Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, П.Тәжібаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
Ғылыми жоба
Тақырыбы: Экологиялық мәселелерді шешу және қалдықсыз технология «ҚАРА САРБАЗЫ»
Секциясы : Биология, химия, қоршаған ортаны және адам
денсаулығын қорғау
Орындаған: Досов Парман
Жетекші: Досов Нұрлан Исламұлы
Рабат ауылы – 22023 жыл
Мазмұны
Аннотация.................................................................................................. 2
Кіріспе........................................................................................................ 3
Зерттеу бөлімі.............................................................................................4
Материалдар және зерттеу әдістемесі....................................................7
Қорытынды...............................................................................................11
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................13
Аннотация
Елімізде халық тұтынатын азық -түлік қалдықтары мен ауыл шаруашылық жануарларын өсіретін фермалар мен құс фабрикасының қалдықтары жыл сайын миллиондаған тоннаны құрайды. Одан бөлінетін көмір қышқыл газы экологиялық мәселелерді туғызуда. Осы мәселені тиімді шешудің жолы адамдар арасында «қара сарбаз» деп аталатын шыбынның (лечинка) дернәсілдері органикалық қалдықтарды табиғи таза тыңайтқышқа айналдырып қана қоймай, ақуыздарға бай құрама жемдерді жасауда таптырмас дүние болып табылады. Шыбындар экологиялық мәселелерді шешуге көмектесуде. Ғылыми атауы – Нermetia illucens, бүгінде әлемнің көптеген елдерінде Оңтүстік Америкада шыққан қара шыбынның құрттарын өндіру қарқынды өсіп келеді.
Аннотации
В стране пищевые отходы народного потребления и отходы сельскохозяйственных животноводческих ферм и птицефабрик ежегодно составляют миллионы тонн. Углекислый газ, выделяемый из него, вызывает экологические проблемы. Способ эффективного решения этой проблемы заключается в том, что личинки мух, которых в народе называют «черными солдатами», не только превращают органические отходы в натуральное чистое удобрение, но и незаменимы при создании комбикормов, богатых белками. Мухи помогают решать экологические проблемы. Научное название-Nermetia illucens, сегодня во многих странах мира интенсивно растет производство лечинок, происходящих из Южной Америки.
Annotations
In the country, consumer food waste and waste from agricultural livestock farms and poultry farms annually amount to millions of tons. The carbon dioxide emitted from it causes environmental problems. The way to effectively solve this problem is that fly larvae, which are popularly called "black soldiers", not only turn organic waste into natural pure fertilizer, but are also indispensable in the creation of protein-rich feed. Flies help solve environmental problems. The scientific name is Nermetia illucens, today in many countries of the world the production of lechens originating from South America is intensively growing.
2
Кіріспе
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығының алдыңғы қатарлы бағыттарының бірі полигондарға тоғытылып жатқан тұрмыстық қалдықтар мен ауыл шаруашылық жануарларын өсіретін фермалар мен құс фабрикасының қи-қалдықтарын – жәндіктерді пайдаланып мал азығын өндіру [2,7,12,18]. Дернәсілдер (личинкалар) арқылы көңнің микрофлорасын өзгертіп, зиянды бактерияларды азайту.
«Қара сарбаз» шыбынының дернәсілі - ол органикалық қалдықтарды табиғи таза тыңайтқышқа айналдыра алады. Сондай-ақ, бұл шыбын дернәсілі ақуызға бай мал азығын жасауда таптырмас өнім. «Қара сарбаз» шыбыны кәдімгі шыбыннан екі есе үлкен және адам өміріне қауіп төндірмейді. Осыған орай, елімізде көптеген кәсіпкерлер 2020 жылдан бері қара сарбаз дернәсілдерін өсірумен айналысады.
«Қара сарбаз» шыбынының дернәсілін ғылыми тұрғыдан зерттеп, тәжірибе жасаған. Қазақ ұлттық университетінің ғалымдарының айтуынша, бұл бірден үш өзекті мәселені шешуге мүмкіндік берді. Біріншіден, органикалық қалдықтарды кәдеге жарату; екіншіден, экологиялық таза органикалық тыңайтқыштар алу және көкөніс пен жемістер, тіпті дәнді дақылдардың сапасын арттыру; үшіншіден, ақуыздарға бай мал азығына құрама жем өнімін алу. Қазіргі таңда дәл осы шыбындардан агросекторға өте тиімді өнімдер дайындау жолға қойылған.
Мұндай әмбебап тыңайтқыштар жылыжай фермалары мен гүл сататын дүкендерде жоғары сұранысқа ие. Құрттарды әртүрлі үй жануарларына, одан бөлек, балық, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылар, сонымен қатар, құстар мен кеміргіштердің кейбір түрлеріне жем ретінде пайдалануға болады. «Қара сарбаз» шыбынының дернәсілімен қоректенген үй құстары жұмыртқаны 15-20 пайызға артығырақ табады және ауырмайды. Тіпті, енді ғана жұмыртқаны жарып шыққан балапан да бірінші күннен бастап осы құрттармен тамақтана алады. Ірі қара малдың азығына қара сарбаз шыбынының дернәсілін ұнтақтап араластырса, дертке шалдығуы азайып, сүт өнімділігі артады. Мұндай малдың еті де құнарлы болмақ. Өйткені құрттардың денесінде барлық аминқышқылдар, соның ішінде лизин және метионин сияқты биологиялық құнды заттар бар.
3
Достарыңызбен бөлісу: |