«Тотығу-тотықсыздану» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау



Дата24.12.2023
өлшемі19.55 Kb.
#487850
БЖБ №1-1


«Тотығу-тотықсыздану» бөлімдері
бойынша жиынтық бағалау



Оқу мақсаты

9.2.2.6 – тотығу процесін электронды беру, ал тотықсыздану – электронды қосып алу деп түсіну
9.2.2.7 – электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қою

Бағалау критерийі

Білім алушы
● тотығу процесін электронды беру, ал тотықсыздану – электронды қосып алу деп түсінеді
● электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қояды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындалу уақыты

20 минут

Тапсырма
1. Тотығу-тотықсыздану реакциялары – ең кең тараған реакциялар.
Ca + P → Ca3P2 реакциясы үшін тотығу-тотықсыздану реакцияларын көрсетіңіз.

Тотығу:
Тотықсыздану:

[2]
2. Берілген реакцияны электрондық баланс әдісімен теңестіріңіз.
HCl + KMnO4 → Cl2 + KCl + MnCl2 + H2O
1) Әр элементтің тотығу дәрежесін жазыңыз.
___________________________________________________________________
[1]

2) Жартылай реакция жазыңыз.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]
3) Ортақ еселігін табыңыз.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________
[1]
4) Коэффициенттерді қойып, реакция теңдеуін теңестіріңіз.

[1]



Балл қою кестесі



Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Тотығу процесін электронды беру, ал тотықсыздану – электронды қосып алу деп түсінеді

1

Тотығу реакциясын көрсетеді.

1

Тотығу реакциясын көрсетеді.

1

Электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қояды

2

Әр элементтің тотығу дәрежесін жазады.

1

Жартылай реакция теңдеулерін жазады.

1

Ортаақ еселігін табады.

1

Реакция теңдеуін теңестіреді.

1

Барлығы

6


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет