Тохтамишова Валида Бастауыш мектеп 5 2013 Сын тұрғысынан ойлау – ой қозғау



бет1/2
Дата18.05.2022
өлшемі29.29 Kb.
#457021
  1   2
Сын тұрғысынан ойлау - ой қозғау


Тохтамишова Валида
Бастауыш мектеп 5 2013
Сын тұрғысынан ойлау – ой қозғау
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің қазіргі кезеңін əлемдік деңгейдегі білім беру тенденциясынан бөліп қарауға болмайды. Бұл əлемдік деңгейдегі қатынастың күшейе түсуіне байланысты.
Қазіргі қоғамда болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер үшінші мыңжылдықтың білімді , саналы жастарын тəрбиелеушілерге үлкен міндет жүктері сөзсіз. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына , олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына , əлемдік сапа деңгейдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мəселенің бірі.
Əлемдік білім беру кеңістігіне ену педагогика теориясы мен оқу - тəрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты: білім беру парадигмасы өзгереді, білім берудің мазмұны жаңарып , жаңа көзқарас , басқаша қарым- қатынас , өзгеше менталитет пайда болуда жəне педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуында ғылымның рөліне мəн беруде.
Біз білімділік парадигмалардың өзгеруі тұсында өмір сүріп жатырмыз . Қəзіргі оқыту жүйесіндегі басқа қарама – қайшылықтың бірі – өмірдегі білімнің , жаңалықтың тұрақты молаюы мен оның индивидтің қабылдау мүмкінщілігінің шектеулігі арасында болып отыр. Бұл соңғы уақыттарға дейін білімділіктің идеалы болып келген жан -жақты дамыған тұлға тəрбиелеуден бас тартуға əкеледі . Педагогикалық теория енді адамның өзін – өзі мүмкін деңгейге дейін дамытуға көмектесетін оның қарым- қабілеттерін жетілдіруді мақсат етуде. Бұл бағытта білім берудің əр түрлі нұсқаудағы мазмұны ,құрылымы, ғылымға жəне тəжірибеге негізделген жаңа идеалар , жаңа технологиялар бар. Сондвқтан əр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас жəне психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап ,тəжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Бүгінде білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты , жан- жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды , кəсіптік , адамгершілік , рухани , азаматтық жəне басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына əсерін тигізеді , өзін- өзі дамытып , оқу – тəрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі .
Қазіргі кезде заман талабына сай білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50- ден астам педагогикалық технология қолданып жүр . Педагогикалық технологияларды таңдау барысында мына факторлар ескерілуі керек.

  • Алынып отырған технологияның мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайына сай болу;

  • Тиімділігі , жүйелілігі;

  • Педагогикалық ұжымдар өздерінің қалауына сəйкес əр түрлі үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алуы.

Болашақ өркениетті елдердің жоғарғы технологиясын меңгеру, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығұ, бүгінгі мектептің басты мақсаты деп ойлаймын. Демек қазіргі кезде оқытудың күн тәртібіне «Шәкірттерді қандай тәсілмен және қалай үцрету керек ?» яғни , оқыту мазмұны мен әдістемесі қандай болу керекдеген сұрақтар тұр.
Озық ойлы ұстаздардың дені дәстүрлі оқытудың негізін құрайтын репродуктивтік үрдістен бас тартуда. Білім дегеніміз ойда сақталған мәлімет емес екендігіне баршаның көзі жеткен сияқты. Шындығындада «білім- ақпарат» формуласы бойынша оқыту әлдеқашан ескірген.
Ал оқытудың жаңашыл жобаларының философиясы бойынша ақпараттың барлық жиынтығын оқып білу адам мүмкіншілігінен тыс жатыр және де оқыту мен танымның басты мазмұны ақпаратты игеруде емес. Сондықтан да оқыту процесінде басты салмақ оқытушыдан оқұшыға ауыстырылуы тиіс. Үйрету мүмкін емес, тек үйренуге болады деген өз ойымды, Шығыс даналығында айтылатын, « Маған айтсаң ұмытып қаламын , көрсетсең есімде қалар, ал істеуін көрсетіп берші, үйреніп аламын» , яғни бұл баланың ынтасын жетелеу арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөзбен тұжырымдағым келеді.
Сөйтіп, оқыту мен үйрету процесінің негізін белсенді іс- әрекеттер құрауы керек, оқушы тарапынан тек белсенлі түрде меңгнрілген білім ғана маңызды әрі тиімді.
Қазіргі кезде ортамызда орын алып жатқан оқытудың жаңашыл жобалары осындай философиялық негізді басшылыққа алған. Олардың бірі Қазақстанда 1997 жылдан бастап етек жая бастаған « сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы (RWCT жобасы) Оқушылардың ойлау, қабылдау қабілетіе аңғаруға топтық жұмыс өте тиімді , яғни сабақты днңгейлеп оқыту арқылы іске асыру және оқушыға тиянақтв білім беру, оның сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ізденгіштігін , байқампаздығын дамытып, жеке тұлға болып дамудың биіктігіне шығуына әкелер жолдың бірі RWCT бағдарламасы деген болар едім.

RWCT бұл:


-жеке, жұпта, топта, бірлесіп жұмыс істей білу;
- оқуда білімді өз бетінше іздеу;
- білімді терең ұғыну;
- теория мен практиканы біріктіру;
- бір- біріне құрмет пен қарау, иәдениетті қарым қатынаста болу:
- өз пікірін жақтай, дәлелдей білу;
-ізденіс, еркін таңдау, жеке пікір, топпен талқылпу;
- қажет жағдайда көзқарасын өзгерту т.б.
Өйткенісын тұрғысынан ойлау – ең алдымен шығармашылық ойлау. Шығармашылық ойлау нәтіжесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. ( Л.С.Выготский)
Аталмыш жобаның негізгі идеалары мен қағидаларына тоқтала келсек: оқушы өзіне керекті, өз өміріне жарата алатын ақпаратты таңдай біліп, оны өздігінше ігеруге көмек болатын әмбебап тәсілдерді үйренуі керек.
Фл, оқушы белсенділігін қандай тәсілдер арқылы арттыруға болады (өйткені мәселеге тікелей байланысты емес пе?) деген сұраққа байланысты « Сыни ойлауды дамыту» жобасы авторларының бірі Ч.Темпл төмендегідей әдістерді ұсынды:

  • Күтілетін нәтіжелерді нақты айқындау;

  • Жазба жұмыстарын жиі орындау;

  • Оқұшылардың ой- өрісін белсендіретіе сұрақтар қою;

  • Бірлесе оқу тәсілдерін қолдану;

  • Оқыту пәндерінің әлеммен, күнделікті өмірмен байланысын орнықтыру.

  • « Сыни ойлау» жобасы әр шәкірттің өзіндік түсінік қалыптасуына мүдделі, осылай олар өзінің теңдесі жоқ ерекшелігін айқындап, соған иланады.

Мұндай жағдайда ақпарат оқытудың нәтижесі емес , оның бастапқы кезеңіне айналды:оқушы осы мәліметті түсініп,талдап,оны өзінің әлеуметтік тәжирибесі тұрғысынан бағалай отырып ,соның негізінде өзінің түсінігі мен түйсінуімен байланысты жаңа білім құрастыруға дағдыланады ,оны керегіне жарата алады . Осылай оқыту процесінде оқушы білімді меңгеру және жаңа білім құрастыру дағдылары мен әдістемесіне үйренеді .
Басқаша сөзбен айтқанда , «Сыни ойлау» жобасы оқытудың басты мақсатын дәстүрлі білім берудің «өмір бойы оқып үйрену »қағидасына ауысады .Осы ұстанымның көпшілік назарына соңғы кезде ұсынылған Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында орын алғандығы құптарлық жайт .Бұл біздің елімізде білім беру мен оқытуға жаңа көзқарас ресми тұрғыда да қалыптаса бастады деген сөз емес пе ?
Оқуда негізгі салмақты нәтижеден процеске ауыстыру керек . Басқаша айтқанда , білім беруде басты мақсат «не нәрсеге оқыту »,
яғни мазмұн емес , «қалай оқыту »,әдістеме ,сабақ барысының өзі .
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту,мағынаны тану ,ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі .
(кезеңдердің мақсат міндеттері).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет