Орындаған:Абильжанова Аңсар Сеитжанқызы
Топ:311
Факультет:Филология институты
Қабылдаған:ф.ғ.к.профессор Жүніс.М
Пән:Қазақ тілінің тарихы мен жазуын оқыту
§3.Төменде берілген көне түркілік сөздердің қазіргі қазақ тілінде қолданылу сипатына,дыбыстық ерекшеліктеріне анықтама беріңіз.
Оғлан- «бала»: алғышлы болгай бу оғланның күнлäрі «алғысты
болғай бұл баланың өмірі», адам оғланлары “адам баласы, адамзат”.
Қазіргі түркі тілдерінің кейбірінде адам сөзімен, кейбірінде инсан
сөзімен бірігетін болса, енді бірінде оғул сөзінің орнына бала сөзі
қолданылады. Қазақ тілінде оғлан сөзінің негізінде (оғ – ұ сәйкестігі)
қалыптасқан ұлан лексемасы болғанымен, қазіргі қолданылуында
айырмашылық бары (жас ұлан) байқалады.
Олур-отыр [лур-тыр]
Кече-кеше [ч-ш]
Йаша-жаса [йаш-жас:й-ж;ш-с]
Сабыңа-сөзіңе [а-ө;з-б;і-ы;а-е]
Суб-су [б\]
Батсықыңа-батысында [тсықыңа-тысында;ң-д]
Өлүр-өлтір [үр-тір]
Еліг-елу[ іг-у]
Ебліг-еңбек [іг-ег; і-е]
Отузқа-жиырма жеті,отызға [у-ы;қ-ғ]
Күчлүг-күшті [ч-ш;лүг-ті]
Будунығ-халық
Йергерү-жерге немесе игеру [йер-жер;й-ж]
Башғу-басқы,алдыңғы [с-ш;ғ-қ;у-ы]
Ташқа-тасқа [ш-с]
Қапығқа-қақпаға
Ілте-елде [і-е;т-д]
Көңүлте-көңілде [үлте-ілде ү-і;т-д]
Тақдақы-таудағы
Болмазун-болмасын [зун-сын;з-с;у-ы]
Санчыдымыз-жеңеміз,жеңдік
Сөзлештіміз-ақылдастық,сөйлестік
Бардуқ-бардық [у-ы]
Қатығды-қатайды [тығ-тай ы-а;й-ғ]
§4.Төменде берілген сөздер құрамындағы ұ дыбысы көне түркілік қай дыбыстардың негізінде пайда болған?
Ұл,тұрық,тұт,ұйқы,ұлы,мұң,бұлт,ұрпақ,сұм,сұлық,ар-ұждан,құоға,құлын-жалпы берілген сөздердегі Ұ дыбысы көне түркілік оғ;уғ;ығ;оо;уу;оуғ дыбыстары негізінде пайда болған.
Мысалы:
Ұл-оғұл-оол-уол-уул-уғил-ывал [Ұ-оғ;оо;уо;уу;уғи;ыва ] Қазақ тілінде ұл сөзі еркек бала, ер бала, халық қамын ойлайтын ер азамат, ал ұлан сөзі жасөспірім, жеткіншек, өрен мағыналарында қолданылады [ҚТТС]. Қазақ тіліндегі ұл сөзі көне түркі жəне көптеген түркі тілдерінде оғул сипатында, хақас, тува, шор тілдерінде оол, якут тілінде уол, алтай тілінде уул, өзбек тілінде уғил, чуваш тілінде ывал түрінде кездеседі. Э.В.Севортян көне түркілік оғул сөзінің этимологиясы мен қазіргі түркі тілдеріндегі сипатын төмендегідей саралайды: Барлық түркі тілдері мен ескерткіштерінде — баласы, ұлы (сын); башқұрт диалектілерінде — інісінің баласы; якут тілінде — немере, шөбере; чуваш — бала (дитя, ребенок); өзбек, тува, якут, чуваш — ұл (мальчик); тува, хақас, якут — жасөспірім жігіт (юноша, молодой человек); түрік, түрікмен, алтай, хақас, тува, якут — жігіт, жас жігіт (парень, паренек); якут, чуваш — қайны, оның баласы, немересі (младший деверь, его сын, внук); өзбек — жалқы есім; якут — қызметші, жұмысшы [ЭСТЯ, 191]. Көне түркілік оғул сөзі қазіргі түркі тілдерінде оғлан қалпына еніп, «ұл, жігіт, жас əскер» мағыналарында қолданылады. Олардың қатарына оғлан (əзербайжан, түрік), оглан (түрікмен, гагауз), ұлан (қазақ), уулан (алтай), олан (татар) сипатындағы қолданыстар бар
Тұрық-[турық-торуқ-торығ;у-о-ығ]
Тұт-[от-оғ-ығ]
Ұлы-[оғлы;ұ-оғ] Мұң-[ мұғұл атауы түркідегі мұң (қайғы мағынасында) және ұғұлдан – мұңұғыл > мұғұл болған]