Кіріспе кезеңі
3 мин
2 мин
|
Балалар марш екпінімен залға кіреді, ортаны айналып шеңбер жасап тұрады. Музыка жетекшісі балалармен амандасады және әуенге (басқа әуен қосылады.) әр түрлі қимылдар жасап билеп алады.
«Шаттық шеңбері»
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал, қанекей , бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Балалар сендер қандай сабаққа келдіңдер?
Музыка сабағында біз не үйренеміз.
Жарайсыңдар.
|
Сәлеметсіз бе
Музыка сабағына
Ән айтып, билеуді
|
Негізгі кезең
6 мин
4мин
5 мин
3 мин
|
Балалар қараңдаршы не көріп тұрсыңдар.
Ендеше сол аспаптармен танысайық.
Музыкалық аспаптар[1] – адамның қатысуымен белгілі бір ырғақтағы және тұрақты жоғарылықтағы дыбыстарды шығарып, музыкалық шығармашылыққа мүмкіндік беретін аспаптар. Музыкалық аспаптардың әрқайсысының өзіне тән дыбыс тембрі (бояуы), динамикалық мүмкіндігі (ырғағы), белгілі бір диапазоны болады. Музыкалық аспаптардың дыбыс шығару сапасы аспаптарды жасауда қолданылатын материалдардың түрі мен қасиетіне, пошымына, дыбыс шығару тәсіліне байланысты.
Мынау қандай аспап?
Домыбыраны шертіп көрсету.
Сылдырмақ, барабан, үрмелі аспап, фианино , баян аспаптарымен таныстырп өту.
Ән үйрену: И Сапарбай. «Көңілді сылдырмақтар»
Музыка жетекшісі әнді орындап береді. Не туралы айтылғанын сұрау. Әннің екі сөзін үйретіп, екі жолын әнге қосып айтады. Түгел шумақты үйреткен соң , шақ-шақ-шақ деген жерінде қолмен ұрады.Ән түгел үйреніп болған соң , сылдырмақты таратады. Бәсең жерінде жай ұрып, ширақ жерінде қатты қағу.
Ойын: «Аспапты үнінен айыр».
Мақсаты: Балаларға аспаптардың үнін ажырата білуге үйрету.
|
Аспаптар
Домбыра
Әнге қосылады барынша
|