Түркістан облысы, Түркістан қаласы
«Алишер Науаи»атындағы №13 мектеп гимназиясы
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
«Еңбек ептілікті сүйеді”
Орындаған: Шырынханқызы Ақнұр
Түркістан 2024 ж
“Еңбек ептілікті сүйеді”
Мақсаты:Еңбек түрлері туралы білімдерін кеңейту, ұғымдар қалыптастыру. Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой өрісін дамыту. Студенттерді еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа, іскерлікке үнемді болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
1. Нақыл сөз: Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ.
Б.Момышұлы.
2. Мақалдар: «Шыдамды еңбек, ақыл-ой Анық досың біліп қой».
«Адам баласының ең жаманы — талапсыз».
3. Слайд: «Еңбек елдің көркі, ер елдің көркі»
4. Бейне баян: «Еңбек етсен ерінбей тояды қарнын тіленбей»
Тәрбие сағатының барысы:
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлемдесіп аламыз.
Топ жетекшісі:
Атасы он жасар баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
- Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
- Көремін. Өрмек тоқып жүр.
- Анау құмырсқаны көремісің?
- Көремін, аузында бір нанның уағы бар, жүгіріп кетіп барады.
- Жоғары қара аспаннан не көрдің?
- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар.
Сонда атасы былай депті:
Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған үлгі – өнеге: Өрмекші маса – шыбынға тұзақ құрып жүр, өзіне азық етуге. Құмырсқа нанның уағын өзі жемей уағын үйіне алып бара жатыр. Қарлығаш балапандарына ұя жасауға шөп жинап жүр. Сен де еңбек етуге әдеттен – деді.
Бұдан сендер нені ұқтыңдар?
- Еңбек етуді, уақытымызды босқа өткізбеуге, мейірімділікке.
- Иә жарайсыңдар еңбек туралы бүгінгі тәрбие сағатымыз «Еңбек түбі – береке» тақырыбында болмақ.
Топ жетекшісі: Студенттер, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Мен барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын. (оқушылар хормен)
Жақсы бала еңбекшіл
Таза бала мұнтаздай
Ер азамат болады.
Сүйсінеді қараған
Қиындықты жеңіп кіл
Ұқыпты деп бұл қандай
Құшағы гүлге толады.
Жақсы көрер бір адам. (2 рет қайталау)
Еңбекшіл досым – ай
Болайықшы осындай.
Топ жетекшісі: Енді бәріміз тақтаға назар аударайық. (Нақыл сөз ба әлде мақал – мәтел ма) «Еңбек түбі – зейнет», «Жақсы жұмыс – жанға тыныс», «Еңбексіз өмір – сөнген көмір», «Еленген еңбек өнімді»
1. «Еңбек түбі – зейнет». Еңбек әрбір адамды зейнетке жеткізеді. Еңбек етсең еш нәрседен кем болмайсың. Еңбек етсең барлық нәрсеге қол жеткізесің. Балалар сендердің еңбектерің сабақты жақсы оқып, әке – шешелеріңді қуанту. Жалқау, еріншек балалар үнемі 2, 3 бағаларын алып жатады. Өйткені олар еңбектеніп оқымайды.
2. «Жақсы жұмыс – жанға тыныс». Әрбір адам жұмысын бар ынтасымен тыңғылықты етіп жасаса, өзі де оған қасындағы жолдастары да риза болмақ.
3. «Еңбексіз өмір – сөнген көмір». Көмір отын екенін білесіңдер балалар. Ол жылыту үшін қажет. Ол жанбаса жылу болама? Әрине жоқ. Сол сияқты еңбек етпеген әрбір адам жылусыз сөнген көмір сияқты.
4. «Еленген еңбек өнімді». Еңбек еткен адамның еңбегі елеусіз қалған емес. Олардың аттары тарихта қалады. Мысалы, Қаныш Сәтбаев аталарың көп еңбектеніп аты елеулі. Көптеген спортшылар олар тынымсыз еңбегінің арқасында дүние жүзінде аттары әйгілі болмақ.
Топ жетекшісі:
Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Білім алуға, маман иесі болуға. Еңбек етсең, қарның тоқ болады, киімің болады.
Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?
Жалқау емес, сабақты 5 – ке оқитын.
Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
Сабақ оқумен, спортпен, мамаларымызға көмектесеміз.
Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?
Адал, еңбек сүйгіш, жалқау болмағанда, көп оқығанда, үлкенді тыңдағанда.
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіреді, шынықтырады. Ия, студенттер еңбек етсең, ерінбесең барлық мақсат – мұраттарға жетесіңдер.
Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырмас азап, деген екен Абай атамыз..
Топ жетекшісі: (Оқушылардан еңбек туралы мақал сұрау)
Нұрдос: Еңбек – бәрін жеңбек.
Данил: Еңбек етсең емерсің.
Оиша: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Адилет: Еңбек ер атандырады.
Дауран: Еңбек мұратқа жеткізер, Жалқаулық абыройды кеткізер.
Айбек: Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық.
Нұрдос: Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады.
Аружан: Ерінбесең, еңбегің өнеді.
Серикболсын: Еңбек етпеген ішіп – жемейді.
Диас Жанайдарұлы: Еңбек етпесең елге өкпелеме, Егін екпесең жерге өкпелеме.
Мурад: Ерінбеген етікші болады.
Ерден: Еңбек етте мақтан, Ойнап күл де шаттан.
Иә, оқушылар, айта берсек еңбек туралы мақал да, тиым сөздер де көп. Еңбек түбі – береке, Еңбек етіп жақсы оқитын балалар үнемі шаттанып бізді де, ата – анасында қуантып жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |