17
Бар нәрсені сен жарата аласың, –
Бәрі де өтер, сен мәңгіге қаласың.
Бар жаралған нәрсеге ие –
Жаратқан,
Екі өмірді бір өзіне қаратқан
1
*.
15. Жоқ қой оның ұқсасы да, теңдесі,
Табиғатын таппас адам пендесі.
Жатпай, жүрмей, ояу тұру – үрдісі,
Танып алар жоқ қой оның түр-түсі.
Емес – алда, оң, сол, артта, қастыда,
Жоқ орыны жоғары не астыда.
Орыны жоқ – жаратты орын, тұрақ та,
Ол бармайтын еш орын жоқ бірақ та.
Ей, сыралғы, білген жүрек, жан исін,
Түгел түрін бар нәрсенің танисың.
20. Тірі жанды сансыз түмен өргіздің,
Тау, теңізді, жасап бәрін өр-құздың.
Көкке түмен жұлдыз безеп, күнде өріп,
Қара түнді жарық қылдың күн беріп.
Тірі жандар ұшатын да жүретін,
Табар сенен ішіп-жеудің ретін.
Со ғарыш пен шыңырау түбі арасы –
Ием,
саған телміреміз, қарашы!
Бір Құдайға сеніп, оны мәлім ет,
Шексіз илан, иманыңды кәміл ет!
1
*Бұдан былай жұлдызша қойылған сөздерге берілетін түсініктер бәйттердің
кезекті нөмірлері арқылы белгіленеді.
18
25. Бар
болмысын білейін деп тырыспа,
Сен бәріне, өзіңді ұста, дұрыста.
Оны «қандай?», «қай жерде?» деп іздеме,
Сөзді созба, «қайда қалды із» – деме.
Мұңсыз Ием, мұңды құлың марқайсын,
Кешір барлық жазығымның әрқайсысын.
Сыйынайын, сенде үмітім – сол үшін
Тарыққанда беріп жүргей қол ұшын.
Көтер мені – Пайғамбарым жебесін,
Қияметте қолтығымнан демесін.
30. Түмен
мыңдап сәлемімді арнаймын,
Төрт досына жеткіз соны әрдайым.
Көрсет берік қияметте жекелеп,
Ізгі сөзі медет берсін жетелеп.
Саған тең қып ешбір мақтау айта алман,
Сен өзіңді өзің мақта, майталман!
Достарыңызбен бөлісу: