Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы «06» мамырдағы
№ 4-3/421бұйрығына
3-қосымша
«Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 5 (бес) күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тіркеу құжаттарын (телнұсқаларын) және мемлекеттік нөмірлік белгілерді беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті беруші берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесіне енгізеді.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).
Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін көрсетілетін қызметті алушы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен бюджетке мемлекеттік баж төлейді.
Мемлекеттік баж мөлшері:
1) машинаға техникалық паспорт бергені үшін – мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген 0,5 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);
2) тіркеу (қайта тіркеу) үшін – 0,25 АЕК-ті;
3) машинаға мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін бергені үшін – 1 АЕК-ті құрайды.
Мемлекеттік бажды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат, ал адамның өкілі үшін – оның өкілеттілігін растайтын құжат, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) машинаны мемлекеттік тіркегені, қайта тіркегені немесе тіркеу құжатының телнұсқасын бергені үшін алымдардың төленгені туралы құжат;
4) шарттың (сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту, қарыз) түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі, соттың шешімі немесе меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар;
5) машинаның тіркеу құжаты және мемлекеттік нөмірлік белгісі үшін мемлекеттік баждардың төленгенін растайтын құжат;
6) жаңа және қолдан жасалған машиналарға немесе Қазақстан Республикасы аумағына әкелінген машиналарға арналған Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты немесе оның қауіпсіздік техникасының белгіленген талаптарына сәйкестігін растайтын басқа да құжат;
7) мемлекеттік кіріс органы куәландырған тауарға арналған декларацияның көшірмесі (машинаны шетелден сатып алған жағдайда).
Меншік иесінің немесе иеленушінің атынан тіркеу іс-қимылдарын өкiлдерi жүзеге асырған жағдайда, тіркеу пунктіне осы тармақта белгіленген құжаттармен бірге меншік иесiнiң немесе иеленушiнiң мүдделерін бiлдiру өкiлеттiлiгiн куәландыратын құжаттар ұсынылады.
Егер, мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасында бұрын мемлекеттік тіркеуде болған машина ұсынылса, онда тіркеу пунктіне осы тармақта белгіленген құжаттармен бірге бұрынғы тіркеу құжаттары ұсынылады, алайда, аталған құжатты ұсынбау мемлекеттік тіркеуді жүргізуден бас тартуға негіз болып табылмайды.
Егер, тіркеу іс-қимылдары жүргізілетін машина ортақ меншікте болған жағдайда, тіркеу құжаттарында барлық меншік иелері көрсетiледi және құжаттар барлық меншік иелерінің атынан берiледi. Жеке тұлғаларды ортақ меншіктен шығаруға нотариалды куәландырылған мәміле негіз болып табылады.
Егер, меншік иелері 14 жасқа толмаған, кәмелеттік жасқа жетпеген азаматтар болса, олардың атынан тіркеу іс-қимылдарын туу туралы куәлікті ұсына отырып, ата-аналары (бала асырап алушылар) немесе қорғаншылық және қамқоршылық органдары жасайды.
Меншік иелері 14-18 жастағы адамдар болған жағдайда, тіркеу іс-қимылдарын туу туралы куәлікті ұсына отырып, ата-аналарының (бала асырап алушылардың) немесе қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жазбаша келісімімен осы адамдар жасайды.
Жеке және заңды тұлғалардың аукциондардан және сауда биржаларынан сатып алған машиналарын тіркеу пунктіне уәкілетті адамдардың қолымен және мөрімен расталған аукционның хаттамасы мен сатып алу-сату шарты ұсынылғаннан кейін жүргізіледі.
Меншік иелері болып табылмайтын тұлғаларға машиналарды мемлекеттік тіркеуді қоса алғанда, тіркеу іс-қимылдарын жүзеге асыру үшін тіркеу іс-қимылдарының бастамашылары жеке және заңды тұлғаларға белгіленген құжаттармен бірге тіркеу пунктіне шарттардың (жалға беру, қосалқы жалға беру, лизинг, қосалқы лизинг, кепiл) және машинаны қабылдау-тапсыру актiсiнің түпнұсқасы мен көшірмесін немесе машинаны иелену құқығын растайтын өзге де құжатты ұсынады. Сондай-ақ, тіркеу іс-қимылдарының бастамашылары тиісті тіркеу іс-қимылдарын жасауға меншiк иесi (жеке тұлғалар үшін) немесе мөрмен расталған, заңды тұлғаның бірінші орынбасары (заңды тұлғалар үшін) қол қойған машина иесінің жазбаша келісімін ұсынады;
8) көлік құралдарына салық төленгенін растайтын құжат не көлік құралдарына салық төлеуден босатылғанын растайтын құжат – жеке тұлғалар үшін.
Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі мемлекеттік қызметтің көрсетілуі үшін мынадай жағдайларды қоспағанда, машинаны ұсынады:
оның кәдеге жаратылуы (жарамсыз деп тану, есептен шығару);
машинаны тіркеу пунктіне қарап-тексеру үшін әкелуге кедергі келтіретін объективті мән-жайлар (сынуы, габариттері және (немесе) техникалық сипаттамалары мүмкіндік бермейді) болған кезде, машина тұрған жерде инженер-инспектор жасаған машинаны техникалық қарап-тексеру актісін ұсынуға жол беріледі, бұл ретте осы актінің қолданылу мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күнді құрайды.
2) портал арқылы жүгінген кезде:
осы стандартқа қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында өтініш;
машинаны тіркеу құжатының (техникалық паспорттың) электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы қойылған белгі болып табылады;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Шағымда:
1) жеке тұлға – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы;
2) заңды тұлға – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Шағымға қызметті алушы қол қояды.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почталық байланыс арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
.4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күту және қажетті құжаттар дайындау үшін жағдайлар жасалады (күтіп-отыруға арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады), сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсетуге арналған пандустар көзделген.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) тиісті көрсетілген қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі жоқ.
15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі жоқ.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
Нысан
_________________________________________
қызмет берушінің атауы
____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________азаматан
Туған жылы_________,_______________________
____________________________________тұратын
___________________________________________
(тұрғылықты жерінің мекенжайы көрсетіледі)
паспортының (жеке куәлігі) №________________
ЖСН/БСН _________________________________
Өтініш
_______________________________________________________________________сұраймын
(өтініштің мәнi және негізі баяндалады)
________________________________________________________________________________
Машинаның типі__________________________маркасы________________________________
Шығарылған жылы___________________ жасап шығарған зауыт ________________________
зауыттық № _____________
нөмірлік белгісі___________________, техникалық паспорттың №_______________________
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:_________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Заңмен қорғаланатын құпиядан туратын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
20 жылғы «___»
__________________________
(жеке қолы)
Достарыңызбен бөлісу: |