигналдардың атқарымдарын көрсету үшін осы Технологияға 5-қосымшаға сәйкес келесі символдар қолданылады:

Символ Мәні


< КҮЙМЕШЕКТІ КЕРІ ҚАЙТАРУ (№ 27 сигнал);

≡ ЖОЛДЫ АУЫСТЫРУ (№ 28 сигнал);

 ӘРІПТІК ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ (№ 29 сигнал – латын; № 32 сигнал - орыс);.

 ЦИФРЛЫҚ ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ (№ 30 сигнал);



  • БОС ОРЫН (№ 31 сигнал);

БОС ОРЫН СИГНАЛЫ;

<≡ ТЕҢЕСТІРУ АТҚАРЫМЫ;

≡≡≡≡≡≡≡ ОРАМДЫ БІР БЕТКЕ ЖІБЕРУ (№ 28 жеті сигнал);

 ХАБАРЛАМАЛАРДЫ БӨЛУ СИГНАЛЫ (№ 29 он екі сигнал).


    1. Тақырыпқа мыналар кіреді:

1) хабарлама басының сигналы – «ЗЦЗЦ» («ZCZC») белгілері;

арна белгісін және арналық реттік нөмірді қамтитын таратылым белгісі;

бір «БОС ОРЫН» позициясынан тұратын және құрамында ең көп дегенде он белгі бар деректерді қамтитын қосымша қызметтік ақпарат (қажет болса);

бос орын сигналы;

2) хабарлама басы сигналының алдында жіберуші жеделхат жазған әліпбиге (орыс, латын) сәйкес келетін тіркелім болуға тиіс;


  1. Таратылым белгісі таратушы AFTN станциясы таңдап алған және берген үш әріптен тұрады. Әдетте, бірінші әріп таратушы тарапты, екінші – тізбекті қабылдаушы тарапты және үшінші – арнаны білдіреді. Бір арнада ол – А әрпі, егер арналар біреуден көп болса, келесі арналар – «Б.В». ... болады. Таратылымды белгілеуде орыс әліпбиінің «Ч, Ш, Щ, Э, Ю» әріптері, сондай-ақ «ЗЦ» («ZC»), «ЖЖ» («VV») және «НН» («NN») тіркестері қолданылмауы керек. AFTN станцияларында байланыс арналарының бірдей белгілері қолданылмауы қажет.

4) AFTN станциялары бір AFTN станциясынан екіншісіне тікелей берілген барлық хабарламаларға 001-ден 000-ге (000 осы серияның мыңына сәйкес келеді) дейінгі үш цифрдан тұратын арналық реттік нөмірлер береді. Әрбір арнаға бұл нөмірлердің жеке сериялары (001-ден 000-ге дейін) беріледі. Бірінші серия күнделікті сағат 00.00-де басталады.

5) Екі шектес AFTN станциясы бір-бірімен келіскен болса, олардың арасында төрт таңбалы арналық реттік нөмірлерді қолдануға рұқсат етіледі.

6) Таратылым белгілері тізбек бойынша мына ретпен жіберіледі:

«БОС ОРЫН»[];

AFTN тарату станциясына берілген әріп;

AFTN қабылдау станциясына берілген әріп;

арнаны белгілейтін әріп;

«ЦИФРЛЫҚ ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ []»;

арналық реттік нөмір.

7) Таратылым белгісінен кейін бірден «БОС ОРЫН СИГНАЛЫ» беріледі.

8) Екі шектес AFTN станциясы бір-бірімен келіскен болса, олардың арасында таратылым белгісінен кейін міндетті емес қызметтік ақпаратты енгізуге рұқсат етіледі (таратуды бастау уақыты, РПТ қайталау сәйкестендіргіші және т.б.). Осындай қосымша қызметтік ақпараттың алдында «БОС ОРЫН» позициясы, одан кейін ең көбі он белгі келеді. Қосымша қызметтік ақпараттан кейін «БОС ОРЫН СИГНАЛЫ» келеді.

33. Адрес мыналарды қамтиды:

шұғылдық индексін;

адрес (адресаттар) индексін;

теңестіру атқарымын (атқарымдарын) [<≡].

Шұғылдық индексі сұрату кезінде хабарлама жіберуші немесе AFTN станциясы берген тиісті екі әріптік топтан тұрады (орыс тіркелімінде – «СС», «ДД», «ФФ», «ГГ», «КК», латын тіркелімінде – «SS», «DD», «FF», «GG», «KK»).

Адрестердің бірінші немесе екінші жолдарындағы адресаттың бірінші индексі болып келетін жағдайларды ескермегенде, шұғылдық индексінен кейін тікелей БОС ОРЫН позициясынан соң келетін адресат индексі осы Технологияның 27-бабы 1) тармағында белгіленген сегіз әріптен тұрады.

Адресаттар индекстері «БОС ОРЫНМЕН» бөлінеді.

Толық адрес бір хабарламада орамдық (беттік) аппаратпен басып шығарылған ең көбі үш адрестік жолды алып тұруы керек (бір жолда 7 адрес индекстері).

AFTN қабылдау станциясы үш адрестік жолды өңдей алмаса, шектес AFTN станциясы немесе AFTN жіберу станциясында осындай хабарламалар оларды таратқанға дейін бір-бір адрестік жолды алатын екі не одан көп хабарламаға айналдырылады.

Адрес индекстерінің әрбір жолынан кейін теңестіру атқарымы [<≡] келеді.

34. Дереккөз мыналарды қамтиды:

хабарды тарату уақыты;

жіберушінің индексі;

шұғылдық сигналы (егер қажет болса);

міндетті емес деректер жолы (егер қажет болса);

теңестіру атқарымы [<≡] .

1) хабарламаны жіберу уақытына желіге тарату үшін хабарламаны жіберген күн мен уақытты (UTC) көрсететін 6 цифрдан тұратын «күн-уақыт» тобы кіреді. Хабарды жіберу уақытынан кейін бір «ӘРІПТІК ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ» позициясы келеді;

2) тікелей «БОС ОРЫН» позициясынан кейін келетін жіберушінің индексі осы Технологияға 25-тармағының 2-тармақшасымен айқындалатын сегіз әріпті қамтиды;

3) басқа желілерде құрастырылған AFTN арқылы жіберілетін хабарламалар үшін хабарламаларды қайта тарату кезінде қолдану немесе AFTN-ның сыртқы желімен желіаралық интерфейсі атқарымын жүзеге асыру үшін келісілген AFTN жіберушісінің қолданыстағы адресі пайдаланылады;

4) шұғылдық сигналы апат туралы сигналдарда ғана қолданылады («СС», «SS» шұғылдық индекстері). Қолданылған жағдайда ол көрсетілген ретпен орналастырылған төмендегі элементтерден тұрады:

«ЦИФРЛЫҚ ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ»;

№ 10 сигналдың БЕС позициясы (цифрлық тіркелім);

«ӘРІПТІК ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ»;

«ITA-2» № 2 Халықаралық телеграфтық коды № 10 сигналының цифрлық тіркелімі орыс тіркелімді жабдықта Ю әрпіне және орыс тіркелімі жоқ жабдықта BEL сигналына сәйкес келеді;

5) екі шектес AFTN станциясы бір-бірімен келіскен болса, белгілердің жалпы саны 69-дан аспаған жағдайда дереккөз жолына қосымша деректерді енгізуге рұқсат етіледі. Қосымша деректер жолының болуы бір «БОС ОРЫН» белгісімен белгіленеді және теңестіру атқарымымен аяқталады;

6) екі шектес AFTN станциясы бір-бірімен келіскен болса, дереккөз жолына осы Технологияға 26-тармағының 2) тармақшасында белгіленген ерешеге сәйкес берілетін қосымша адресті енгізуге рұқсат етіледі;

7) дереккөз жолы теңестіру атқарымымен [<≡] аяқталады.

35.Мәтін мыналарды қамтиды:

1) хабарлама мәтінінің басында осы Технологияға 25-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес ұйымның атауы көрсетілуі мүмкін;

2) мәтіннің соңғы жолын қоспағанда, әрбір баспа жолының соңында теңестіру атқарымы беріледі;

3) мәтіннің соңғы жолының аяғында мәтін соңының төмендегі белгісі беріледі.

Бір «ӘРІПТІК ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ сигналы [], ТЕҢЕСТІРУ АТҚАРЫМЫ [<≡]»;

4) мәтіннің бір бөлігін растау қажет болғанда осындай растау соңғы мәтіндік бөлігінен теңестіру атқарымымен [<≡] бөлінеді және «CFM» («ЦФМ») (ағылшын тіліндегі confirmation-растау сөзінің қысқартылған нұсқасы), «БОС ОРЫН», хабарламаның расталатын бөлігі белгіленеді;

5) телетайп тізбектері арқылы тарату кезінде мәтінде қате бар екендігі анықталса, түзетілетін бөлігі мәтіннің соңғы тобынан немесе, егер бар болса, растаудан теңестіру атқарымымен [<≡] бөлінеді. Одан кейін «CFM» («ЦФМ») (ағылшын тіліндегі confirmation-растау сөзінің қысқартылған нұсқасы), «БОС ОРЫН», мәтіннің түзетілген бөлігі келеді;

6) AFTN станциялары барлық аталған түзетулерді оны таратқанға дейін жасайды.



    1. Соңы:

1) хабарлама соңы мыналарды қамтиды:

«ЖОЛДЫ АУЫСТЫРУ» 7 позициясынан тұратын орамды жіберу реті [≡ ≡ ≡ ≡ ≡ ≡ ≡];

2) үздіксіз ретпен тәрт рет қолданылатын «Н» («N») (№ 14 сигналдың әріптік тіркелімі) әрпінен тұратын хабарлама соңы сигналы. Бұл компонент хабарламаны алғашқы рет таратқан сәттен бастап өзгермейтін нысанда жіберіледі.

Бұдан әрі, хабарлама трафигін үзбелі таспасы бар қондырғыны қолданатын қайта тарату AFTN станцияларына таратқан жағдайда – «ӘӘРІПТІК ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУӘ» позициясынан тұратын (№ 29 сигнал), үздіксіз ретпен 12 рет берілетін хабарламаларды бөлу позициясы.

Бір хабарлама соңының сигналы мен келесі хабарлама басының сигналы арасындағы трафикте «ӘРІПТІК ТІРКЕЛІМГЕ АУЫСУ» позициясынан басқа еш нәрсе болмауға тиіс.

Осы хабарлама серияның бір бөлігі болғанда және қабылдайтын орамды (беттік) телетайпта жұмыс істейтін оператор қағазды қолымен салмаған жағдайда, алдыңғы хабарламада басылған «ННН» («NNNN») әріптерінен кейін, сол жерде, келесі қабылдап алынған хабарламаның тақырыбы тұрады.

AFTN тарату станциясынан келіп түсетін хабарламалардың ұзақтығы 2100 белгіден аспауы керек. Хабарламадағы белгі санын есептеген кезде хабарлама басы туралы сигналдан («ZCZC» немесе «ЗЦЗЦ») бастап және соны қоса, хабарлама соңы туралы сигналға («NNNN» немесе «НННН») дейінгі және соны қоса барлық баспа белгілері мен баспа белгісіне жатпайтын белгілер қоса есептеледі.


    1. Хабарламаны құрастыру кезінде қателерді түзету:

1) Хабарламаның қандай болмасын бір бөлігінде қате бар болған жағдайда аяқталмаған хабарлама «<≡ЩТАЩТА<≡ (<≡QТАQТА<≡» ретін жіберу арқылы жойылады, одан кейін толық аяқталу белгісі жазылады (38-тармақты қараңыз);

2) Хабарламаның мәтіндік бөлігінде қате табылса, сол қатеден кейін «ЕЕЕ» тобын енгізу арқылы түзету жасалады, одан кейін түзетілген сөз (немесе топ) қайта басып жазылады, бұдан соң хабарды тарату жалғасады;

3) Мәтінде жіберілген қателер хабарламаны құрастыру процесінің соңында ғана байқалған болса, 35-тармақтың 5) тармақшасында сипатталған іс-қимылдар жасалады.

35-тармақтың 5) тармақшасы мен осы тармақтың 1) мен 2) тармақшаларындағы іс-қимылдар үзбелі таспасы бар қайта тарату қондырғыларында жұмыс істеуге қатысты ғана орындалады;

4) Хабарлама толығымен жіберілгеннен кейін AFTN жіберу станциясы мәтіннің немесе хабарлама дереккөзінің бұрмаланғанын немесе толық емес екендігін анықтаса, ол барлық мүдделі адресаттарға төмендегі мәтін жазылған қызметтік хабарламаны жібереді (егер осы AFTN станциясында осы хабарламаның бұрмаланбаған көшірмесі бар болса):

«СЖЦ ТҮЗЕТУ» (дұрыс емес хабарламаның дереккөзі);

«СТОП» (одан кейін дұрыс мәтін келтіріледі).

Латын тіркелімінде:

«SVC CORRECTION» (дұрыс емес хабарлама дереккөзі);

«STOP» (одан кейін дұрыс мәтін келтіріледі).



3-параграф. № 5 халықаралық кодыIA-5»)


    1. («IA-5») № 5 халықаралық кодтағы кейбір сигналдарға берілген атқарымдарды көрсету үшін осы Технологияға 6-қосымшаға сәйкес келесі символдар қолданылады:

Символ Мәні


«<» КҮЙМЕ ШЕКТІ КЕРІ ҚАЙТАРУ (0/13 белгісінің позициясы);

«≡» ЖОЛДЫ АУЫСТЫРУ (0/10 белгісінің позициясы);



  • БОС ОРЫН (2/0 белгісінің позициясы);

«SO» ОРЫС (0/14 белгісінің позициясы);

«SI» ЛАТЫН (0/11 белгісінің позициясы);

«SOH» ТАҚЫРЫПТЫҢ БАСЫ (0/1 белгісінің позициясы);

«STX» МӘТІННІҢ БАСЫ (0/2 белгісінің позициясы);

«ETX» МӘТІННІҢ СОҢЫ (0/3 белгісінің позициясы);

«BEL» ШҰҒЫЛДЫҚ СИГНАЛЫ (0/7 белгісінің позициясы);

«VT» БІР БЕТКЕ ЖІБЕРУ (0/11 белгісінің позициясы).


    1. Тақырыпқа мыналар кіреді:

хабарлама түрін сәйкестендіретін (ұлттық немесе халықаралық) «SO» немесе «SI» белгісінен және 0/1 тақырып басы белгісінен тұратын хабарлама басы сигналы («SOH»);

арнаның белгісін және арналық реттік нөмірден тұратын таратылым белгісі;

бір «БОС ОРЫН» позициясын және он белгіден аспайтын деректерді қамтитын қосымша қызметтік ақпарат (қажет болса).

Тарату белгісі және реттік нөмірлерді беру реті осы Технологияға 32-тармағының 3)-5) тармақшаларына сәйкес анықталады.

Тарату белгісі арна арқылы төмендегі ретпен жіберіледі:

«БОС ОРЫН» сигналы [];

AFTN тарату станциясына берілген әріп;

AFTN қабылдау станциясына берілген әріп;

арнаны белгілейтін әріп;

арналық реттік нөмір.

Екі шектес AFTN станциясы бір-бірімен келіскен болса, олардың арасында таратылым белгісінен кейін міндетті емес қызметтік ақпаратты енгізуге рұқсат етіледі (таратуды бастау уақыты және т.б. сияқты). Осындай қосымша қызметтік ақпараттың алдында «БОС ОРЫН» позициясы, одан кейін ең көбі он белгі келеді.


    1. Адрес осы Технологияға 33-тармаққа сәйкес құрастырылады.

    2. Дереккөз мыналарды қамтиды:

хабарламаны тарату уақыты;

жіберушінің индексі;

шұғылдық сигналы (егер қажет болса);

міндетті емес деректер жолы;

теңестіру атқарымы [<≡];

мәтіннің басы белгісі ((STX) 0/2 белгісі).

Хабарламаны жіберу уақытына желіге тарату үшін хабарламаны жіберген күн мен уақытты (UTC) көрсететін 6 цифрдан тұратын «күн-уақыт» тобы кіреді.

Жіберушінің индексі (осы Технологияға 25-тармағының 2-тармақшасына сәйкес).

Шұғылдық сигналы апат туралы сигналдарда ғана қолданылады («СС», «SS» шұғылдық индекстері). Қолданылған жағдайда ол бір бірінен кейін келетін бес «BEL» (0/7) белгісінен тұрады.

Міндетті емес деректер жолы Технологияның 34-тармағы 6) және 7) тармақшаларына сәйкес.

Дереккөз жолы теңестіру атқарымымен [<≡] және мәтіннің басы белгісімен аяқталады («STX») (0/2).


    1. Хабарлама мәтіні барлық STX пен ETX арасында орналасқан деректерден тұрады.

    2. Хабарлама соңында мыналар жазылады:

мәтіннің соңғы жолынан кейінгі [<≡] теңестіру атқарымы;

бетті ауыстыру белгісі - 0/11 («VT») белгісі;

мәтіннің соңының белгісі - 0/3 («ETX») белгісі.

 AFTN тарату станциясынан келіп түсетін хабарламалардың ұзақтығы 2100 белгіден аспауы керек. Хабарламадағы белгі санын есептеген кезде тақырыптың басталуы белгісінен «SOH» бастап және соны қоса, мәтіннің соңы белгісіне «ETX» дейінгі және соңы қоса барлық баспа белгілері мен баспа белгісіне жатпайтын белгілер қоса есептеледі.




4-параграф. AFTN арналарындағы бақылау рәсімдері
44. Хабарларды тарату мен қабылдау желілерін тексеру және жөндеу мақсатында AFTN арналары арқылы жіберілетін бақылау хабарламалары мынадай элементтерден тұруға тиіс:

хабарламаның басы туралы сигнал;

«QJH» рәсімінің сигналы;

жіберушіні көрсету сигналы;

«ITA-2» кодында немесе «U(5/5)» және «*(2/10)» «IA-5» кодында орамдық (беттік) аппаратпен басылған «R» және «Y» белгілерінің үш толық (69 белгі) реттілік жолы;

хабарлама соңының сигналы.

Бақылау хабарламаларының пішімі:

«ITA-2» кодында:

«ZCZCQJH<≡»;

«UAAAYFYX<≡»;

«RYRY……………….RY<≡»;

«RYRY……………….RY<≡»;

«RYRY……………….RY<≡»;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет