Түркі тілдерінің генеалогиялық және типологиялық сипаты



Дата10.10.2022
өлшемі18.06 Kb.
#462361
Тапсырма. Мақала. Жанар


Ж.Ж. Есеналиеваның “Түркі тілдерінің генеалогиялық және типологиялық сипаты” атты мақаласы бойынша тапсырма


1. а) Мақалаға, сөздікке сүйеніп, синоимдермен алмастырыңыз не парафраза жасаңыз: түркі текті ұлыс, ыдырау, ізін қалдыру, нұсқа, тәржімелеу, зерделеу, түзіп шығу, қайта жаңғыру үрдісі, мағыналық ауытқу, шолу жасау, салыстырмалы-тарихи зерттеу, деривациялық мағына, реляциялық мағына, көне, жалғамалы тіл, түбір, морфема, генеологиялық классификация, типологиялық классификация, ататіл, сөз тудырушы аффикс, сөз түрлендірушы аффикс.


2. Мақала авторы, зерттеу саласы, мақаланың қай жылы шыққаны, көлемі, шыққан журналы, осы мақала қандай мақсатпен жазылған, әдебиет тізімінде қай жылғы мақалалар қамтылған, зерттеу нәтижесінің құндылығы туралы толық ақпарат беріңіз.


3. Сұрақтарға ғылыми стильде жауап беріңіз.

  1. Диахрония және синхрония ұғымдарына түсініктеме беріңіздер.

  2. Мақаланың тезисін анықтаңыз. Тезистегі болжам анықталды ма? Қандай аргументтер берілген?

  3. “Түркі” терминінің қалыптасу тарихы туралы қандай пікірлер бар?

  4. Тілдерді топтастырудың қандай түрлерін атай аласыз?

  5. Мақалада агглютинацияға қандай түсініктеме беріледі?

  6. Қазақ тілінің түпкі шығу тегі қай дәуірден бастау алады?

  7. Махмұд Қашқаридың “Дивани луғати ит-тюрк” туралы еңбегі туралы қандай ақпарат алдыңыз?

  8. Түркітанушылар В.В.Радлов, Н.Вамбери, Н.Ф.Катанов және Ф.Корштың түркі тілдері және классификациясы жайлы зерттеулеріндегі ерекшеліктерді атаңыз.



4. Мақалаға сүйеніп, түркі тілдерін топтастыру мәселесі жайлы ақпарат беріңіз.


5. Пікір беру, келісу/келіспеу құрылымдарын пайдаланып, мақалаға пікір беріңіз.


6. Түркі тілдері оның дамуы жайлы қосымша өзіңіз білетін ақпаратпен бөлісіңіз.


Жазылым
7. Себеп-салдар мәнді сөйлемдердің басқа формаларына айналдырыңыз.
1) Бұл тілдер бір тамырдан өрбігендіктен, түркологтарға салыстырып зерттеу арқылы бұлардың генетикалық байланысын анықтау қиынға соқпады. 2) Түркі тілдерін классификациялау - шешімі қиын, өте күрделі мәселе. Себебі түркі халықтарының қалыптасу және даму тарихы өте күрделі сипатта. 3) Түркі тілдері жалғамалы тілдерге жатады. Өйткені, «бұл тілдерде жаңа сөздердің туу формасы» қосымшалар арқылы болады. 4) Қазақ тіліндегі аффиксация тәсілі деривациялық мағынаны да, реляциялық мағынаны да білдіреді. Демек, аффиксация тәсілі грамматикалық мағыналарды білдіру үшін жұрнақтарды да, жалғауларды да пайдаланады. 5) Түркі қағанатының жеке хандықтарға ыдырауы – түркі тілдерінің қалыптасу тарихында өзінің ізін анық қалдырды. Себебі тіл тарихы сол тілде сөйлейтін халық тарихымен тығыз байланысты дамиды.


8 Мақалада салыстыру формалары бар сөйлемдерді тауып, астын сызыңыз.


9 Автордың позициясын, ұсынысын білдіретін сөйлемдерді жазыңыз. Мыс., Бұл классификацияда әрбір түркі тілінің ерекшелігі жайында айтылмаған.


10 Мақалада қайшы пікірлер бар ма? Олар қандай пікірлер, жазыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет