Түркология және әлемдік тілдер кафедрасы «Ғылым тарихы және философия пәНІ» ПӘні бойынша моөЖ /МӨЖ


Әлеуметтік-гуманитариялық ғылымдарының тілдік философиялық проблемалары



бет2/3
Дата29.11.2022
өлшемі22.09 Kb.
#465991
1   2   3
Тоқабаева Анель философия сөж 1

3. Әлеуметтік-гуманитариялық ғылымдарының тілдік философиялық проблемалары
Тілдің алғашқы негіздерін адамның пайда болуы процесімен байланыстыра қараған дұрыс екеніне көз жеткізуге болады. Ендеше тілдің қалыптасуы да адамның қалыптасуы тәрізді миллиондаған жылдарға созылған процесс. Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді.
Адамзат тілінің қазіргі күйінен алдындағы тілдің түрін «диффузды тіл» деп атайды. Бұл тілдің дыбыстық ажыратылмайтын кезеңін білдіреді. Бұл тілде сөздер мен дыбыстардан гөрі мағына білдіруде интонациялар және ымдаулар маңызды орын алған. Біздің қазір үй жануарлары немесе кішкене сәбилер тілді диффузды түрде «түсінеді». Жалпы тілдің ең бастау көздерін жануарлар әлемі мен инстинктілерден шықты деген қағидалар осыдан қалыптасты.
Адамның сөйлеу қабілетін білдіретін жалпы шығу тарихы өте көне заманға - адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығу заманына барып тірелсе, нақты бір тілдердің шығуы мен дамуы жалпы адамзат тілінің шығу, қалыптасу заманынан әлдеқайда бұрыңғы дәуірлерде болған. Сондықтан нақты жеке тілдердің, мысалы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің қалыптасу, даму кезеңдерін тарих, лингвистика ғылымдары тікелей зерттеп алатын болса, ал жалпы адамзат тілінің шығуын, адамдар о баста қалай сөйлеп үйренгенін айқындау үшін тек тарихи, лингвистикалық зерттеулер жеткіліксіз, өйткені тілдің шығу проблемасы жалпы адамның пайда болуы және адамзат коғамының пайда болуы сияқты күрделі проблемалармен іштей тығыз байланысты. Сол себепті тілдің о баста шығу проблемасы тарих пен лингвистика ғана емес, сондай-ақ философия мен психология, археология мен этнография, физиология мен антропология және басқа ғылымдар бірлесе зерттейтін, аса күрделі проблема болып табылады.
Философия тілді ең алдымен қоғамдық-тарихи прогрестің нәтижесінде пайда болған табиғи-әлеуметтік құбылыс деп қарастырады, өйткені қоғамнан тыс сөйлеу тілі жоқ, болған емес және болмайды да. Екінші жағынан алғанда, тіл жоқ жерде қоғамдасу да прогреске жету де жоқ.
Тілдің шығуы туралы көптеген көзқарастар, ой-пікірлер мен жорамал теориялар болды және олар қазірде де бар. Енді солардың кейбіреулерін осы магистрант жұмысымда қарастырып кетейін.
Ежелгі грек философиясынан бастау алатын “дыбысқа еліктеу” деп аталатын теория тілдің шығуын табиғатта болатын түрліше дыбыстарға еліктеудің нәтижесі деп түсіндіреді.
Әсіресе 18-19 ғасырларда кеңінен өріс алған бұл теорияны жақтаушылардың бірі неміс философы Лейбниц алғашқы адамдар жануарлар мен табиғат құбылыстарының дыбыстарын, мысалы, құстардың сайрауын, қасқырдың ұлуын, өзен суының сылдырын т.б. естіп, соларға еліктеуден әртүрлі дыбыстар шығарды дейді.
XIX ғасырда еңбек айқайы деп аталатын теория пайда болды. Оның өкілдері Людвиг Нуаре, Карл Бюхнер, болған. Бұл теорияда алғашқы адамдардың еңбек ету кезінде шығарған айқайларының негізінде тіл пайда болды деген, бұл айқайлар ең алдымен етістік сөздердің шығуына негіз болды деп пайымдады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет