Тіс
түбірінің
өзегі
Түбір өзегі орта бөлігінде вестибулярлы және оральді өзектерге
бөлінеді де түбір ұшы маңында бір өзекке айналады. Түбір ұшы
тесігі біреу.
Нұсқалар
Түбір өзектері өте аз жағдайда байланыспайды және түбір
ұшында екі апикальді тесікті болуы мүмкін.
1.10. Сурет.Астыңғы жақтың медиальді күрек тісі: а — вестибулярлы
беті; б — тілдік беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д, е —
көлденең кесінді; ж, з — тігінен кесіндіде түбір өзегінің құрылым
нұсқалары;
АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ БҮЙІР КҮРЕК ТІСТЕРІ ( 1.11сурет)
Тіс сауыты
Пішіні жағынан орта күрек тістен өзгешелігі аз. Орта күрек тіске
қарағанда көлемі үлкендеу. Сауыттың вестибулярлы
беттерінде
біліктері, жиектік айдаршағы және тілдік төмпешіктері орта
күрек тіске қарағанда жақсы дамыған.
Тіс қуысы Сауыт пішінін қайталайды. Тістің
мойын бөлігіне бағыттала
біртіндеп тарылады да түбір өзегіне жалғасады.
Тіс түбірі
Тік, жалғыз. Мезиодистальді бағытта аздап қысылған. Түбірдің
дистальді бетінде сайлары жақсы дамыған. Көлденең ксіндіде
бүйірінене қысылған сопақ тәріздес болып көрінеді.
Тіс
түбірінің
өзегі
Негізінен
өзегі біреу, медиодистальді бағытта қысылған.
Нұсқалар Түбірдің орта бөлігінде өзек екіге айырылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: