Түркістан облысы мәдениет басқармасы
Түлкібас ауданы
«Bright star» шығармашылық үйірмелер орталығы
|
«Бекітемін»
ИП «Айгерім»
«BRIGHT STAR»
шығармашылық үйірмелер
орталығының директоры:
Айгерім С.Б.______________
|
«Көркем еңбек» үйірмесінің бағдарламасы
Үйірме жетекшісі: Оскенбаев Т.М.
түлкібас – 2023 ж.
Түсінік хат
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 05 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары негізінде құрылды.
Мақсаты:
Қазіргі заманда бір ғана мамандықты игеріп қоймай тіршілік ыңғайына орай бірнеше мамандықты қоса игеру –өмір талабына айналуда.
Сондықтан үнемділік пен ұқыптылық, пайда, табыс, оны жүзеге асыру жөнінде білім беруді және еңбек сүйгіштікті мейрімді адам болуға тәрбиелеуді мақсат еттім. Ұлттық өнерге тән ерекшеліктермен, айналадағы ортамен, өмірі мен еңбекпен тығыз байланыстыру. Сәндік қолданбалы өнердің көркем өрнек салу түрлері мен танысу арқылы өзіне тән бейнелі түрлі тәсілдермен әсемдік әлемін ашады және бала сезіміне әсер етеді.
Міндеті:
Оқушыларда нарықтық, экономикалық, экологиялық білімдерді бойына сіңіру үшін жалпы еңбек іскерліктері мен дағдыларын дамыту;
Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өз бетімен жұмыс істеу ой өрісін дамыту;
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, ойлау әрекетін арттыру;
Оқушылардың өздері жасаған бұйымдарын жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білуге үйрету;
Жұмыс нәтижесін көрсету барысында көрме ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |