ӘОЖ 330.59:316.344.27
Тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері және шешу бағыттары
Байтілеуов С.С., Сырдария” университеті, Жетісай қ.
Әлеуметтік қамсыздандыруды реформалау, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, тұрмыс деңгейін арттыру мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Инфляцияның жоғарылығымен, өндірістің құлдырауымен және жұмыссыздықпен сипатталған экономикалық қиындықтар мен дағдарыстың алғашқы жылдарында әлеуметтік саланы дамытудың мүмкіндіктері шектеліп қалған болатын. Осы жылдары мемлекет азаматтардың тұрмыс деңгейінің күрт құлдырап кетуінің зардаптарын жеңілдетуге және халықтың мейлінше аз қамтылған топтарын қорғауға бағытталған шаралар қабылдаған еді.
Тоқсаныншы жылдардың екінші жартысында басталған экономикалық өсу белсенді әлеуметтік саясат жүргізу үшін алғышарттар жасады. Жаңа жағдайларда әлеуметтік қорғау жүйесін реформалау еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі заңдар шығаруға және оларды іске асыруға, жұмыспен қамтуға белсене жәрдемдесуге, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшуге және атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталды.
Алайда әлі де орын алып отырған кедейлік, жұмыссыздық, халықтың қартаң тартқан қатарының көбеюі, сондай-ақ бейресми сектордың көбеюі әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдете түсуді талап етеді.
Қазақстанда қазіргі уақытта қолданылып жүрген әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мемлекеттің басым қатысуымен сипатталады.
Сонымен бірге “ Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы ” қабылданып жүзеге асырылды. Төмендегі кестеде Мақтаарал ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсету жағдайы көрсетілген.
мәліметтері 1)
1- кесте
Көмек көрсету түрлері
|
өлшем бірлігі
|
2006
|
2007
|
2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда
|
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша
18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы
Демеушілер есебінен көрсетілген көмек
|
Адам саны
Сомасы, мың теңге
Адам саны
Сомасы, мың теңге
Адам саны
Сомасы, мың теңге
|
5925
40340
18119
121303,2
631
4136,3
|
3816
27200
18503
177621,6
233
3894,8
|
64,4
67,4
102,1
146,4
36,9
94,1
|
|
| 1) Мақтаарал ауданы бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметтері негізінде
Яғни 2007 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2006 жылға қарағанда 2109 адамға немесе 35% - ға азайған. Балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 2,1% - ға өскен. Демеушілер есебінен көмек 2007 жылы 233 адамға көрсетілген.
Мақтаарал ауданы бойынша жұмыспен қамту көрсеткіштері
2)
2-кесте
Көрсеткіштер
|
2006
|
2007
|
2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда
|
Жұмыссыздар саны
Жұмыс іздеп келгендер
АҚЖ жіберілгені
Кәсіби білімін көтеру
Жұмысқа орналасқандар
Ашылған жұмыс орны
|
|
1183
1736
580
65
1575
1620
|
848
1409
682
65
1142
1757
|
71,6
81,1
117,5
100
72,5
108,4
|
2) Мақтаарал ауданы бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметтері негізінде
Мақтаарал ауданы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының деректері бойынша 2006 жылы жұмыссыздар 1183 адамды құрап, 2007 жылы 335 адамға немесе 28,3%-ға азайып 848 адамды құраған. Жылдан- жылға жұмыссыздар саны азайып келеді. 2006 жылы 1620 жұмыс орны ашылса, 2007 жылы 1757 жұмыс орны ашылып 137 – ге көбейген.
2008 жылдың қаңтарында Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 11292 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2007 жылдың желтоқсан айына қарағанда 4,9% - ға өскен. Сонымен бірге 2008 жылдың 1- ші қаңтарынан бастап жалақының ең төмен мөлшері 10 515 теңгеге, ал зейнетақының ең төмен мөлшері 12 110 теңгеге, орташа мөлшері - 17870 теңгеге, жоғары мөлшері – 26110 теңгеге тең. Тұтастай алғанда зейнетақының орташа мөлшері еліміз бойынша 29 пайызға көбейді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы жолдауында зейнетақының орташа мөлшерін 2009 жылы - 25%-ға, 2010 жылы - 25%-ға, 2011 жылы 30%-ға, тұтастай алғанда 2012 жылы 2,5 есеге арттыру жоспарланған. Ал арқаулық зейнетақылық төлемдер 2011 жылы ең төменгі күнкөріс мөлшерінің 50%-на дейін өсіру көзделген. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 2009 жылдан бастап жыл сайын орта есеппен 9%-ға өсіру жоспарланған.
Мақтаарал ауданы бойынша 2008 жылы 540 адам жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмысқа тарту, 1200 адам жұмыссыздарды тұрақты жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Аудан бойынша 662 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде.
Халықты әлеуметтік қорғау, әл-ауқатын арттыру бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кірудің негізгі факторларының бірі.
Әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету әлеуметтік қамсыздандырудың үш деңгейлі жүйесін құруды көздейді.
Бірінші деңгей (негізгі) – мемлекет кепілдік беретін әлеуметтік жәрдемақылардың ең төменгі мөлшері. Бұл халықтың әлеуметтік осал жіктерінің барлық санатына еңбек еткен жылдары мен жалақыларына қарамастан, бірдей әлеуметтік қатер жағдайында, деңгейі бойынша ең төменгі төлемдер алуға тең құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етеді.
Екінші деңгей (міндетті) – жұмыс істейтін (жұмыс істеген) адамдарды міндетті әлеуметтік сақтандыру есебінен жүзеге асырылатын әлеуметтік төлемдер. Жұмыс берушілердің және қызметкерлердің міндетті сақтандыру жарналары міндетті әлеуметтік төлемдердің көзі болып табылады.
Үшінші деңгей (қосымша) - әлеуметтік төлемдердің ерікті аударымдар есебінен жүзеге асырылуын пайымдайды. Аударымдар бұл жағдайда жеке, жинақтаушы, ерікті немесе кәсіптік болып табылады.
Сонымен бірге әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің негізгі бағыттарын іске асыру әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде келесі мәселелерді шешуді қажет етеді:
-
мемлекеттік бюджет қаражаты, жұмыс берушінің және қызметкерлердің міндетті және ерікті жарналары есебінен халықты әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін арттыру;
-
халықты әлеуметтік қамсыздандыру ауқымын кеңейту;
-
кедейлік деңгейін азайту;
-
еңбек жағдайлары мен еңбек қауіпсіздігін жақсарту;
-
көлеңкелі жұмыспен қамтуды азайту;
-
әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру;
-
әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде әлеуметтік төлемдер мен аударымдар есебінің және оларды бақылаудың бірыңғай дербес жүйесін құру;
-
еңбек заңдарын жетілдіру;
-
кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру;
-
жаңа жұмыс орындарын ашу;
-
бизнесті әлеуметтік жауапкершілікке ынталандыру.
Сонымен өмір сапасының стандарттары адам капиталын дамытудың және Қазақстанды әлеуметтік жаңартудың тиімді нарықтық құралына айналуға тиіс. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты жұмыс орындарын ашуға және еңбекке қабілетті халықты ел экономикасына тартуға бағдарланған жағдайда ғана тиімді бола алады.
Резюме
В данной статье рассмотрены проблемы социальной защиты населения РК социально-экономические показатели региона. А также предложения пути совершенствования системы социальной защиты и улучшения социального положения населения.
Summary
In this article consider problems social defence population RK and social-economic figures regions.And also ways perfection systems social and improvement social purpose population.
Қолданылған әдебиеттер
-
ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Астана 2008 жыл 6 ақпан
-
“Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы”Астана, 30 қараша 2004 жыл
-
Мақтаарал ауданы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2007 жылға мәліметтері. Жетісай 2008 ж.
-
ОҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің есеп беру мәліметтері Шымкент 2008 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |