Тұрақты комиссияның



Дата07.07.2016
өлшемі46.82 Kb.
#183255


10.10.2014

Тұрақты комиссияның

қаулысы
Астана қаласында «Қолжетімді

баспана - 2020» бағдарламасының

іске асырылу барысы туралы

Қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы Астана қаласында «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы ақпаратты тыңдап және талқылап, атқарушы органдар «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы шеңберінде елорда тұрғындарын сапалы және қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде мемлекеттік қолдаудың кешенді шараларын жүзеге асыратынын атап өтті.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес Тұрғын үй басқармасы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтардың есебін жүргізуде. 2014 жылдың 30 қыркүйегіне тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтардың есепке алынған саны 32 478 адамды құрайды.

Елордада тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы қаулысымен бекітілген «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұрғын үй «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ желісі бойынша, Қазақстанның ипотекалық компаниясы, «Апатты тұрғын үйлерді бұзу» пилоттық жобасын іске асыру арқылы тұрғын үй беріледі.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша азаматтардың барлық санатына 2013 жылы 727 пәтер, 2014 жылы 854 пәтер берілді. Ағымдағы жылы жас отбасы үшін сатып алу құқығымен тұрғын үй құрылысына қаражат жинау жүйесі арқылы жалдамалы тұрғын үй алуға 5439 өтініш түсіп, олардың ішінен 672 өтініш білдіруші іріктеуден өтті. Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы басталғаннан «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша Тұрғын үй басқармасы пәтер саны 1581 барлығы жеті тұрғын үй кешенін пайдалануға берген.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры 2014 жылы Астана қаласының әкімдігі арқылы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтарға 678 пәтер сатуды белгілеген. 169 пәтер кейіннен сатып алумен жалға беріледі және 509 пәтер меншік қаражат, екінші деңгейдегі банктердің несиелері, тұрғын үй құрылысына қаражат жинау жүйесі есебінен меншікке сатып алу арқылы ұсынылатын болады.

Қазіргі уақытта «Қазақстанның ипотекалық компаниясы арқылы берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша екі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтардың кезегінде тұрған тұлғалармен бірге осы бағыт бойынша тұрғын үйді мемлекеттік меншіктігіне қарамастан мемлекеттік заңды тұлғалардың жұмыскерлері және білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері де сатып алуы мүмкін.

Апатты үйлерде тұратын азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін қала әкімдігі «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы шеңберінде «Апатты тұрғын үйді бұзу» пилоттық жобасын әзірледі. Оны іске асыру апатты тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі іс-шараларды орындауды қамтамасыз ететін болады. 2017 жылдың соңына дейін 228 апатты үй бұзылатын болады. 2013 жылы 11 апатты үйден 178 отбасы, 2014 жылы 31 апатты үйде тұратын 463 отбасы көппәтерлі тұрғын үй кешендеріне көшті.

Тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезектілігінің ашық болуын қамтамасыз ету мақсатында «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінде, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждылар кезегінде тұрған азаматтардың барлық тізімін орналастырылған.

Сонымен бірге, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы елорда тұрғындарының саны шамамен екі есе өсуіне байланысты мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждылар кезегі де өскенін атап өтеді.

Коммуналдық тұрңын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтардың тізіміндегі кезегін балалары кәмелет жасқа толған көпбалалы отбасылардың сақтап қалуы проблемасы шешімін таппауда.

Кезектегі тұлғаларды (1 және 2 топтағы мүгедектер, көпбалалы және толық емес отбасы, зейнеткерлер және азаматтардың басқа да санаттары) тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер бөлу кезінде квота белгілеу мәселесін қарау қажеттілігі бар.

Жылдан жылға қаланың ескі орталығындағы апатты және ескірген үйлер саны өсуде. Қаланың шет аймақтарындағы тұрғын алаптарының инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі әлі де төмен деңгейде.

«Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша салынып жатқан объектілердің мерзімінде пайдалануға берілмеу фактілері орын алуда.

Жоғарыда жазылғанның негізінде қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Астана қаласында «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы ақпарат назарға алынсын.

2. Тұрғын үй басқармасына бар өкілеттіктері шеңберінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу жөнінде нақты ұсыныстар жолдаумен мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекте тұрғын үй алуда мұқтаж азаматтарды қолдау жөніндегі мәселелерді шешу жолдарын зерделеу ұсынылсын.

Тұрғын үй басқармасы тұрғын үй алуға және мұқтаж екендігін мойындауға негіздің бар болуын растау үшін тұрақты негізде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жергілікті атқарушы орган жеке меншік тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді алуға мұқтаж азаматтар кезектілігінің тізімдеріне мониторинг жүргізсін.

Апатты үйлер иелерінің пайдалануға берілген көппәтерлі тұрғын үй кешендеріне уақтылы көшуін қамтамасыз етумен «Апатты тұрғын үйді бұзу» пилоттық жобасын іске асыру жөнінде жұмысты жандандырсын.

3. Құрылыс басқармасына, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментіне мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірлесіп тұрғын үй құрылысын дамыту және «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы шеңберінде азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде кешенді шаралар қабылдау, тұрғын үй объектілерін пайдалануға беру мерзімдерін сақтау жөнінде бас мердігерлерге қойылатын талаптарды күшейту ұсынылсын.

4. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, энергетика басқармасына, коммуналдық шаруашылық басқармасына «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасын ойдағыдай іске асыру үшін пайдалануға берілетін тұрғын үй кешендеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды уақытында қосу және қала шетіндегі тұрғын алаптарын инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жөнінде шара қабылдау ұсынылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау тұрақты комиссия мүшесі Ш.Х. Хахазовқа жүктелсін.



Тұрақты комиссия төрағасы М. Шекенов



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет