Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті Тақырыбы:«Джон Локктың педагогикалық идеялары» Тобы:ППП-111 Орындаған:Сейдахметова Н. Қабылдаған:Паштанов С. Түркістан 2022 ж. Жоспар: - Өмірбаяны
- Педагогикалық идеялары
- Джентельменнің тәрбиесі
- Қорытынды
Джон Локк(1632-1704)-ағылшын философы,әрі ағартушысы.Джон Локк буржуазиялық отбасында өскен,адвокаттың баласы.Оксфорд университетін бітірісімен 1658 жылдан бастап,сонда сабақ берді,кейіннен жаратылыстанумен әуестенді,медицинаны зерттеді.Локтың философиялық көзқарастарының қалыптасуына Бэкон мен Декарттың шығармалары күшті әсер етті.Ол таным теориясын зерттей отыра,Бэкон негізін салған ағылшын материализмін ілгері дамытты. Еңбектері - Негізгі еңбектері:«Тәрбие туралы ойлар»:тәрбие теориясына басты назар аударды.Тәрбие мақсаты-білімді,іскер,өз ісіне сенімді,адамгершілігі мол «джентельмен» тәрбиелеу.Баланы «таза тақтаға» теңеді;бала-не жазғың келсе,соны жазуға болатын «ақ тақта»сияқты тап-таза.
- Ол өзінің “Ақылды тәрбиелеу туралы” және “оқу туралы” атты еңбектерінен бірнеше құнды пікірлер ұсынды. Жалпы алғанда Коменский сияқты Локк та оқуды күшпен зорлап оқытуға қарсы болды. Оның құнды ұсынған әдістемесінің мәні, балалардың білімге деген ынтасы мен сүйіспеншілігін дамыту.
Педагогикалық идеялары - Д.Локктың педагогикалық көзқарастары “Тәрбие жөнiндегi ойлар” және “Ақылды тәрбиелеу туралы” атты еңбектерiнде ашылған. Оның пiкiрiнше, тәрбиенiң мақсаты өз жеке басының iсiн ойластырып, жүйелеп орындайтын, өз мүддесiн iске асыруда бар мүмкiндiктерiн қосатын ақсүйектердiң балаларын тәрбиелеу. Ақсүйектердiң жас ұрпақтарына тәрбиенiң бiр саласынан ғана тәрбие бермей, дене және адамгершiлiк тәрбиелері берiлуiн қолдады.
- Д.Локк тәрбие әдiстерi жайлы құнды амалдарды: үлгi өнеге; жаттықтыру; әдет-дағдыларға үйрету; әңгiмелесу, пiкiр алысу; қызығушылығы мен ынтасын қанағаттандыру; намыс пен терiс ұғымдарға назар аудару сияқты тәсiлдердi тәрбие жұмыстарында пайдаланудың қажеттiлiгiн көрсетiп бередi.
Джентельменнің тәрбиесі - Джентльменнің ақыл-ой тәрбиесі, Локктың көзқарасы бойынша, іскер адамға қажетті сапаларды қалыптастыру. Джентльменді оқуға, жазуға, сурет салуғ, ана тіліне, француз тіліне, жағырафияға, геометрияға, астрономияға, этикаға үйрету қажет, тарихтан және заңтанудан, бухгалетриядан, атқа мінуден, би билеуден мәліметтер беру.
- Локк бала өміріндегі қатаң режимді қатаң сақтаудың мәнін негіздей келіп, оны қалай киіндіру, тамақтандыру туралы кеңестер беріп отыр. Дұрыс ұйымдасқан дене тәрбиесі батылдықты, табандылықты меңгреуге көмектеседі.“Джентельмен сондай тәрбиеленген болу керек, егер керек болса, қолына қару алып, солдат болуға кез-келген уақытта даяр болуы қажет” деп жазды.
- Локк дене тәрбиесіне ерекше мән берді. “Денсаулық кәсіби іс-әрекет пен бақыт үшін қажет” дей келіп, жан-жақты талданған ғылыми деңгейде сол кездегі жүйені ұсынды. Локк балаларды ерте жас кезінен бастап, шынықтыру қажет, бала шаршауды, қиындықты, өзгерістерді жеңіл атқара білуі қажет деді.
Қорытынды - Сонымен Д.Локктың ғылыми-әдiстемелiк пiкiрлерi орта ғасыр мектептерiн сынап, жаңа негiздегi, яғни баланы жеке дара тәрбиелеу және бейiм қабiлеттерiн мақсатты түрде дамыту идеясы педагогика ғылымының дамуына елеулi әсер еттi, оны еуропалық педагогтардың көбi қолдады.
- Баланың өздiгiнше ойлау дағдысын қалыптастыруда жаттап алудан сақтану және ойды кезең-кезеңмен дамыту жөнiндегi әдiстемесiмен оқытушы баланы қаруландыруы тиiс, сонда ғана балалардың бiлiмге деген ынтасы мен сүйiспеншiлiгiн дамытамыз.
Назарларыңызға рахмет! Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |