ТұЛҒалық Өсу психологиясы бойынша қЫСҚаша дәріс мазмұны 1 дәріс. Тұлғаның өсуі психологиясына жалпы сипаттама, басқа ғылымдардың арасындағы рөлі және орны


дәріс.Тұлғалық өсудің базалық жағдайлары іске асырудың психологиялық механизмдері



бет6/29
Дата09.05.2023
өлшемі92.61 Kb.
#473416
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Тұлғаның өсу психологиясы лекция

5 дәріс.Тұлғалық өсудің базалық жағдайлары іске асырудың психологиялық механизмдері

Қазіргі таңдағы психологиядағы актуалды және маңызды мәселелердің бірі, тұлғалық өсу мәселесі. Кеңестік және шетелдік әдебиеттерді психологияның осы аспектісіне көп назар аударылады.


Алғаш рет тұлғалық өсу феноменің К. Роджерс пен А. Маслоудын гуманистік концепциясының тұрғысынан қарастырылған болатын. Маслоу (1967) адамның табиғи ішкі тұлғасын өзіндік жетілдіру арқылы қарастырды: келесі байланыс арқылы: «денсаулыққа, өсу импульсіне активті ерік немесе адамди потенциалдын актулизациясы». Бұл контексте өзіндік жетілдіру- биологиялық жағынан қарастырылды. «Өсу» іштен жүреді. Сонымен қоса, айта кететін маңызды мәселе оңдай өсуге әлеуметтік орта кедергі жасамауы. Егер адам жағымды ортада өссе және тұлғалық жетілуге ішкі табиғатын бағыттаса, оның креативті күштері айқын байқалады. [12, 248 бет].
Тұлғалық өсуге екі шарт маңызды: өзін өзіндік «меннен» жоғары бір нәрсеге арнау және қойылған мәселені сәтті орындау. Өзіндік жетірдіруге бағытталған адамдарға тән мінез қырларлы- креативтілік, бір беттілік, батылдылық пен талмай жұмыс жасау [11, 406 бет]:

  1. Шынайлықты жақсы қабылдау;

  2. Қорғашан ортаны, басқаларды және өзін жақсы қабылдау;

  3. Спонтанды әрекеттердің көбеюі;

  4. Мәселеге шоғырлана алу;

  5. Эмоционалды тәуелсіздік;

  6. Бай ішкі өмір;

  7. Автономия және әлеуметтік қысымға қарсыласу қабілеті;

  8. Сезімдердің кемелденуі;

  9. Трансперсоналды күйзелу тәжірибесі;

  10. Адамды адам ретінде жақсы түсіну(әлеуметтік клишеден тыс);

  11. Тұлғааралық қатынастардың жақсаруы;

  12. Өзінің мінезіндегі демократиялық қасиеттер;

  13. Креативтіліктін көбеюі;

  14. Бағалаудын объективті жүйесі [1,406 бет].

К. Роджерс тұлғалық өсуді қарастыруда жетілдіру мен өзіндік жетілдіруді бөліп қарастырады, біріншісінің таңдалмалығын көрсете отыра [3, 39-40 бет]. «Өзіндік жетілдіру» тенденциясы кез-келген тірі организмге тән. Өзіндік жетілдіру –тірі организмнің өзінің мүмкіндіктерін қолдана отыра тұлғалық өсуе, дамуға, тәуелсіздікке және дербес әрекеттерге ұмтылуы (Rogers, 1961, р 35). Өсу организмнің басты мақсаты деген тұжырым, Роджерс концепциясының басты ойы[11, 373 бет].
Сонымен, өзіндік жетірдірудегі тұлға- өзіндік жетілу дәрежесіне шыққан индивид. Адам ренжу, қызғану, ашулану және т.б. сол сияқты майда кемшіліктерден және депрессия, писсимизм, эгоизмнен тыс өмір сүреді. Ол жоғары өзіндік бағалаумен ерекшеленеді, басқаларды қабылдай алады, әрекеттерінде тәуелсіз, қарапайым және демократиялық болады, әзілдей алады [7,248 бет].
Өзіндік жетілу түсінігі ,К.Гольдшейн (1939) бойынша, негізгі мотивтер. «Әр түрлі драйвтар сияқты көрінетін- аштық, жыныстық қатынас, билік, жетістік, қызығушылықтардын бәрі- өмірдің басты күшінің көріністері, яғни өзіндік жетілдірудін. Адамның қарны аш кезінде ол тамақ арқылы өзіндік жетіледі; егер ол адам билікке ұмтылса, ол соған жету арқылы жетіледі. Өзіндік жетілу-адам табиғатының шығармашылық тенденциясы. Ол организмді-дамыту мен жақсартуға бағытталған» [12, 228 бет].
Шетелік психологиялық әдебиеттерді талдау тұлғалық өсуге бағыттылық теоретикалық және терминологиялық бағдар арқылы ғана емес, сонымен қоса, зерттеу мақсаты мен психологиялық басқару арқылы жүретіні анықталды. Тұлғалық өсу процессінің құрылымында жиерек келесілері көрсетіледі:

  1. Тұлғалық өсуге әсер ететін қарым-қатынастын психологиялық белгілері (Роджерс К.; Сатир В.);

  2. Әрекеттену мен өзіндік санада көрінетін тұлғалық өсу эффектілері (Роджер К.; Маслоу А.);

  3. Тұлғалық өзгеріске алып келетін топтық және диалогтық процедуралар (Рудестам К.);

  4. Тұлғаға тиімсіз дағдылардан айыруға арналған қадамданған психотехнологиялар (Бэндлер Р.; Гринндер Д.);

  5. Психологиялық мектептерді талдау кезіңде тұлғалық өсу процессінің құрылымы бір-екеуінде табылды (Фейдимен Дж.; Фрейгер Р.); [6].

Тұлғалық өсу мәселесімен Альфред Адлер (1870-1937) айналасқан. Ол өзіндік келісім бар және біріккен тұлғалық жүйеге кемшілік комплексінен айырылу арқылы келуге болады деген. Тұлғалық өсу мен кемшілік комплексінен айырылу үшін қажет:

  • Адам өмірінің спецификалық стилін түсіну;

  • Адамға өзін түсінуге көмектесу;

  • Әлеуметтік қызығушылықты арттыру[8, 144 бет].

Р.Ассаджолидің көз-қарасы бойынша тұлғалық өсу рухани кризистармен бірге жүреду:

  • Рухани оянуға әкелетін кризис;

  • Рухани оянумен келетін кризис;

  • Рухани оянудан кейін келетін реакция;

  • Өзгеру процессінің фазалары[9, 452 бет].

Өзін өзгертуге бағытталған ішкі жұмыс, адамның тұлғалық өсуіне жаңа мүмкіндіктер береді. Рухани кризистер сол өсу жолында интегратор рөлі атқарады.
Шетел психологтарының Э.Берн, Дж. Бьюджентал, М. Джеймс және Д.Джонгвард, Л. Камерон-Бэндлер, Д. Гордон және М.Лебо, Г. Лецщ, Дж. Райенуотер, Ф.Перлз, К.Руестам, В.Франкпа, И.Ялома және т.б. жұмыстарында «тұлғалық өсу» мәселесі қарастырылады.
Кеңес психологтарының (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштей, Б.Г.Ананьев) жұмыстарында тұлғалық өсу термины жеке түсінік ретінде қолданбаса да, осы мәселенің дамуына олардың үлесін атап кету қажет. Көптеген авторлар «тұлғалық өсу» терминінің орнына «өзіндік жетірдіру» терминің қолданады. (Е.В. Андриенко, К.А. Абульханова-Славская, Е.И. Горячева, И.И. Осадчева и др.), «самореализация» (ЛАКоростылева, Д.А.Леонтьев, Р.К.Мамеркулова, О.Ш. Тустови және т.б.), «самосовершенствование» (Н.М. Гаджиева, Л.Ш. Гримак, Ю.М. Орлов), «өзіндік даму» (Г.А. Цукерман, Б.М. Мастеров және т.б.), «самоосуществление» (А.Г. Асмолов), «тұлға жұмысы» (М.Ш. Магомед-Эминов). Бұл терминдер жұмыстарында синоним ретінде қолданылады.
Кеңестік психотехникалық практика Н.Р. Битанованың, В.Ю. Большакованың, Ф.Е. Василюканың, И.В. Вачкованың, Н.М. Гаджиеваның, О.В. Немфинскованың, А.С. Пругченкованың, О.К. Романенконың, С.С. Харинаның, Г.А. Цукерманның, Б.М. Мастерованың және т.б. авторлардын жұмыстарында көрінеді [4].
Ф.Е.Василюканың жұмыстарында кризистік жағдайдардың ерекше типологиясы беріледі. Автордың айтуынша сыртқы әсерлер адам өмірінде қандай тікелей және біркелкі салдарға алып кететінің көрсете алмайды. Бір жағдай әр адамға әр түрлі әсер етуі мүмкін. Біреуі үшін оңдай сыртқы әсер терең кризис болса, басқасы үшін ол жеке конфликт түрі немесе шақырылған фрустрация болуы мүмкін [9, 433 бет].
«Өзіндік жетілуге, өзіндік дамуға, өзін-өзі кемелдіндіруге қажеттілік өздігінен адам үшін бағалы болып саналады. Олар тұлғалық жетілудін және оның жетістіктерінің көрсеткіші болып табылады. Сонымен қоса, өзіндік даму адамның ұзақ өмір сүруіне ықпал етеді» - деп жазады Д.Б.Эльконин (1989) [10, 11 бет].
С.Л.Братченко, М.Р. Миронова тұлғалық дамудын мағынасын- «босаңсу, жеке өмірлік жолдағы өзіндік жетілдіру мен маңызды тұлғалық атрибуттарды қабылдау. Толық тұлғалық даму интраперсональдылық интерперсональдылықты баспаған жағдайда ғана мүмкін»[2, 38-46 бб].
Тұлғалық өсудін интраперсональдылық критерийіне келсі шарттар кіреді:

  1. Өзін қабылдау;

  2. Ішкі күйзеліс тәжірибесіне ашықтық;

  3. Өзін түсіну;

  4. Жауапкершілік бостаңдық;

  5. Біркейлік;

  6. Динамикалық;

Интерперсаналдылық критерийлеріне:

  1. Басқаларды қабылдау;

  2. Басқаларды түсіну;

  3. Әлеуметтілік;

  4. Шығармашылық адаптациялану.

Тұлғалық өсу қосындысы: өзін-өзі тану, өзіндік даму, өзіндік жетілу және өзіндік кемелдену.
Әдебиеттер:

  1. Большая психологическая энциклопедия. – М.: Эксмо, 2007. – С.406

  2. Братченко С.Л., Миронова М.Р. Личностный рост и его критерии / Психологические проблемы самореализации личности. СПб., 1997. - С.38 – 46

  3. Годфруа Ж. Что такое психология: в 2 – х т. Т.2: Пер. с франц. – М.: Мир, 1992. – С.39 – 40

  4. Кузовкин В.В.Психотехнический подход к активизации личностного роста в подготовке офицеров запаса: диссертация …кандидата психологических наук: 19.00.01 Москва, 2003. 239С.

  5. Куликов Л.В. Психология личности в трудах отечественных психологов: Хрестоматия. 2 –е изд. – СПб.: Питер, 2009. – С.294 - 295

  6. Личностный рост военнослужащих в терапевтической группе | материал из курсовой работы - военная кафедра [Электронный ресурс] http://referat.mirslovarei.com/voennaja-kafedra/9751-lichnostnyj-rost-voennosluzhashhix-v-gruppe.html

  7. Новейший психологический словарь / В.Б.Шапарь, В.Е. Россоха, О.В.Шапарь; под общ.ред. В.Б.Шапаря. – Изд. 2 –е - Ростов н /Д.: Феникс, 2006. – С.248

  8. Психология личности / Л.Д.Столяренко, С.И.Самыгин. – Ростов н /Д: Феникс, 2009. – С.144

  9. Психология личности /под ред. Ю.Б.Гиппенрейтер, А.А.Пузырея, В.В.Архангельской. – М.: АСТ: Астрель, 2009. – С.433 – 452

  10. Психология развития личности. Средний возраст, старение, смерть / под ред. А.А.Реана. – М.: АСТ; СПб.: ПРАЙМ – ЕВРОЗНАК, 2007. – С.11

  11. Фрейджер, Р., Фейдмен, Д. Личность. Теории, упражнения, эксперименты / Роберт Фрейджер, Джеймс Фейдмен. Пер. с англ. – СПб.: Прайм – ЕВРОЗНАК, 2006. – С.373 – 406

  12. Холл, Кэлвин С., Линдсей, Гарднер. Теории личности / Пер.с англ. И.Б.Гриншпун. – 2-е изд. – М.: Психотерапия, 2008. – С.228, С.248



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет