Түркі тілдерінің жіктелуі (классификациясы)


III. Алтай группасы (алтай тілі)



бет5/11
Дата02.01.2022
өлшемі485.42 Kb.
#454390
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Түркі тілдерінің жіктелуі (классификациясы)

III. Алтай группасы (алтай тілі).

IV. Батыс-Сібір группасы.

V. Волгалық-Оралдық группа (татар, башқұрт тілдері).

VI. Орта Азиялық группа (ұйғыр, қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ тілдері).

VII. Түстік-батыс(түстік)группа(түрікмен,азербайжан, құмық, гагауз, түрік тілдері).

Атақты тюрколог С. Е. Малов түркі тілдерінің ескі жазба естеліктерін зерттеп, олардың тарихын, бір-бірімен қарым-қатынасын, фонетикалық өзгерістерін салыстыра келіп, шығыс түркі тілдерінің батыс түркі тілдеріне қарағанда, ескі элементтерді көп сақтағандығын дәлелдейді. Бұрынғы болған классификацияларға карағанда, С. Е. Малов көбінше дыбыстардың өзгешелігін есепке алады. С. Е. Малов барлық түркі тілдерін ең көне (древ-нейшие),көне (древние), жаңа (новые), ең жаңа (новейшие) деп негізгі төрт группаға бөледі.

  • Атақты тюрколог С. Е. Малов түркі тілдерінің ескі жазба естеліктерін зерттеп, олардың тарихын, бір-бірімен қарым-қатынасын, фонетикалық өзгерістерін салыстыра келіп, шығыс түркі тілдерінің батыс түркі тілдеріне қарағанда, ескі элементтерді көп сақтағандығын дәлелдейді. Бұрынғы болған классификацияларға карағанда, С. Е. Малов көбінше дыбыстардың өзгешелігін есепке алады. С. Е. Малов барлық түркі тілдерін ең көне (древ-нейшие),көне (древние), жаңа (новые), ең жаңа (новейшие) деп негізгі төрт группаға бөледі.
  • а)Ең көне тілдер: булгар тілі, ұйғыр (сары ұйғыр) тілі, чуваш тілі, якут тілі.
  • ә) Көне түркі тілдері: «оғұз» (ескі руникалық жазба түркі естеліктерінің тілі), тофалар тілі, тува тілі, ұйғыр (ескі үйғыр жазба естеліктерінің тілі), хакас тілі, шор тілі.
  • б) Жаңа түркі тілдері: азербайжан тілі, гагауз тілі, құман тілі, қыпшақ тілі, печенег тілі, половец тілі, салар тілі, түрік тілі, түрікмен тілі, ұйғыр тілі (Қытайдағы немесе Шығыс Түркістан тілі деп аталатын), өзбек тілі, шағатай тілі, чулым тілі.
  • в)Ең жаңа түркі тілдері:башқұрт тілі, қазақ тілі, қарақалпақ тілі, қырғыз тілі, құмық тілі, ноғай тілі, ойрот (Алтай) тілі, татар тілі (казан, қасым, мишер, батыс-сібірлік), (чуваш), (якут).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет