Зерттеу бөлімі
Елімізде халық тұтынатын азық -түлік қалдықтары мен ауыл шаруашылық жануарларын өсіретін фермалар мен құс фабрикасының қи-қалдықтары жыл сайын миллиондаға тоннаны құрайды. Одан бөлінетін көмір қышқыл газдары мен ағын сулардың ластануы экологиялық мәселелерді туғызуда.
Осы мәселені шешу мақсатында қазіргі уақытта ауыл шаруашылығының ең басты бағыттарының бірі – жәндіктерді пайдаланып, олардың личинкалары арқылы көңнің микрофлорасын өзгертіп, зиянды бактерияларды азайту және сонымен қоса арзан мал азығын өндіру болып отыр. Әзіргі таңда әлемнің көптеген дамыған елдерінде «қара сарбаз» шыбынын жаңа технологиялық процеске пайдалану қарқынды қолға алынған.
Қазақстанда «қара сарбаз» шыбынын H. illucens өсірудің техникасы мен процесі жеке кәсіпкерлердің күшімен енді дамып келеді және кең өндірісте іс жүзінде қолданылып жүрген жоқ. Көңді зоогумусқа айналдыру және құстарға қосымша ақуыздарға бай азық алу үшін бұл әдісті түсіну және пайдалану үшін осы зерттеу жұмысымды жүргіздім.
Зерттеу жұмыс барысында келесі әдістер қолдандым: жүйелік талдау, өлшеу, салыстыру және жалпылау. Бұл мәселе бойынша шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми әдебиеттерін зерттеп, жан-жақты талдау және жүйелі көзқарас қалыптастыруға тырыстым.
«Қара сарбаз» шыбыны және оның дернәсілі дегеніміз не?
Ғылыми атауы – Нermetia illucens, ал адамдар арасында «қара сарбаз» деп аталатын шыбын. Өсу кезеңі 4 кезеңнен тұрады: 1) жұмыртқа, 2) дернәсіл, 3) қуыршақ, 4) ересек шыбын. Шыбындардың ұзындығы 15-20 мм. Аналықтары аталықтарынан сәл үлкен. Денесі толығымен қара. Тек аяқтарының төменгі бөлігі ақ. Личинкалары ақ немесе сары түсті, басы сары-қоңыр. Дене ұзындығы 27 мм-ге дейін[1]. Ересек аналық бір мезгілде 200-ден 600-ғе дейін жұмыртқа салады . Жұмыртқаларын әдетте саңылауларға, көң немесе компост сияқты ыдырайтын заттарға жақын салады және шамамен 4 күнде шығады. Тек пайда болған дернәсілдердің ұзындығы шамамен 1 мм және кезеңнің соңында дернәсілдер ұзындығы 25 мм, салмағы 0,10-нан 0,22 граммға дейін жетеді. Дернәсілдер әртүрлі қоректік деңгейлері бар азыққа бейімделе отырып, әртүрлі органикалық заттармен қоректенуге қабілетті. Дернәсілдік кезең 18-ден 36 күнге дейін
4
созылады,көп жағдайда ол жейтін тағамға байланысты[4][11]. Қуыршақ кезеңі 1-2 аптаға созылады[12][13]. Ересек дәрнәсіл егер ылғал тамақпен қамтамасыз етілсе, салқын жерде 47-ден 73 күнге дейін өмір сүре алады, дәрнәсілдік кезеңде жиналған өзінің май қорында сумен қамтамасыз етілсе, қара сарбаз шыбыны жұмыртқа салу кезінде шамамен 8-10 және одан да көп күн өмір сүреді.
Олар өсімдік және жануар текті әртүрлі азық-түлік, органикалық заттарда, соның ішінде көкөністер мен жемістерде, компостта, көңде жақсы өседі.
Қара сарбаз шыбынының (Hermetia illucens, 1758 Linneus) дернәсілдері үшін малдың көңі негізгі қорек болып табылады. Дернәсілдер тамақ қалдықтарын табиғи кәдеге жаратуға үлес қосады, олар өсіп келе жатқанда көптеген ұсақ және ірі жануарларға құрама жем ретінде беруге болады. Бұл факт көңді жою мәселесін шешеді.
Мұндай тиімді технологияны ауыл шаруашылығында пайдалану бірнеше түйіткілді мәселенің түйінін шешпек. Біріншіден, полигондарға тоғытылып жатқан тұрмыстық қалдықтарды азайтса, екіншіден, химикаттармен ластанған аграрлық аймақтар мен ағын суларды табиғи қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Көң - табиғаттағы көптеген жәндіктердің, әсіресе, қара сарбаз шыбынының (Hermetia illucens) дернәсілдерінің негізгі қорегі болып табылады. Hermetia illucens дәрнәсілдері тамақ қалдықтарын табиғи кәдеге жаратуға үлес қосады және олар өсіп келе жатқанда көптеген ұсақ және ірі жануарларға, сондай-ақ құстар мен балықтарға жем болады.
Дернәсілдер көңнен және басқа қоректік заттардан қалған ақуыздарды биомассаға айналдырады, бұл жоғары сапалы мал азығы ақуызы болып табылады. Қытай, Ресей, АҚШ, Мексика, Шығыс Еуропа, Израиль, Австралия, Орталық және Оңтүстік Америка ғалымдары көңді өңдеудің әртүрлі әдістерін, сондай-ақ органикалық қалдықтарды биомассаға айналдыру арқылы қайта өңдеу әдістерін қолданады.
Негізгі назар жәндіктерді пайдалана отырып, жем өндіруге аударылды. Бұл мал азығында қоректік заттардың құрамын арттырады. Жәндіктердің дернәсілдері көңдегі қоректік заттардың құрамын 50-60% және одан да көп төмендетеді, оларды өзіне сіңіреді, ал көң құрғақ, ұсақталған затқа айналады, оны ұзақ қашықтыққа (көңге қарағанда) тасымалдау экономикалық жағынан тиімді.
5
Дернәсілдер көң микрофлорасын өзгертіп, зиянды бактериялардың санын азайтады. Ал дернәсілдердің өзі жануарларға арналған ақуызды азық қоспасы болып табылады.
Әдебиеттер мен өзіміздің деректерге сүйене отырып, мен зертханалық жұмыста қара сарбаз шыбынының (Hermetia illucens) дернәсілдерінің өсу кезеңіндегі ерекшеліктерін зерттеп, бұл жұмыста қара сарбаз шыбындарын жұмыртқадан ересек дернәсілдерге дейін өсіруі, биоконверсиялау эксперименттерін жүргіздім.
2022 жылдан бастап органикалық қалдықтарды H. illucens өсіру бойынша эксперименттер жүргізіліп органикалық қалдықтарды ақуызға және майға бай биомассаға айналдыру арқылы жоюдың тиімді әдісін іздеуде бастадым. Қара сарбаз шыбынының құрғақшылыққа, азық-түлік пен оттегінің жетіспеушілігіне төзімді екені анықталды.
Бұл шыбынның басты артықшылықтарының бірі - ересектер тамақтанбайды, ерекше күтімді қажет етпейді, олар ауруларға төзімді. Дернәсілдер үй жануарларына арналған жем және балық жемі ретінде қолдануға, ұзақ мерзімді сақтау үшін оңай кептіріліп, ұнтақталады.
Қара шыбынның биоконверсия процестері үшін кемшілігі ол жылы ортаны қажет етеді [2,6].
Қара сарбазды (Hermetia illucens) ірі малдың көңі, құс саңғырығы және тамақ қалдықтары сияқты субстраттарда өсірудің бірнеше әдістері әзірленді. Шыбын өсірудің оңтайлы жағдайлары, температура мен ылғалдылықтың сәйкес деңгейлері анықталды.
Температура 29ºC және 31ºC арасында сақталуы керек, бірақ кеңірек диапазондар қолдануға болады. Салыстырмалы ылғалдылық 50-70% аралығында болуы керек [6,16,19].
Бұл жұмыстың мақсаты оңтүстік аймақтарға өсіру техникасын одан әрі бейімдеу және оны өндіріске ұсыну үшін қара сарбаз H. illucens шыбынының ерекшелігі мен биоконверсиясының ерекшеліктерін талдау болды.
Достарыңызбен бөлісу: |