Лисаков қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 297 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 мамырда № 5621 болып тіркелген. 2015 жылғы 11 маусымда № 24 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған. 2015 жылғы 22 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді.
____________________________________________________________________
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Лисаков қалалық мәслихатының кейбір шешімдері күші жойылған деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ХХсессияның төрағасы А. Демисенов
Қалалық мәслихат хатшысы Г. Жарылқасымова
КЕЛІСІЛДІ
«Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ Ш. Бекмухамедова
2015 жылғы«29» сәуір
«Лисаков қаласы әкімдігінің экономика
жәнебюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ Н.Турлубекова
2015 жылғы«29» сәуір
Мәслихаттың
2015 жылғы 29 сәуірдегі
№ 297шешіміне
қосымша
Лисаков қалалық мәслихатының күші жойылды
деп танылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. Мәслихаттың «Лисаков қаласындағыТұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-170 тіркелген,2010 жылғы 9 қыркүйекте «Лисаковская новь» газетінде жарияланған).
2. Мәслихаттың «Мәслихаттың 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 «Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыруенгізу туралы» 2011 жылғы 28 қазандағы № 465 шешімі(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№ 9-4-191 тіркелген, 2011 жылғы 24 қарашада «Лисаковская новь» газетінде жарияланған).
3. Мәслихаттың «Мәслихаттың 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 «Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 15 мамырдағы № 38 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-209 тіркелген, 2012 жылғы 7 маусымда «Лисаковская новь» газетінде жарияланған).
4. Мәслихаттың «Мәслихаттың 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 «Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 16 тамыздағы № 54 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-212 тіркелген, 2012 жылғы 6 қыркүйекте «Лисаковская новь» газетінде жарияланған).
5. Мәслихаттың «Мәслихаттың 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 «Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 10 шілдедегі № 138 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4210 тіркелген, 2013 жылғы 22 тамыздағы «Лисаковская новь» газетінде жарияланған).
6. Мәслихаттың «Мәслихаттың 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 «Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 175 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4410 тіркелген, 2014 жылғы 6 ақпандағы «Лисаковская новь» газетінде жарияланған).
7. Мәслихаттың «Мәслихаттың 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 «Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қазандағы № 247 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5148 тіркелген, 2014 жылғы 27 қарашадағы «Лисаковская новь» газетінде жарияланған).
8. Мәслихаттың «Мәслихаттың 2010 жылғы 28 шілдедегі № 346 «Лисаков қаласындағы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерісенгізу туралы» 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 278 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5375 тіркелген, 2015 жылғы 26ақпандағы «Лисаковская новь» газетінде жарияланған).
__________________________
Мәслихаттың
2015 жылғы 29 сәуірдегі
№ 297 шешімімен бекітілген
Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы
1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Лисаков қаласының әкімшілік аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы):
1) жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
2) тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлiгiнде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
2. Тұрғын үй көмегін «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламала бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалының Лисаков бөліміне (бұдан әрі - ХҚО) немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі - портал) балама негізде өтініш береді және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде ұсынады - күнтізбелік 10 (он) күн.
Құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсыру күні тұрғын үй көмегін көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.
4. Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан бастап тағайындалады және көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетіледі.
5. Көрсетілетін қызметті алушы тұрғын үй көмегі мөлшерінің өзгеруіне негіз бола алатын мән-жайлары, сондай-ақ оның дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы уәкілетті органға хабарлайды.
6. Тұрғын үй көмегі мөлшеріне ықпал ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, (көрсетілетін қызметті алушы қайтыс болуын қоспағанда) көрсетілген мән-жайлар түскен күннен бастап қайта есептеу жүргізіледі.
7. Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған табыстардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған табыстар туралы мәліметтер есепке алынады.
8. Жалғыз тұратын көрсетілетін қызметті алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі.
Қайтыс болғанға байланысты төлемдерді тоқтату немесе қайта есептеу уәкілетті органмен азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органынан ай сайын сұратып алатын қайтыс болған адамдардың тізімі негізінде немесе отбасы мүшелері беретін мәліметтер бойынша жүргізіледі.
9. Тұрғын үй көмегін көрсету мәселелері жөнінде туындаған келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін анықтау
10. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерін тұтынуға, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына жұмсалатын шығыстарға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
11. Уәкілетті органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.
12. Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн отбасының (азаматтың) шығыстар үлесi жиынтық табыстың он пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
13. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде алаңның нормасы есепке алынады:
1) бір отбасы мүшесіне – көп бөлмелі тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін пайдалы алаңының 18 шаршы метрі және отбасына 9 шаршы метрін қосымша;
бір бөлмелі тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін – тұрғын жайдың жалпы алаңы;
2) жалғыз тұратын азаматтар үшін – пайдаланатын алаңына қарамастан нақты алаңынан асырмай 30 шаршы метрі; осы норма жатақханалар үшін де қолданылады.
14. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.
Егер шығыстарға нормативтер мен тарифтер заңмен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығындарды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргізіледі.
15. Коммуналдық қызметтерді тұтынатын есептегіш құралдары бар тұтынушыларға есеп айырысу үшін алынатын шығыстар өткен тоқсанның немесе қызмет толық көлемде көрсетілген соңғы тоқсандағы есептегіш құралдардың көрсеткіштері негізінде, бірақ есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін белгіленген коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларынан аспайтын нақтылы шығындармен анықталады.
16. Электр қуатын төлеу бойынша шығыстарды өтеу бір адамға 100 киловатт, электр плитасы, электр су жылтқыштары бар жатақханалар мен үйлерде бір адамға 130 киловатт есебінен, бірақ нақты шығыстардан асырмай жүргізіледі.
17. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы "Әлеуметтік тұрғыдан корғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.
18. Осы Қағидамен белгіленген нормалардан тыс ақысы тұрғын үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерімен немесе жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалпы негізінде жүргізіледі.
3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу тәртібі
19. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ағымдағы нысаналы трансферттер қаражаты есебінен (олар бөлінген жағдайда) жүзеге асырылады.
20. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы, көрсетілетін қызметті алушының, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының банктік шоттарына есептелінген сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады.
Шоттарға ақшалай сомаларды аудару уәкілетті органмен ай сайын жүргізіледі.
_________________________
Достарыңызбен бөлісу: |