Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Айтолдының Күнтоғды қызметіне кіріскені



Pdf көрінісі
бет16/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Айтолдының Күнтоғды қызметіне кіріскені 
[туралы] айтылады
Айтолды есті бітірер ер бір істі,
Алып хабар әзірлікке кірісті.
Ол –ұстамды, жүзі жарқын, күлімдер,
Ақыл-ойлы, парасатты, білімдар.
Көрікті еді көрген көзді қамардай,
Сөзі –шындық, тілінен бал тамардай.


52
Талай өнер үйреніпті, таныпты,
Он саусақтан өнері де тамыпты.
455. Айтты бір күн: «Өнерім бар түмендей,
Мен халықтан жырақ қалдым түгелдей.
Неге жүрмін бұ жерде бос тұлайым,
Қой, патшаның қызыметін қылайын.
Соған құрбан «өнер-білім» дегенім,
Бітсін менің осы тәшбіш жегенім.
«Ақылы мол, білімді бек – о» депті, 
Өнер-білім іздейді екен әдепті.
Шайыр айтқан осы ойымды бейнелеп, 
Оны білу керек, сірә, кейде елеп:
460. «Ақыл құнын ақылды адам тән алар, 
Білімді алар білім сатса даналар.
Надан қайдан білсін білім қадірін,
Білімді ерде білім таныр сана бар».
Ақылды адам білер білім сымбатын, 
Надан қайдан білер білім қымбатын.
Білімді адам білер білім құнын да,
Гауһар құнын зергер білер, шынында».
Айтты Айтолды: «Әкел ат, тон, қаруды, 
Мен ойладым қызыметке баруды».
465. Қылды дайын бар амалын қолдана,
Бет түзеді патшасына, ол – дана!
Айтты және: «Жол шегуге тұрдым, – деп, 
Қызыметке, патшаға бет бұрдым, – деп.


53
Көп нәрселер шетте керек болады,
Олар жоқта балғын жүзім солады.
Алтын, күміс алған дұрыс – оңды-сол, 
Аямастан жұмсау үшін оңды-сол».
Алған біреу білім жинап, көк теңіз, 
Нықтап айтқан сөзі сонда не деңіз:
470. «Әр адамға іс, қызымет сұраған,
Екі нәрсе керек болар, сірә, оған:
Ең алдымен, керек өмір саламат,
Бұра тартпай іс қылу бар ғаламат.
Ей, зерделім! Алтын керек тағы да, 
Жарататын істің керек жағына.
Сонда тиер істің қолға нақ басы,
Сонда ашылар барлық жердің қақпасы».
Саф алтынды, күміс, тауар – оларды 
Алды, деді: «Керек болып қалар-ды».
475. Шығып үйден, жолда жұтты самалды, 
Бірде жүріп, бірде тоқтап дем алды.
Жетті ақыры орда, патша, қалаға, 
Тілегіне ой-арманы қалаған.
Бұ қалада үйге түсіп тұру – іс,
Түсер жерің жоқ болса әлем – бір уыс.
Қонақ үйге келіп түсті мұңайып,
Сабыр етті, жатты түнеп, тыңайып.
Тыңда: дана депті, сөздің күлігі,
Әр сөзіңен қөрініп тұр білігі:


54
480. «Өте қиын адам жеке жүргенде,
Жалғыз өзі бөтен елге кіргенде.
Ауыр өте, бөтен елде кім аяр, 
Тамыр-таныс жоқта дәйім мұңаяр.
Адам – соқыр, таныс жоқта басқа онда, 
Сөкпе соқыр жолдан жаза басқанда.
Бөтен елге келген кісі ойланар,
Жас келіндей тілі шықпай, байланар.
Ас-су беріп, жарылқа бір жат жанды, 
Жақсылап күт жолаушылап жатқанды.
485. Бөтенді күт – көзіңе нұр тарайды,
Жолаушы құт – жұрт аузына қарайды.
Әр жерден-ақ керек таныс-білістер,
Сол арқылы бітер талай бұл істер».
Жүрді Айтолды білу үшін әр жайды,
Бұ жолаушы қалпын ойлап сарғайды.
Ол танысып, араласы бастала,
Мәз боп қалды, тауып алып баспана.
Дос-жар тауып жақындауға жарады, 
Үлкен-кіші жұртқа жылы қарады.
490. Бұл Айтолды бір күн жақсы дос тапты, 
Ол – Көсеміш, о да мұны қостапты*.
Айтолды айтты соған сырын, қарманды, 
Кім екенін, көңілдегі арманды.
Айтты елінен нені көздеп шыққанын, 
Көріп-біліп, өзінің не ұққанын.


55
Ерсіг деген хажиб бар ед, өзі бір 
Жақын еді патшаменен сөзі бір*.
Со хажибке Көсеміш кеп кездесті,
Мәулет сұрап, «арада бар сөз» – десті.
495. Айтты хажиб: «Тұр еді не болып қап,
Не тілек бар, айтшы анық қып, толықтап».
Ашты сонда Көсеміш те сөз сырын:
Кім екенін, тілегін не жасырын.
Айтты хажиб: «Алдымен кеп қол берсін, 
Мен көрейін, мені келіп ол көрсін.
Мен патшаға айтам мұны – ол ұқсын, 
Соған келіп кезегімен жолықсын».
Көсеміш кеп Айтолдының соңынан,
Оған айтты: «Күнің туды оңынан.
500. Жүр хажибке, алып келдім хабарын, 
Айтшы соған көкейіңде не барын.
Көрсін сені естіп, біліп бар мәнді,
Өз аузыңмен айтқын тілек-арманды.
Айттым мен де әр сөзіңді әсте елеп, 
Сен жақсылап айтасың ғой кестелеп».
Бір ақкөңіл жақсы айтыпты орасан, 
Түгелімен тұп-тура сөз қарасаң:
«Адам сеніп, бір адамға артар іс, 
Әрбір адам өз ісіне тартар іш.
505. Қанша жақын досың болса ашына, 
Сенен жақсы саған жаны аши ма?


56
Сен іздесең мейірман бір жолдасты, 
Ол өзіңнен мейірімді болмас-ты».
Тұрды Айтолды, киінді, сөз ұқты енді, 
Сыртқа беттеп Көсемішпен шықты енді.
Дәу қақпаға тірелді кеп қадамы,
Қарсы алыпты хажибтің бір адамы.
Бұ Көсеміш кіріп шықты ырғалып, 
Айтолдыны хажибіне кірді алып.
510. Қарсы ап хажиб, төрге оздырып, қарады, 
Май тамызып, жылы сөзбен орады.
Хажиб сұрап көңлі қалай екенін,
Білді түекен орын-жайын, мекенін.
«Бар ма таныс, дос-жараным» дейтінің? 
Не білесің, бар ма ішіп-жейтінің?
Не істеп жүрсің, талап-тілек қандай-ды? 
Керегің не, ойың нені таңдайды?
Айтты Айтолды хажибке сөз ләззатын: 
«Келдім еетіп бұ Күнтоғды әз атын.
515. Ту жырақтан естіп даңқын, өзін де, 
Білігін де, таным, таза сөзін де,
Келдім оған бір қызымет қыларға, 
Есігіне басымды ұрып құларға.
Тілегім бұл – патшам іске жолдаса, 
Сөзім өтіп, хажиб мені қолдаса!»
Хажиб көріп Айтолдыны жақтырды,
Бар мақтауын айтып салып, тақ тұрды.


57
«Түсі келген, ісі – тура, зерделі, 
Шындық тонын түгел киген ер» – деді.
520. Тыңда өзін сүйдіре алған сен ерді: 
«Сүйіктінің міні де – бір өнер-ді.
Кім ұнаса – еш айыбын таппаймыз, 
Ұнамаса – тәуір ісін таптаймыз».
Дәл осылай айтылған бір ахуал,
Ей, жақсы адам, сен осыны оқып ал:
«Сүйсе көңіл – міні де әсем болады, 
Кемшіліктің орны бітіп, толады.
Сүйген көңіл құлап сүйер түгелдей, 
Көрінген мін байқалмай-ақ қалады».
525. Хажиб айтты Айтолдыға: «Қарағым,
Енді саспа, ылғи маған қарағын.
Мен патшамен жеке сұқбат құрайын, 
Келеріңді қашан содан сұрайын.
Сені көріп, біліп, салсын әр заңға, 
Қадір тұтсын, түсірмейін арзанға.
Көрсетем ғой саған керек қолғабыс, 
Ықылас сап, мен тілеймін мол табыс».
Хажиб жақсы көп сөз айтты туынды
«Істеймін!» деп, белді бекем буынды.
530. Кісі игісі болар, сірә, осындай,
Халық қамын жейтін ізгі досындай.
Тыңда, айтыпты бір ер елді бастаған, 
Барлық істі жетістіріп тастаған:


58
«Кімнің бағы көтерілсе қалықтап, 
Жарылқасын бауырына халықты ап.
Қол ұзартқан елді билеп жеткерсін, 
Құлқын таза, ісін әділ өткерсін.
Елге сырлас, жақын тұтса кім өзін, 
Тілін – тәтті, майда ұстасын мінезін.
535. Бақыт – сайқал: жеткізер де, бұзар да, 
Тез құбылар, тозар құлап құзарға.
Қыл жақсылық, баққа сенбе өшетін, 
Бүгін – мұнда, ертең – онда көшетін.
Ей, бақытты! Қуанба: бақ о тегі,
Келсе бүгін, ертең сырғып өтеді.
Қыл жақсылық, ей, бақыттың иесі, 
Сонда нағыз бақыт – саған тиесі.
Шоң дәреже, бектік тисе дәйімде,
Сен өзіңді кішілікке дайында».
540. Хажиб айтты: «Қуанатын келді күн, 
Сен бара бер, буынып бақ белдігін.
Сен асықпа, күт – уақыт тезі бар, 
Берік қақпа ашылатын кезі бар».
Қара, міне, айтқан екен көсілтіп, 
Бір білімдар жібектей қып есілтіп;
«Кім асығып, озып кетсе – кешігер, 
Асыққанның өкпесі тез өшігер.
Сен асықпай істің кезін көздегін, 
«Әрбір істің мезгілі бар өз» – дегін».


59
545. Бұл Айтолды еетіп, білді: іс дайын,
«Сабыр етіп, – деді, – өзімді ұстайын.
Көрді тыңдап, хажиб берді деректі,
Өзі қалап, айтар кезді керекті».
«Іздер өзі!» – деді-дағы, жөнеді, 
«Сонда келем», – деді. Бұ сөз жөн еді.
Шығып одан, бұл Айтолды мол кетті, 
Үйге тартты, кешкі құрым ол жетті.
Көрді хажиб Айтолдымен сөзге кеп, 
Оны білді «басқалардан өзге» деп.
550. Деді: «Жұрттың мен көрмеген сарасы,
Парасат бар, білімі бар, дарасы.
Керек адам, патша көңлі толады,
Ол ұнатса, елге қажет болады.
Мұндай адам сирек болар өте тым
Сирек болса, қыздай қымбат өтетін.
Сирек нәрсе таңсық болып, табынтар, 
Таңсық болса, табылмай-ақ сабылтар.
Өнер-білім бар нәрсеге өтеді,
Онымен ер тілегіне жетеді».
555. Айтты хажиб патшаға сөз орайын, 
Айтолдының ашып ішкі сарайын.
Айтып берді іс-әрекет, қылығын,
Санап берді ақыл, білім, құлығын.
Патша тыңдап: «Қайда жүр? – деп сұрады, – 
Бір көрейін, келтір, қайда тұрады?


60
Осындай ер – іздегенім, таптырса,
Із басарым, ел билеуші боп тұрса.
Сөзім – осы, орындалды бар тілек,
Тек зәруім – дәл осындай бір түлек.
560. Тура бар да, шақыр мұнда, мәзір ет,
Өзін дереу қызметке әзір ет!»
Шықты хажиб қақпасының алдына
Жұмсады бір бала таңдап алды да.
Зытты бала, берді хабар иінді,
Бұл Айтолды қуанды, тез киінді.
Атқа мініп, қақпаға бас тіреді,
Хажиб қүткен үйге келіп кіреді.
Төрден орын беріп хажиб о тұрды,
Сақтап әдет Айтолды да отырды.
565. Айтты патша: «Шақыр, жықпа мерейін,
Мені көрсін, оны да мен көрейін!»
Хажиб айтты Айтолдыға, ойланды,
«Жүр патшаға, саған бақыт байланды!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет