Төменарық ауылдық округі әкімінің 9 айлық есебі. Бүгін біз 2013 жылдың 9 айында жасалған жұмыстардың қорытындысын шығарып отырмыз. Жылдын маңызды оқиғасы «2050-Стратегиясы»



Дата25.02.2016
өлшемі60.2 Kb.
#24569
Төменарық ауылдық округі әкімінің 9 айлық есебі.

Бүгін біз 2013 жылдың 9 айында жасалған жұмыстардың қорытындысын шығарып отырмыз. Жылдын маңызды оқиғасы «2050-Стратегиясы» жаңа политикалық бағытында тұрақты мемлекет. Қазақстан Республикасының Президентінің Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы болды. Елбасы 14 желтоқсанындағы жолдауында Қазақстан жолының жаңа кезеңі экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатың арттырудың жаңа міндеттері.

Төменарық ауылдық округінің жалпы аймағы 75203 мың гектар, сонын ішіндегі ауыл шаруашылық мақсатында 10128 гектар жер.

Төменарық ауылдық округінде 734 отбасы, 4586 адам бар. Олар 705 тұрғын үйде тұрады. Көшелер саны 30, олардың ұзындығы 27,1 км. Ауылдық округте 2 мектеп, 3 бала бақша, 15 орындық аурухана, емхана, почта бөлімшесі, темір жол станциясы, ауылдық клуб, кітапхана, спорт мектебінің филиалы, АТС, 22 шаруа қожалығы, 13 жеке кәсіпкер, 3 дербес ауыз су жүйесі жұмыс істейді. Ауылда 3 кафе, 1 шағын базар, 10 дүкен, 1 монша бар. Барлық жұмыс түрлерін есепке алғанда ауыл халқының 1843 –і жұмыспен қамтылған. Бұл экономикалық белсенді халықтың 67 пайызын құрайды.

Ауылдық округі әкімі аппаратында кейінгі кадрлық өзгерістерге байланысты 2 бас маман, 5 жетекші маман және тех қызметкерлер жұмыс жасайды.

2013 жылдың 9 - айында жоғары орындардан 304 қатынас құжаттар келіп түсіп, олардың 264 – не жауап қайтарылып, қалғандары қызмет бабында пайдаланылуда.

Жоғары орындардан 19 нормативтік-құқықтық актілер келіп түсіп, олар қызмет бабында пайдаланылуда.

Ауылдық округ бойынша 2013 жылдың 9- айында қабылданған нормативтік – құқықтық актілер саны – 73. Осы қабылдаған шешімдер мен өкімдерге прокуратура тарапынан тексерілгенде наразылық білдірілмеген.

Құқықтық оқу жоспарға сай, айына бір рет өткізіліп тұрады.

2013 жылдың тоғыз айында ауылдық округ әкім аппаратына ауыл тұрғындарынан 29 жазбаша өтініш келіп түсті. Оның 11-і тұрғын үй құрылысын салу үшін жер сұрау туралы. Бұл өтініштердің қалғандары қанағаттандырылды.

2013 жылдың 9 - айында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге ауылдық округтен 64 азамат медсараптамадан өткізіліп, 9 –сы әскер қатарына жіберілді.

2013 жылдың 1 шілдесіне округтегі барлық мал саны 10639 бас болды. Оның ішінде мүйізді ірі қара 2300 бас, қой мен ешкі 8028 бас, жылқы 308 бас, түйе 3 бас, құстар 1850 бас болды.

Мал өнімдерінен ет 575,5 центнер, сүт 32,3 центнер, жүн 438 центнер, қаракөл 581 дана өндірілді.

Әлеуметтік сала бойынша: Ауылдық округте жасына байланысты зейнетақы алушылар 316, арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар-109, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар 52 және бір жасқа дейінгі балалар күтіміне байланысты жәрдемақы алушылар 71. Сонымен қатар 2013 тоғыз айында балалар жәрдемақысына 98 отбасы 368 балаға 5млн 643 мың теңге, тұрғын үй көмегіне 24 отбасына 395мың тенге тағайындалды.

Ауылдық округте жұмыссыздарды жұмыспен қамту мақсатында 2013 жылы

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы ақылы қоғамдық жұмысқа 9 адам қабылданды. Оған 335 мың 880 теңге жұмсалып, абаттандыру және көркейту көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. әі

Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындары Сейтжаппар Мұхамедәлі -1млн 800 мың, Аязбаев Женіс -1 млн 300 мың, Кудияров Есен -1 млн 300 мың және Исмаилов Акылбек – 700 мың теңге несиеге қол жеткізіп, өз кәсіптерін жалғастыруда.

« Жастар тәжірибесі » бойынша жолданғандар Әбенова Гүлжаз Төменарық ауылдық округі әкімі аппаратында, Қарабалаева Заура №53 орта мектебінде 6 айға келісім-шарт арқылы жұмыс жасауда.

Білім саласы бойынша. Төменарық ауылында №53 және №223 орта мектебі бар. №53 орта мектебінде 499 оқушы дәріс қабылдайды, арнаулы және жоғары білімді 87 мұғалім, 28 тех қызметкер жұмыс істейді. 2013 жылы №53 орта мектепті 40 оқушы, ҰБТ-ке 30 оқушы қатысып, 8 бала мемлекеттік грантпен жоғарғы оқу орына түсті.

Ал №223 орта мектебінде 388 оқушы дәріс алады, арнаулы және жоғары білімді 67 мұғалім, 32 техқызметкерлер жұмыс жасайды. 2013 жылы орта мектепті 26 оқушы бітіріп, ҰбТ-ға 17 оқушы қатысып, 6 – бала мемлекеттік грантпен жоғарғы оқу орына түсті.

№223 орта мектебі жанындағы интернат үйінде 20 бала жатып дәріс алуда. Олар аудандық бюджет есебінен тегін тамақтандырылады.

Елді мекенде 3 бала бақша бар. №12 «Балдәурен» бала бақшасында 70 бала, үш топта тәрбиеленуде, 30 адам қызмет жасайды. №11 «Балауса» бала бақшасында 50 бала екі топта тәрбиеленуде, 30 адам қызмет жасайды. «Сен сұлу » жеке балабақшасы жаңадан ашылып, 50 бала тәрбие алуда, 19 адам тұрақты жұмысқа қабылданды.



Денсаулық сақтау саласы бойынша. Төменарық ауылдық округі бойынша бір аурухана және бір емхана халыққа қызмет көрсетеді. 3 дәрігер, 1 педиатор, 25 медбике, 16 тех.қызметкер 1 жедел жәрдем автомашина қызмет жасайды. 2013 жылдың тоғыз айында күндізгі стационарда 81 ем қабылдаса, емханада ине шаншу кабинетінде жасалған иньекция саны -6776 болды, жатып ем қабылдаған адам саны - 435. Жаңадан жеке негізде тіс дәрігері Асанов Махмуджан тіс емдеу емханасын ашып жұмыс жасауда.

2013 жылы көктем, күз айларында жылжымалы рентген автокөлігі екі ауылға да қызмет көрсетті, 1890 адам рентгенге түсті.



Мәдениет саласы бойынша: Төменарық ауылдық округінде 1 клуб, 1 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Ауылдық клуб үйінде жыл бойына түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Атап айтқанда 8 –наурыз халықаралық әйелдер күні,22- наурыз жыл басы мерекесі,1- мамыр Халықаралық бірлік күні, 9 –мамыр Жеңіс күні мерекесі, 1- маусым балаларды қорғау күні, 30 тамыз Конституция күні, 1-10 қазан аралығында қарттар күні және мұғалімдер күні өткізілді.

Спорт саласы бойынша: Ауылдық округ көлемінде спорт мектебінің филиалында 40 бала тәрбиеленуде. Спорт мектебіндегі тәрбие алып жатқан жастар Республикалық және аудандық сайыстарда жүлделі орындарды иеленіп жүр.

Жастар ұйымы бойынша: Ауылдық округте жастар ұйымы жұмыс жасайды. Жастар ұйымының жетекшісі А. Аймахан. Мереке күндерінде жастар арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылып отырады. 4-маусым Қазақстан Республикасы Рәміздер күніне орай «Менің отаным - Қазақстан» атты жастар арасында кіші футболдан жарыс өткізілді.

Президенттік сынақтар жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Ауыл жастары команда құрып, аймақтық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иемденіп отыр.

Аудан прокуратурасы мен аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен бірлесе отырып, қылмыстың және нашақорлықтың, діни сенім бостандығын қамтамасыз ету мен діни экстремизмнің алдын алу мақсатында жастар арасында кездесулер мен дөңгелек столдар өткізіліп отырады. Патриоттық тәрбие беру мақсатында ауылдық округте өткізіліп жатқан шараларға үнемі жоғарғы сынып оқушылары қатыстырылып отырады.

Почта және байланыс саласы бойынша 2013 жылы 678 отбасы 1900 дана басылымға жазылды. Баспасөз толық таратылуда.

Елді мекен көлемінде санды телефон мәселесі шешілген, 665 абонент бар. Ұялы телефон байланыс торабының 3 бөлімшесі бар. Олар Актив, Биллайн және Теле-2. Қазіргі таңда АТС-ке интернет жүйесі - «Мегалайн» қосымша жалғанған. Ауылдағы 179 тұрғын үйге интернет жүйесі орнатылған.



2013 жылдың тоғыз айында атқарылған жұмыстар.
Облыстық бюджеттен балалар ойын аланың құрылысын салу үшін конкурстық негізде жеке кәсіпкер «ИП Маликова» 1 млн теңгеге жеңімпаз атанып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жергілікті бюджеттен ауылды абаттандыруға 786 мың теңге қаржы бөлініп, жеке кәсәпкер «ИП Береке» жеңіп алып, ауылға кіре берістегі жолдың екі беті жалпы ауданы 1874 шаршы метр жері тор сеткамен қоршаланып, толығымен жұмыстары аяқталды. Аяқ су мәселесін шешу мақсатында ұңғыма құдық қазылып берілді. 10 көшеге көше атаулары жазылған белгілері қойылды. Ауылда орналасқан билбордтарды жаңартты, паноларды қайта сырланып, орталық көшелердің барлық бағаналар түбі әктеліп ретке келтірілді.

Ауылдық округі әкімі аппаратына халық игілігіне пайдалану үшін МТЗ- 80 тракторы, тіркемесімен және әмбебаб көтергіш құралымен қоса 4 млн 790 мың теңгеге алынып, халыққа қызмет етуде.

«Сен сұлу » жеке балабақшасы жаңадан ашылып, 50 бала тәрбие алуда, 19 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Облыстық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалардын алдын алуды және жоюды үйымдастыру басқармасы арқылы Қандыарал көлінің ауыл беткейіндегі қорғаныс бөгеттерін көтеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, жалпы ұзынды – 5 шақырым.



Көктемгі санитарлық тазалық айлығында ауылдық округі бойынша біршама жұмыстар атқарылды, атап айтқанда апта сайын сенбіліктер өткізіліп, тазалық жұмыстары жүргізілді. Көктемгі көркейту-көгалдандыру кезінде ауылдың барлық көшелеріндегі тұрмыстық қатты заттарды алу жұмыстары және ауыл шетіндегі арнайы белгіленген орынға тұрмыстық қатты затты тастау жұмыстары жүргізіліп және ауыл тұрғындарына арнайы нұсқау белгілерін орнатты. Ауыл бойынша 1500 көшет отырғызылып, оның 800 қарауға алынды.

2013 жылдың 7 тамызы ҚР ауылдық және селолық округ әкімдерінің сайлауы өтті. Сонда мен сайлау алдындағы бағдарламаны ұсындым. Сайлау алдындағы бағдарламасы барлық социалдық құрылымдар аспектері көрсетілген. Сіздердің сенімдерін ақтау үшін барлығын орындаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет